Жергілікті ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Жаңа

Атырау облысы Атырау қаласы әкімінің 2024 жылғы 5 сәуірдегі № 16 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 1-тармағы 13)-тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 3-тармағы 2)-тармақшасына және 48-бабына, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдай министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32469 болып тіркелген), Атырау қалалық әкімдігі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысының 2024 жылғы 5 сәуірдегі № 6 хаттамасы негізінде және "Жайық" өзеніне келген судың деңгейінің жоғары болуына байланысты, Атырау облысы әкімі С.Шапкеновтың төрағалығымен өткен мәжіліс отырысының 2024 жылғы 25 наурыздағы № 31/72 хаттамасында берілген тапсырмаға сәйкес, "Атырау Жарық" АҚ-ның 2024 жылғы 27 наурыздағы № 11-2016, "Атырау облысы Су Арнасы" КМК-нің 2024 жылғы 28 наурыздағы №03/1595 басшыларының хаттары және Атырау қаласы әкімінің 2024 жылғы 29 наурыздағы № 113-ө өкімімен құрылған жұмысшы тобының "Қала аумағындағы кәріз жүйесімен, электр желісімен қамтамасыз ететін ғимараттардағы авариялық жұмыстардың зерделеу туралы" 2024 жылғы 2 сәуірдегі актісі негізінде, Атырау қаласы және қала маңындағы елді мекен тұрғындарын үздіксіз кәріз суымен, электр желісімен қамтамасыз ету мақсатында, Атырау қаласының әкімі ШЕШТІ:

      1. "Жайық" өзеніне келген судың деңгейінің жоғары болуына байланысты және Атырау қаласы және қала маңындағы елді мекен тұрғындарын үздіксіз кәріз суымен, электр желісімен қамтамасыз ету мақсатында, жергілікті ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Атырау қаласының әкімінің жетекшілік ететін орынбасары табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып тағайындалсын және оған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қала әкімі Ш. Кейкин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады