"Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының ішкі саясат бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қосу жолымен коммуналдық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 19 наурыздағы № 58 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданды әкімдігінің 2024 жылғы 25 қаңтардағы № 19 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2 тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 8) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы әкімі орынбасарының 2023 жылғы 11 желтоқсандағы № 1.15-06/8439 хаты негізінде Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының ішкі саясат бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қосу жолымен коммуналдық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 19 наурыздағы № 58 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

      "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережедегі 18-тармақ мынадай мазмұндағы 23-1) тармақшамен толықтырылсын: "азаматтарды тілдік қағидат бойынша кемсітуге жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді".

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережеге енгізілген толықтыру туралы заңнамада белгіленген тәртіппен әділет органдарына хабардар етуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің міндетін атқарушы Д. Тасмағанбетов

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің
  2020 жылғы "19" наурыздағы
  № 58 қаулысымен бекітілді

"Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

      1."Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі - ішкі саясат саласындағы мемлекеттік саясатты және мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыруға уәкілетті Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы.

      2."Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ведомстволық бағынысты мекемелері бар:

      1) Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      2)Мағжан Жұмабаев ауданы әкiмдiгiнiң "Халық өнерпаздары шығармашылығын және бос уақытты ұйымдастыру қызмет орталығы"

      мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

      3)"Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      3. "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Перезиденті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4."Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдастырушылық – құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде атауы жазылған мөрі, мөртабаны және белгіленген нысанда бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес қазынашылық органдарда есеп-шоты бар.

      5."Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық – құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6."Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7."Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының ішкі саясат,

      мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзырына енетін мәселелер бойынша, заңнамада белгіленген тәртіппен басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8."Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамамаға сәйкес бекітіледі.

      9.Заңды тұлғаның мекен-жайы: пошта индексі 150800, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Мағжан Жұмабаев ауданы, Булаево қаласы, Юбилейная көшесі, 56.

      10.Мемлекеттік мекеменің толық атауы:

      мемлекеттік тілде: "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      орыс тілінде: коммунальное государственное учреждение "Отдел внутренней политики, культуры и развития языков района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области".

      11.Осы Ереже "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылдады.

      12.Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімдігі "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.

      "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тиісті саласының уәкілетті органы жоқ.

      13."Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      14."Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілермен аппараттың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер түсетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджет кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік орган қызметінің мәні мен мақсаты, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      15."Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметінің мәні мен мақсаты: аудан тұрғындарын ұлт алдындағы стратегиялық міндеттерді жалпы түсіністік негізінде біріктіруге, мемлекеттілікті нығайтуға және азаматтардың әлеуметтік оптимизмін қалыптастыруға, ауданның тарихи-мәдени мұрасын сақтауға, ауданда мәдениетті насихаттауға және дамытуға бағытталған ішкі саясат саласындағы мемлекеттік саясатты тиімді іске асыру; Қазақстан халқы бірлігінің факторы ретінде толерантты тілдік ортаны құру. Азаматтардың әлеуметтік оптимизмін қалыптастыру және мемлекетті нығайту. Мемлекетті, халық бірлігін нығайту, ұлттың тұрақты дамуы үшін қоғамның бірігуін, бірлік пен қауіпсіздік ақпаратын қамтамасыз ету, ауданның тұрақты дамуы мүддесінде жастардың бәсекеге қабілеттіліктерін арттыру үшін жағдай жасауды әрі-қарай нығайту.

      16. Тапсырмалар Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес анықталады:

      1) ауданда халықтың бірлігін, қоғамның топтасуын, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

      2) әлеуметтік-экономикалық, мәдени және қоғамдық-саяси саладағы мемлекеттік саясаттың басты бағыттарын іске асыру бойынша ауданның жергілікті атқарушы органдарының қызметін үйлестіру;

      3) "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзырына жататын сұрақтар бойынша Қазақстан Республикасы Президенті және Үкіметінің, облыс әкімінің, аудан әкімінің актілері мен тапсырмаларын орындауды қамтамасыз ету;

      4) Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясының негізгі басымды бағыттарын, Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды, өзге де стратегиялық құжаттарды түсіндіруді және насихаттауды қамтамасыз ету;

      5) аудан қоғамдастығының өкілдері және азаматтық қоғам институттарымен өзара әрекеттесу.

      6) "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңына сәйкес ауданның мәдениет желісін сақтау және дамыту;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәдени, бос уақытты ұйымдастыру қызметін көбейту;

      8) мемлекеттік тілдің әлеуметтік және коммуникативтік функцияларын кеңейту, Қазақстан халқының басқа тілдерін дамыту;

      17. Функциялары:

      1) Ішкі саясаттың негізгі бағыттары бойынша жергілікті атқарушы органдарының қызметін ақпараттық және идеологиялық қамтамасыз ету, оның ішінде білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру және халықты қорғау, жұмыспен қамту, ұлтаралық және конфессияаралық келісім, потриоттық тәрбие және жастар саясаты, тілдік, ақпараттық, мәдени және отбасылық-демографиялық салаларда мемлекеттік рәміздерді насихаттау;

      2) ауданда халықтың бірлігі, қоғамның топтасуы мен ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған тәжірибелік және өзге іс-шаралар кешенін жүзеге асыру;

      3) ауданда ірі қоғамдық-маңызды іс-шараларға ақпараттық қолдау;

      4) әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және басқа да жергілікті атқару органдарының қызметі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру, осы бағыттағы жұмыстарды жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау;

      5) ауданда Қазақстан халқына жыл сайынғы Президент жолдауын түсіндіру және басқа да стратегиялық құжаттар бойынша аудандық, облыстық және республикалық мағыналы ақпараттық топтар қызметін ұйымдастыру;

      6) саяси партиялармен, мемлекеттік емес ұйымдармен, этномәдени және діни бірлестіктермен, құқық қорғау, сондай-ақ басқа да қоғамдық ұйымдармен, кәсіподақтармен, БАҚ, ғылыми және шығармашылық бірлестік, қоғамдық жетекшілерімен өзара әрекеттестікті жүзеге асыру;

      7) "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзіретіне кіретін сұрақтар бойынша аудан әкімдігінің жанында қызмет ететін жұмыс тобы мен консультативті-кеңес беретін органдардың қызметін қамтамасыз ету;

      8) ауданда қоғамдық-саяси жағдайларды талдау, соның ішінде әлеуметтік зерттеулер өткізу, басқа ұйымдық және қоғамдық бірлестіктер, саяси партиялар қызметінің мониторингін ұйымдастыру;

      9) ауданда мемлекеттік ақпараттық саясатты тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз ету, соның ішінде мемлекеттік тапсырысты орындау, БАҚ қызметінде заңнаманың сақталуына қатысты мониторинг жүргізу, шетел БАҚ-рын есепке алу;

      10) "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзіретіне енетін мәселелер бойынша жоғары тұрған органдармен, маслихаттармен, облыс әкімінің аппаратымен, аудан әкімінің аппаратымен, Қазақстан халқының Ассамблеясының секреттариатарымен өзара әрекеттесу;

      11) Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен Үкіметінің қаулыларының, жоғары өкілетті және атқарушы органдарының, облыс, аудан әкімдіктерінің қаулылыры және шешімдері мен өкімдерінің орындалуын бақылау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру ("Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416- V заңының, өзге де нормативті құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес);

      12) мемлекеттік қызмет бойынша жұмыстар, тауарлар және қызметтердің ашық конкурстарын ұйымдастыру және өткізу (Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V "Мемлекеттік сатып алулар туралы" Заңына сәйкес);

      13) "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы, "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі заңдарына сәйкес мемлекеттік органдардың мәдениет, тілдерді дамыту салаларындағы мемлекеттік саясатты орындауын үйлестіру, Қазақстан Республикасы Президентінің, жоғары тұрған өкілетті және атқарушы органдардың, облыс аудан әкімінің актілері мен тапсырмаларын орындау;

      14) жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен шағымдарын қарастыру және тіркеу (Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 12 қаңтардағы "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібі туралы" Заңына сәйкес);

      15) Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік процедуралар туралы" Заңына сәйкес мәдениет және тілді дамыту саласында аумақты ағымдағы перспективті бағдарламаларды жүзеге асыру;

      16) кадрлық жұмысты жүргізу (Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің, Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы", және басқа құқықтық нормативті актілерінің талаптарына сәйкес);

      17) "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңына сәйкес мәдени –ағарту ұйымдары мен аудандық бағыныстағы ұйымдарды басқару;

      18) мәдениет мекемелеріне әдістемелік көмек көрсету, есептер дайындау;

      19) халық шығармашылығын дамыту бойынша шаралар қолдану, ұлттық салт-дәстүрлердің сақталуы мен дамуы бойынша жұмыс атқару, аудан аумағында тұратын ұлттардың мәдениетін сақтауға, дамытуға септігін тигізу;

      20) заңнамаға сәйкес тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау мен пайдалануды басқару және бақылауды жүзеге асыру;

      21) "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңына сәйкес іс- шаралар жоспарын әзірлеу және іске асыру, мекемелердің мәдени іс - шараларын ұйымдастыру, ведомоствалық бағынысты мекемелердің есептерін талдау, олар бойынша шешім қабылдау;

      22) қолданыстағы заңнамаға сәйкес жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіретін аймақтағы біріңғай мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

      23) аумақта Қазақстан Республикасының тілдер туралы заңнамасының орындалуына басшылық жасауды іске асыру;

      24) тіл туралы заңнаманы іске асыруда басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;

      25) мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының тілдерін дамытуға бағытталған іс-шараларды жүргізу;

      26) іс қағаздарын жүргізуді мемлекеттік тілде жүргізуге әдістемелік және практикалық көмек көрсету;

      27) Заңнамамен белгіленген жағдайлар мен тәртіптерде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамлар жасайды.

      28) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

      18. Құқықтары мен міндеттері

      1) бекітілген тәртіппен коммуналдық мемлекеттік органдардан, мекемелерден, ұйымдардан және лауазымды тұлғалардан керекті ақпараттарды сұрау және алу;

      2) аудан әкіміне ішкі саясат саласында жергілікті орындау органдарының қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;

      3) "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан жұмабаев ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің саласына жататын сұрақтар бойынша тапсырмалар шығару, орындалуын қадағалау, және де облыстық және аудандық атқарушы органдар өткізетін іс-шараларға қатысу;

      4) "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзіретіне енетін сұрақтар бойынша коммуналдық мемлекеттік органдармен лауазымды тұлғаларға консультативті-әдістемелік, ақпараттық, ұйымдастырушылық-техникалық және басқа көмек көрсету;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа өкілеттіктерді орындайды.

3. Коммуналдық мемлекеттік орган қызметін ұйымдастыру

      19. "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесін басқару "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне артылған міндеттерін жүзеге асыру және өз функцияларының орындалуына дербес жауапкершілік бөлім басшысымен жүзеге асырылады.

      20. "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      21. "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасымен анықталатын оның құзіретіне сәйкес мәселелерді өз бетімен шешеді және дара басшылық қағидасында қызмет етеді.

      22. "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін орындаған кезде "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан жұмабаев ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы белгіленген заңнамалық тәртіпте:

      1) "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді және "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген функциялар мен тапсырмаларды орындалуына дербес жауапкершілікті тартады.

      2) өз құзреті шегінде бөлім қызметкерлерінің орындауына міндетті бұйрықтарды шығарады;

      3) "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін Қазақстан Республикасының зыңнамасына сәйкес жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады, оларға заңмен белгіленген тәртіптік жазалар мен көтермелеу шараларын қолданады;

      4) "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атынан сенім хатсыз қызметтерді орындайды, "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атынан "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүддесінде айқын қызметтерді анықтау өкілеттіктерімен аппараттың басқа жұмысшыларын үйлестіреді;

      5) бағынушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша шаралар қолданады, олардың орындалмағаны үшін олар жеке жауапкершілікте болады;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамаларының талаптарын сақтауды қамтамасыз етеді;

      7) әйелдер мен ерлердің тең мүмкіндіктері мен тең құқықтарының мемлекеттік кепілдіктері туралы заңнаманы сақтауды қамтамасыз етеді;

      8) "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені аудан әкімінің аппаратына бекітуге енгізеді, қаржыландыру жоспарының үнемделуі шегінде, мемлекеттік қызметшілерге үстем ақы, материалдық көтермелеу белгілейді.

      9) "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретінде қызметтік құжаттамаға қол қояды;

      10) "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі шығындарының сметасын бекітеді, бюджетпен қарастырылған қаржыларын басқарады;

      11) "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін іссапарға жолдайды, жеке құрамы бойынша бұйрықтарды шығарады;

      12) мемлекеттік қызметкерлердің кадрлардың біліктілігін жоғарылату және қайта даярлау, оқуды және дайындықты қамтамасыз етеді.

      "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы жоқ болған уақытта, оның өкілетін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес міндеттерін атқаратын тұлға орындайды.

      23. "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметкерлерінің функционалдық міндеттері мен өкілеттілік аясы қолданыстағы заңнамаға сәйкес анықтайды.

4. Мемлекеттiк органның мүлкi

      24. "Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн. "Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.

      25. "Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне бекiтiлген мүлiк аудандық коммуналдық меншiкке жатады.

      26. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, "Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзге тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Коммуналдық мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      27. "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      28. "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкін бөлу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

6. Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесіне өзгерістер мен толықтырулар еңгізу

      29. "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесіне өзгерістер мен толықтырулар еңгізу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

7. Коммуналдық мемлекеттік мекеме жұмысының тәртібі мен қарым-қатынасы

      30. "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен құрылтайшысы, мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган арасындағы қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес анықталады және реттеледі.

      31. "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен оның еңбек ұжымы арасындағы қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес анықталады.

      32. "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының ішкі саясат бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекеменің жұмыс регламентімен белгіленген және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптарына қарсы болмауы тиіс.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады