Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, халық үшін қатты тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 2024 жылғы 15 наурыздағы № 14/4 шешімі

      Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабының 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 377 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24382 болып тіркелген), "Тимирязев ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 9 ақпандағы № 25 қаулысымен сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың төрағасы А. Асанова

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Тимирязев аудандық мәслихатының
  2024 жылғы 15 наурыздағы
  № 14/4 шешіміне 1-қосымша

Тимирязев ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары

Реттік сан

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер

Есептік бірлік

Коммуналдық қалдықтардың жиналған жылдық шамасы, м3

1

Абаттандырылған және абаттандырылмаған үй иелері

1 тұрғын

2,20

2

Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқты объектілер

1 орын

1,23

3

Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері

1 орын

1,05

4

Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер

1 орын

0,76

5

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

1,67

6

Ауруханалар, өзге де емдеу-алдын алу мекемелері

1 төсек-орын

1,18

7

Мектептер және өзге де оқу орындары

1 оқушы

0,30

8

Мейрамханалар, кафелер, басқа да ойын-сауық орындары мен қоғамдық тамақтану мекемелері

1 отыратын орын

1,12

9

Стадиондар, спорт алаңдары

Жоба бойынша
1 орын

0,02

10

Азық-түлік және өнеркәсіптік дүкендер, аралас дүкендер

Сауда алаңы 1 м2

0,35

11

Машиналардан сату

Сауда орнының 1 м2

0,51

12

Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршіктер, сөрелер

Сауда алаңы 1 м2

0,51

13

Автовокзалдар

Жалпы алаңы 1 м2

0,54

14

Жолдардан көше сметалары

Жалпы алаңы 1 м2

0,78

15

Дәріханалар

Сауда алаңы 1 м2

0,18

16

Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС

1 машина-орын

4,08

17

Автомобиль шеберханалары

1 жұмысшы

1,3

18

Шаштараз, косметикалық салондар

1 жұмыс орын

2,24

19

Тігін ательесі

Жалпы алаңы 1 м2

0,37

20

Моншалар

Жалпы алаңы 1 м2

0,18

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Тимирязев аудандық мәслихатының
  2024 жылғы 15 наурыздағы
  № 14/4 шешіміне 2-қосымша

Тимирязев ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер

Атауы

Жинау және тасымалдау

Сұрыптау

Көму

Барлығы

Құны (қосылған құн салығынсыз)

Көппәтерлі үйдегі
бір адамға

205,87

25,79

73,69

315,35

Жеке үй

267,52

25,79

73,69

367,15

Заңды тұлғалар

1677,14

25,79

73,69

1776,62


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады