Атырау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 18 шілдедегі № 132 "Атырау облысы Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Атырау облысы әкімдігінің 2024 жылғы 2 сәуірдегі № 76 қаулысы

      Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Атырау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 18 шілдедегі № 132 "Атырау облысы Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына келесі өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Атырау облысы Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы" (бұдан әрі-Басқарма) мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:

      14-тармақ келесі мазмұндағы 11-1), 22-1), 22-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "11-1) тендерлік комиссияны құрады және оның құрамы мен жұмыс регламентін бекітеді;

      22-1) мемлекеттік сатып алу туралы шарттарының орындалуына мониторинг жүргізу;

      22-2) облыстық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және олардың ведомстволық бағынысты құрылымдық бөлімшелеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша консультациялық және ұйымдастыру көмегін көрсету;";

      Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың тізбесі келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:

      1. "Атырау Innovations" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі".".

      2. "Атырау облысы Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын барлық шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы ол алғашқы жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі С. Шәпкенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады