Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы қалалық мәслихатының 2024 жылғы 19 ақпандағы № 20/2 шешімі

      Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 365-бабы 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Солтүстік Қазақстан Мамлют ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданы мәслихатының төрағасы
Ж. Кәрімова

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Мамлют ауданы мәслихатының
  2024 жылғы 19 ақпандағы
  № 20/2 шешіміне
  1-қосымша

Мамлют ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары

Реттік сан

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объентілер

Есептік бірлік

Коммуналдық қалдықтардың жиналған жылдық шамасы, м3

1

Жайлы және жайлы емес үйлер

1 тұрғын

2,20

2

Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар

1 орын

1,23

3

Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері

1 орын

1,05

4

Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер

1 орын

0,76

5

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

1,67

6

Емханалар, медициналық орталықтар

1 келіп кету

-

7

Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері

1 төсек-орын

1,18

8

Мектептер және өзге де оқу орындары

1 оқушы

0,30

9

Мейрамханалар, дәмханалар, басқада көніл көтеретін ғимараттар және қоғамдық тамақтану мекемелері

1 отыратын орын

1,12

10

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханала, ойын автоматтарының залы, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар

1 отыратын орын

-

11

Мұражайлар, көрмелер

Жалпы алаңы 1м2

-

12

Стадиондар, спорт алаңдары

Жоба бойынша 1 орын

0,02

13

Спорт, би және ойын залдары

Жалпы алаңы 1 м2

-

14

Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер

Сауда алаңы 1 м2

0,35

15

Машиналардан сату

Сауда орнының 1 м2

0,51

16

Базарлар,сауда павильондары, дүңгіршіктер, сөрелер

Сауда алаңы 1м2

0,51

17

Өнеркәсіптік, азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары

Жалпы алаңы 1 м2

-

18

Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету

Жалпы алаңы 1 м2

-

19

Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар

Жалпы алаңы 1 м2

-

20

Жағажайлар, жолдардан көше сметалары

Жалпы алаңы 1 м2

0,78

21

Дәріханалар

Сауда алаңы 1 м2

0,18

22

Автотұрақтар,автомобильді жуу орындары, АЖС

1 машина-орын

4,08

23

Автомобиль шеберханалары

1 жұмысшы

-

24

Гараж кооперативтері, гараждар, паркингтер

1 гаражға

-

25

Шаштараз, косметикалық салондар

1 жұмыс орын

2,24

26

Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі

Жалпы алаңы 1 м2

0,37

27

Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары

Жалпы алаңы 1 м2

-

28

Кішігірім жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар.)

1 жұмыс орны

-

29

Моншалар, сауналар

Жалпы алаңы 1 м2

-

30

Қала аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды, саябақ қалдықтары

1000 қатысушы

-

31

Бау-бақша кооперативтері

1 учаске

-

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Мамлют ауданы мәслихатының
  2024 жылғы 19 ақпандағы
  № 20/2 шешіміне
  2-қосымша

Мамлют ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер

Атауы

Жинау және тасымалдау

Сұрыптау

Көму

Барлығы

Құны (қосылған құн салығынсыз теңге)

Айына бір адамға

199,11

25,39

90,57

315,07


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады