Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 365-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес", Мақат аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Мақат ауданының 2024-2028 жылдарға арналған коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламасы бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы | А. Шаңғалаев |
МАҚАТ АУДАНЫНЫҢ 2024-2028 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН КОММУНАЛДЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДЫ БАСҚАРУ ЖӨНІНДЕГІ БАҒДАРЛАМАСЫ МАЗМҰНЫ
ТЕРМИНДЕР ЖӘНЕ АНЫҚТАМАЛАР 4
БАҒДАРЛАМА ПАСПОРТЫ 6
КІРІСПЕ 7
1. МАҚАТ АУДАНЫНДАҒЫ КОММУНАЛДЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДЫ БАСҚАРУДЫҢ АҒЫМДЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ 8
1.1 Коммуналдық қалдықтарды басқару жүйесінің жалпы сипаттамасы 8
1.2 Коммуналдық қалдықтарды басқарудың қолданыстағы жүйесін бағалау (сипаттау) 10
1.3 Коммуналдық қалдықтарды басқару саласын дамыту бойынша іс-шаралар 11
1.4 Коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы күшті және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен қатерлерін талдау 12
2. МАҚСАТЫ, МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ МАҚСАТТЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ 13
2.1 Бағдарламаның мақсаты және міндеттері 13
3. ҚОЙЫЛҒАН МАҚСАТ ПЕН МІНДЕТТЕРГЕ ЖЕТУ ЖОЛДАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ 14
3.1. Коммуналдық қалдықтарды басқарудың қолданыстағы жүйесін экологиялық заңнама талаптарына сәйкестендіру 14
3.2. Қалдықтарды бөлек жинауды ендіру және контейнерлік алаңдарды санитарлық нормаларға келтіру 15
3.3 Коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату жүйесін дамыту 18
3.4 Мақат ауданындағы ТҚҚ полигонды жаңғырту 20
3.5. Тұрғындардың, мемлекеттік мекемелердің және басқа да заңды тұлғалардың хабардарлығын жоғарылату 22
4. ҚАЖЕТТІ РЕСУРСТАР 23
5. БАҒДАРЛАМАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МОНИТОРИНГІ ................................... 24
6. БАҒДАРЛАМАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БОЙЫНША ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ 25
ТЕРМИНДЕР ЖӘНЕ АНЫҚТАМАЛАР
Биоыдырайтын қалдықтар - анаэробты немесе аэробты ыдырауға қабілетті қалдықтар, соның ішінде бау-бақша және саябақ қалдықтары, сондай-ақ тамақ өнеркәсібінің қалдықтарымен салыстырылатын тамақ қалдықтары, макулатура.
Қалдықтарды көму – қалдықтарды алу ниетінсіз, шектеусіз мерзім аралығында қауіпсіз сақтау үшін арнайы бекітілген орындарда жинау.
Коммуналдық қалдықтар – тұтыну қалдықтары, құрамына кіретіндер:
1) аралас қалдықтар және қағаз және картон, шыны, металл, пластмасса, органикалық қалдықтар, ағаш, тоқыма, қораптар, пайдаланылған электрлік және электрондық жабдықтар, батареялар мен аккумляторлар секілді үй шаруашылығында бөлек жиналған қалдықтар;
2) аралас қалдықтар және өзінің сипаты мен құрамы бойынша үй шаруашылығындағы қалдықтарға ұқсас болып келетін басқа көздерден бөлек жиналған қалдықтар.
Ірі көлемді қалдықтар – шаруашылық әрекет барысында (тұрмыстық техника, жиһаз және басқалары) өзінің тұтынушылық қасиетін жойған және өзінің көлемі бойынша тек мамандандырылған көлік құралдарымен ғана тасымалдау мүмкіндігі бар тұтыну қалдықтары.
Тұтыну қалдықтары – адамның тіршілігі барысында түзілген қалдықтар, толық немесе ішінара өзінің тұтынушылық қасиетін жойған өнімдер және (немесе) бұйымдар, олардың қораптары және басқа заттар немесе олардың қалдықтары, агрегатты күйіне қарамастан, пайдалану мерзімі немесе жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, сонымен қатар, меншік иесі өз бетінше немесе құжат арқылы тұтыну қалдығы разрядына өткен қалдықтар.
Электрондық және электрлік жабдық қалдықтары – Жарамсыз немесе қолданыстан шыққан, қалдық қатарына жатқызылатын электрондық және электрлік жабдықтар, сонымен қатар, оның тораптары, бөліктері, бөлшектері.
Тамақ қалдықтары - тамақ өнімдерін өндіру және тұтыну нәтижесінде пайда болатын, тамақ өнеркәсібінде түзілетін қалдықтармен салыстырылатын қалдықтар.
Қалдықтарды көму полигондары -. қалдықтарды алу ниетінсіз, арнайы жабдықталған, экологиялық, құрылыс және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келетін орынға тұрақты орналастыру.
Қалдықтарды бөлек жинау - ары қарай мамандандырылған басқаруды жеңілдету мақсатында түрлері немесе топтары бойынша бөлек жиналған қалдықтар. .
Қалдықтарды жинау – жеке және заңды тұлғалардан мамандандырылған ұйымдарға ары қарай қайта қалпына келтіруге немесе жоюға бағыттау мақсатында қалдықтарды қабылдауды ұйымдастыру бойынша іс-әрекеттер.
Құрылыс қалдықтары - ғимараттарды, құрылыстарды, өнеркәсіптік нысандарды, жолдарды, инженерлік және басқа коммунакциялардың құрылысы немесе оларды бұзу, сұрыптау, қайта жабдықтау, жөндеу (соның ішінде капиталдық) барысында түзілетін қалдықтар.
Тұрмыстық қатты қалдықтар - қатты күйдегі коммуналдық қалдықтар.
Қалдықтарды тасымалдау – жинау, сұрыптау, қайта өңдеу, қалпына келтіру және (немесе) жою барысында түзілген, жинақталған қалдықтарды мамандандырылған көлік құралдары көмегі арқылы тасымалдаумен байланысты іс-әрекеттер.
Қалдықтар жою – термиялық, химиялық немесе биологиялық үдерістер нәтижесінде көлемі маңызды түрде төмендейтін және (немесе) қалдықтардың физикалық жай-күйі мен химиялық құрамы өзгеретін, бірақ өнім өндіру немесе энергия алу мақсатында қолданылмайтын қалдықтарды жою тәсілі.
Қалдықтарды басқару - қалдықтар түзілгеннен бастап, соңғы жойғанға дейінгі жүзеге асырылатын опеарциялар.
Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинаудың орталықтандырылған жүйесі – меншік нысаны және іс-әрекет түріне қарамастан, тұрғын үйлерде және (немесе) жеке тұрған ғимараттарда (құрылыстарда) тұратын немесе өзінің іс-әрекетін жүзеге асыратын, сонымен қатар, меншік иелігінде контейнерлік алаңдары мен контейнерлері жоқ, немесе жалпы пайдаланылатын жерде тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және тасымалдау қызметін жүзеге асыру үшін контейнерлік алаңдары мен контейнерлері бар жеке және заңды тұлғаларды қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атқарушы органмен ұйымдастырылатын жүйе.
БАҒДАРЛАМА ПАСПОРТЫ
КІРІСПЕ
Мақат ауданы Атырау облысының шығысының шеткі аймағында орналасқан, Жылыой, Қызылқоға аудандарымен шектеседі және Атырау қаласына іргелес жатқан аудан. Атырау қаласынан Мақат ауданының орталығы Мақат кентіне дейін 130 км. Мақат ауданының құрамына 2 кент (Мақат және Доссор) және бір ауылдық округ (Бәйгетөбе) кіреді.
Мақат ауданының тұрғындарының саны 2023 жылдың 1 қаңтарындағы мәліметтер бойынша 29 635 адам.
Қазақстан Республикасында қалдықтарды басқару мәселелері өте өткір мәселелердің қатарына жатады. "Жасыл экономикаға" өту тұжырымдамасының шеңберіндегі басты бағыттардың бірі қалдықтарды басқару жүйесін қалыптастыру және жетілдіру боылп табылады. Тұжырымдаманың коммуналдық қалдықтарды басқару бөлігіндегі тиімділікті көрсететін мақсаттық индикаторлары – экологиялық және санитарлық талаптарға жауап беретін полигондармен тұрғындарды 100% қамту және 2030 жылға дейін қайта өңделген қалдықтардың үлесін 40% жеткізу қарастырылған. 2025 жылға дейін "Жасыл Қазақстан" атты ұлттық жоба да бекітілген. Ұлттық жобада келесі көрсеткіштер бекітілген: 2025 жылға дейін бөлек жинау мен қамту 80%, 2025 дейін қалдықтардың түзілу көлемінен ТҚҚ қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесі - 34% арттыру қажет.
2021 жылдан 2025 жылдар аралығында Мақат ауданының даму бағдарламасына сәйкес негізгі мақсаттарының бірі өңірдегі экологиялық жағдайды жақсарту болып табылады. Осы бағдарлама шеңберінде тұрмыстық қатты қалдықтарды (ТҚҚ) қайта өңдеу және кәдеге жарату бойынша нақты көрсеткіштер, яғни 2025 жылға дейін 33% жеткізу көзделген. Көрсетілген кезеңде экологиялық талаптарға полигондарды сәйкестендеу бойынша іс-шаралар алдын-ала қарастырылған.
Коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі осы бағдарлама (ары қарай бағдарлама) ұлттық стратегиялық, бағдарламалық құжаттардағы бағыттарды, Мақат ауданының 2011-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасын, сонымен қатар ауданның қазіргі жағдайын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің талаптарын орындау, коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мақсатында әзірленген.
Бағдарламаны әзірлеуде Мақат ауданының коммуналдық қалдықтарын басқарудың ағымдық жағдайын талдау арқылы мәселелер айқындалып, экологиялық заңнама талаптарына сәйкес коммуналдық қалдықтарды басқару жүйесін жаңғыртуға бағытталған шаралар кешені әзірленді.
1.МАҚАТ АУДАНЫНДАҒЫ КОММУНАЛДЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДЫ БАСҚАРУДЫҢ АҒЫМДЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
1.1 Коммуналдық қалдықтарды басқару жүйесінің жалпы сипаттамасы
Мақат ауданында тұрмыстық қатты қалдықтардың (ТҚҚ) түзілу көлемі орташа есеппен жылына 9000 тн құрайды.
1-суретте Мақат ауданының соңғы үш жылындағы түзілген ТҚҚ көлемі туралы ақпараттар берілген.
РИС
1-сурет. Мақат ауданындағы 2020-2022 жж түзілген ТҚҚ көлемі
Мақат ауданында қалдықтарды бөлек жинау және қалдықтарды сұрыптау қуаттылығының болмауына байланысты, барлық коммуналдық қалдықтар көмуге жіберіледі.
Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
Мақат ауданында қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары бекітілмеген.
ТҚҚ морфологиясы
Мақат ауданының ТҚҚ морфологиялық құрамына зерттеулер жүргізілмеген.
Қазақстанның ауылдық жерлерінде ТҚҚ құрамын жүйелік түрде зерттеулер жүргізілмейді. Ірі қалаларға арналған ғылыми ұйымдар мен қауымдастықтар жүргізген әртүрлі зерттеулер мен талдаулар ғана бар.
Осындай зерттеулерге сәйкес, көптеген қалаларда коммуналдық қалдықтардың құрамындағы негізгі фракциялар болып мыналар табылады: биоыдырайтындар - 37-38% (тамақ) қалдықтары, 16-17% пластик қалдықтары, 11-12% қағаз және картон қалдықтары және т.б.
Ауылдық аудандардағы қалдықтардың морфологиялық құрамы қалалық жерлерден ерекшеленеді.
Ауылдық тұрғындардың тіршілігі барысында қалдықтардың әртүрлі түрлері түзіледі (пластик, қалайы ыдыстар, қағаз, картон, шыны, тамақ қалдықтары және т.б.). Дегенмен, олардың көлемі мен құрамы өзгерістерге ұшыраған. Мысалы, орталық газбен жылыту іске қосылған ауылдық жерлерде барлық қалдықтар қолданыстағы полигондарға жіберіледі. Қатты отын пайдаланылатын ауылды жерлерде қалдықтардың бірқатар түрлерін тұрғындардың өздері кәдеге жаратады (тұрмыстық пештерде жағылады, жануарларға жем-қор ретінде беріледі). Үй жағдайында кәдеге жаратылмайтын қалдықтар (қалайы ыдыс, шыны) ғана полигондарға шығарылады. Бұл факторлар ауылдық жерлерде қалдықтардың түзілу көлемі мен құрамына ықпал етеді.
ТҚҚ қайта өңдеу салаларын тиімді дамыту және ТҚҚ құрамына жүйелік талдау жүргізу үшін ауылдық тұрғылықты жерлерде ТҚҚ құрамына зерттеулер жүргізу қажет.
ТҚҚ жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму тарифтері
Мақат ауданында ТҚҚ жинаудың, тасымалдаудың, сұрыптаудың және көмудің бекітілген тарифтері жоқ. ТҚҚ жинау және тасымалдау бойынша өңір тұрғындары алдыңғы тарифпен, яғни 2023 жылдың 5 мамырында күші жойылған аудан мәслихатының шешімімен шамамен 120 теңге төлейді.
Аудан тұрғындарының жалпы санынан тек тұрғындардың 15% ТҚҚ жинау және шығару тарифтерін төлейді.
2024-2028 жж арналған коммуналдық қалдықтардың түзілу көлемін болжау
2-кестеде соңғы үш жылдағы ТҚҚ нақты түзілу мәліметтері және Мақат ауданының 2028 жылға дейінгі жоспарланған қалдық саны келтірілген.
Мақат ауданының ТКШ мәліметтеріне сәйкес, соңғы жылдарда ТҚҚ өсу көлемі 27% құрайды. ЭТРМ ақпараты бойынша Қазақстан Республикасындағы коммуналдық қалдықтардың жыл сайынғы өсімі 5%.
1-кесте – 2028 жылға дейінгі Мақат ауданының коммуналдық қалдықтарының түзілуін болжау
атауы | Түзілген қалдықтардың нақты саны | ТҚҚ жоспарланған түзілу саны | |||||
жылдар | 2020 | 2021 | 2022 | 2023 | 2024 | 2026 | 2028 |
ТҚҚ түзілуі, тоннамен | 6 808 | 7 440 | 10 157 | 10 665 | 11 198 | 12 345 | 13 610 |
2-кестеде ТҚҚ жоспарланған түзілу көлемі ҚР ЭТРМ мәліметтері бойынша келтірілген. Есептеулер 2023 және 2024ж қалдық санын 5%-дық арттырумен келтірілген. Ал ары қарай арттыру екі жыл 5%.
2-сурет. 2028 жылға дейін ТҚҚ түзілу көлемін болжау
Мақат ауданының даму бағдарламасында бекітілген мақсаттық көрсеткіштерге жету үшін, ТҚҚ қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесін арттыру бойынша экологиялық заңнама талаптарына сәйкес коммуналдық қалдықтарды басқарудың қолданыстағы жүйесін жақсарту керек. Бұл қалдықтарды бөлек жинауды, сұрыптау желілерінның құрылысы мен іске қосылуын, полигондарды жаңғыртуды және басқа да іс-шараларды қамтиды.
1.2 Коммуналдық қалдықтарды басқарудың қолданыстағы жүйесін бағалау (сипаттау)
ТҚҚ жинау және шығарумен қамту
Мақат ауданында ТҚҚ жинау және шығарумен санитарлық-тазалау жұмыстары шеңберінде "Тазалық-көгал" ЖШС айналысады. Жинау және шығарумен Мақат ауданы тұрғындары 100% қамтылған.
Мақат ауданында 71 контейнерлік алаңдар және 1066 контейнер бар. Жинау металдық контейнерлермен жүзеге асырылады.
Қалдықтарды бөлек жинау
Мақат ауданында қалдықтарды бөлек жинау жәәне қайталама ресурстарды қабылдайтын пункттер жоқ.
Қалдықтардың қауіпті түрлерін (ҚСБ, ЭҚ, медициналық) бөлек жинау
Мақат ауданында жеке тұлғаларда түзілетін құрамында сынабы бар шамдар (ҚСБҚ), электрлік және электрондық жабдықт қалдықтары (ЭЭЖҚ), медициналық қалдықтар секілді қауіпті құрамдас коммуналдық қалдықтарды жинау жүйесі жоқ. Қауіпті қалдықтардың барлық түрлері жалпы ағынмен қосыла, қоршаған ортаға зиян келтіретін үйінділерге келіп түседі.
Тасымалдау
Мақат ауданында коммуналдық қалдықтарды тасымалдаумен санитарлық -тазалау жұмыстарының келісім-шарты негізінде "Тазалық Көгал" ЖШС айналысады. Коммуналдық қалдықтарды шығару жексенбі күннен басқа, күн сайын жүзеге асырылады. Мақат кентінде коммуналдық қалдықтарды тасымалдау үшін 2 қоқыс таситын көлік, 1 трактор бар. Ал Доссорда – 2 қоқыс таситын көлік және 1 трактор, ал Бәйгетөбеде 1 қоқыс таситын көлік бар.
ҚР ЭК сәйкес (337 бап), қалдықтарды жинау, сұрыптау және тасымалдау, қауіпсіз қалдықтарды қалпына келтіру және жою бойынша кәсіпкерлік іс-әрекеттерді жүзеге асыратын немесе жоспарлайтын кәсіпкерлік субъектілері өз іс-әрекетінің (қызметінің) басталғандығы туралы ҚР ЭТРМ хабарлама жібереді. Қауіпсіз қалдықтарды жинау, сұрыптау және тасымалдау бойынша кәсіпкерлік субъектілерінің іс-әрекет түрі басталғандығы туралы хабарлама тізімінде Мақат ауданы бойынша "Тазалық Көгал" ЖШС жоқ.
ЭТРМ тізіліміне Мақат ауданы бойынша қауіпсіз қалдықтарды жинаумен, сұрыптаумен және тасымалдаумен айналысатын мына компаниялар қосылған: "Bostan Birlestik" ДК, "Искакова А.Ш." ДК, "Эко-ТехниксАктобе" ЖШС, "ZapKazService" ЖШС, "Дос-Кер Сервис" ЖШС.
Сұрыптау және қайта өңдеу
Мақат ауданында қоқыс сұрыптайтын желілер жоқ. Тұрғындардағы барлық коммуналдық қалдықтар бөлек жинаусыз және сұрыптаусыз Мақат ауданындағы ТҚҚ полигонына көміледі.
2025 жылға дейін Мақат ауданындағы полигон аумағына қоқыс сұрыптайтын желі құрылысы жоспарлануда, қуаттылығы 3500 тонна. Қазіргі уақытта ангар құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Көму
Бүгінде коммуналдық қалдықтардың барлығы Мақат ауданындағы ТҚҚ полигонында көміледі. Полигон қуаттылығы 36450 тонна.
Аудандағы полигон санын қысқарту мақсатында Доссор кентіндегі және Бәйгетөбе ауылдық округындағы полигондар жабылған.
Атырау облысы және Мақат ауданының даму жоспарына сәйкес Мақат ауданында ТҚҚ полигонын жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізілуде.
1.3 Коммуналдық қалдықтарды басқару саласын дамыту бойынша іс-шаралар
2-кесте. Мақат ауданында 2020-2023 жж арналған қалдықтарды басқару шараларына шығындар
атауы | Нақты шығындар, теңге | |||
2020 | 2021 | 2022 | 2023 | |
Ангар құрылысына шығындар | - | - | 29 008 000 | 24 808 000 |
Мамандандырылған техникалар, қоқыс шығаратын көліктер, тракторлар сатып алу шығындары | - | - | - | 249 617 000 |
Санитарлық нормаларға контейнерлік алаңдарды сәйкестендіру жобалары | 3 000 000 | |||
БАРЛЫҒЫ | - | - | 29 008 000 | 252 617 000 |
1.4 Коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы күшті және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен қатерлерін талдау
Коммуналдық қалдықтарды басқаруға жүргізілген талдау барысында Мақат ауданында тұрғындардан коммуналдық қалдықтарды жинау және шығару 100% ұйымдастырылғандығы анықталды. Қажетті қоқыс шығаратын көлік, контейнерлер секілді инфрақұрылым бар, контейнерлік алаңдар ұйымдастырылған. Бірақ, ТҚҚ бөлек жинау жүйесі жоқ, сұрыптау желісі ендірілмеген, ТҚҚ түзілу нормалары және жинау, тасымалдау, сұрыптау және қайта өңдеу тарифтері бекітілмеген.
Бағдарлама шеңберінде экологиялық заңнама талаптарына коммуналдық қалдықтарды басқарудың қолданыстағы жүйесін сәйкестендіру қажет және Мақат ауданында коммуналдық қалдықтарды жинау, сұрыптау, тасымалдау және көму бойынша инфрақұрылымды жаңғырту керек.
3-кесте. Коммуналдық қалдықтарды басқару саласының күшті және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлерін талдау
2. МАҚСАТЫ, МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ МАҚСАТТЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ
2.1 Бағдарламаның мақсаты және міндеттері
Бағдарлама мақсаты Мақат ауданындағы коммуналдық қалдықтарды басқарудың қолданыстағы жүйесін экологиялық заңнама талаптарына сәйкестендіру және коммуналдық қалдықтарды жинау, сұрыптау, тасымалдау жәәне көму бойынша инфрақұрылымды жаңғырту болып табылады.
Бағдарлама міндеттері:
1.Экологиялық заңнама талаптарына коммуналдық қалдықтарды басқарудың қолданыстағы жүйесін сәйкестендіру.
2. Бөлек жинауды ендіру және контейнерлік алаңдарды санитарлық нормаларға сәйкестендіру.
3. Коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату жүйесін дамыту.
4. Мақат ауданындағы ТҚҚ полигонын жаңғырту.
5.Бөлек жинауды қоса алғанда, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинаудың, кәдеге жаратудың жне қайта өңдеудің дұрыс жүйесі туралы тұрғындардың хабардарлығын жоғарылату.
2.2 Бағдарламаның мақсаттық көрсеткіштері
Бағдарламаның қойылған мақсаты мен міндеттеріне жету үшін, мақсаттық көрсеткіштерді орындау қажет. Мақсаттық көрсеткіштер Қазақстан Республикасының "Жасыл экономикаға өту тұжырымдасына", "Жасыл Қазақстан" ұлттық жобасына, 2021-2025 жылдарға арналған Атырау облысының және Мақат ауданының даму бағдарламасына және ағымдық жағдайға жүргізілген талдауларға сәйкес әзірленген (6-кесте).
4-кесте. Қалдықтарды жинау, шығару, қайта өңдеу және көму жүйесін жетілдіруге арналған мақсаттық көрсеткіштер
3. ҚОЙЫЛҒАН МАҚСАТ ПЕН МІНДЕТТЕРГЕ ЖЕТУ ЖОЛДАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
3.1. Коммуналдық қалдықтарды басқарудың қолданыстағы жүйесін экологиялық заңнама талаптарына сәйкестендіру
Коммуналдық қалдықтарды басқарудың қолданыстағы жүйесін экологиялық заңнама талаптарына сәйкестендіру үшін Мақат ауданында төмендегілер жүзеге асуы қажет:
- қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту;
- тұрғындар үшін ТҚҚ жинауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті бекіту;
- ТҚҚ жинау және тасымалдаумен айналысатын субъектілерді анықтау бойынша конкурс (тендер) жүргізу;
- тұрғындармен жариялық ұсыным келісіміне қол қоюға өту.
Қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу. Тұрғындар үшін ТҚҚ жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму тарифтерін бекіту
ЭК -тың 365 бабына (4 т) сәйкес, коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын және ТҚҚ жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму бойынша тұрғындарға арналған тарифтерін әзірлеп, жергілікті орган өкілдеріне бекітуге ұсыну қажет.
Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №347 бұйрығы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Тариф Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі "Халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы" №377 бұйрығына сәйкес есептелетін болады.
ҚР заңнамалық актілерінде тарифтерді бекіту және қайта қарау мерзімдері реттелмеген.
2023 жылдың маусым айында ҚР ЭТРМ ҚР бәсекелесті дамыту және қорғау бойынша Агенттікпен бірлесе отырып, ТҚҚ басқару саласындағы бәсекелестікті дамыту жөніндегі жол картасын қабылдады, мұнда бизнес пен тұрғындар үшін әділетті тарифті қалыптастыру үшін, 2 жылда бір рет ТҚҚ жинау, тасымалдау, сұрыптау жәәне көму тарифтерін қайта қарастыру қажеттілігі ескерілді.
Мақат ауданы бойынша тарифтерді бекіту үшін, 2 жылда бір рет оларды қайта қарастыру қажет. Аудандағы инфляциялық үдерістерді және қазіргі жағдайды ескере отырып, тарифтерді бекіту және жүйелі қайта қарау ұсынылатын қызмет сапасына сәйкес келетін талаптарды бекітуге және мамандандырылған ұйымдардың іс-әрекетін теңдестіруге мүмкіндік береді.
Конкурс (тендер) жүргізу арқылы ТҚҚ жинау және тасымалдауды жүзеге асыратын субъектілерді анықтау
ҚР ЭК 367-бабына сәйкес, ТҚҚ жинау бойынша нарыққа қатысушыларды анықтау тікелей "Мемлекеттік сатып алулар" туралы ҚР Заңының 4-тарауына сәйкес конкурс (тендер) жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
Нарық қатысушыларын анықтау бойынша конкурс (тендер) жүргізу барысында ЖАО ҚР ЭК сәйкес коммуналдық қалдықтарды басқару ережелерін және ТҚҚ жинайтын және шығаратын мамандандырылған ұйымдарға талаптарды бекіту қажет. Экологиялық заңнама талаптарына сәйкес, ТҚҚ жинау және тасымалдау бойынша конкурсқа қатысушыларға келесідей төменгі талаптар бекітілген:
1) ҚР ЭК 337-бабының талаптарына сәйкес, қалдықтарды басқару саласындағы кәсіпкерлік субъектілерінің рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінде тіркеуде бар болуы;
2) экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші бойынша 38110 "қауіпті емес қалдықтарды жинау", 38210 "Қауіпті емес қалдықтарды өңдеу және жою" жөніндегі сынып тармағының бар болуы;
3) жеке меншігінде спутниктік навигация жүйелерімен жабдықталған көлік құралдарының бар болуы және /немесе жалға алынуы;
4) жеке меншігінде көліктерді қоюға, сақтауға, оларға техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған жылытылатын өндірістік орындарының бар болуы және немесе жалға алынуы;
5) коммуналдық қалдықтарды шығару бойынша қызмет көрсететін білікті басқарушы және техникалық мамандардың бар болуы және басқалары.
ТҚҚ жинау және шығару бойынша қызмет сапасын жоғарылату үшін, бәсекелестік негізде коммуналдық қалдықтарды басқарудың ұзақ мерзімдік келісіміне отыру қажет. Ұзақ мерзімдік келісімдер ТҚҚ жинау және шығарумен айналысатын субъектілердің жеке қаржылық құралдарын өз компанияларын дамытуға салуына мүмкіндік береді. Ұзақ мерзімдік келісімдерді орындау барысында алынған нәтижелерді талдау арқылы көрсетілген қызметтердің сапасын бағалауға болады. Келісім-шарт қорытындыларын 5 жылдан кем емес ішінде қарастыру маңызды болып саналады.
Тұрғындармен жариялық ұсыныс келісіміне отыру
ҚР ЭК 367-бабына сәйкес, тұрғын үйлерде тұратын жеке тұлғалар жариялық келісім негізінде орталықтандырылған жүйені пайдалануға және жергілікті уәкілетті органмен бекітілген тарифке сәйкес көрсетілген қызметтерге төлем төлеуге міндетті.
Мақат ауданында ТҚҚ жинауға және шығаруға жауапты компанияларды таңдағаннан кейін ауданның барлық тұрғындарын қамту үшін жариялық ұсыным келісімі тәжірибесін енгізу маңызды болып саналады. Жариялық ұсыным түріндегі келісім аудан әкімдігінің ресми сайтында және мамандандырылған компаниялардың веб-сайтында танысу үшін қолжетімді болады. Осындай келісім негізінде коммуналдық қызметтерді есептеу орталығының жүйесіне (КҚЕО) немесе басқа да тәсілдермен ТҚҚ жинау және шығару тарифтерін қосу арқылы төлем ақыны жинау жүзеге асырылады. Жариялық келісімді пайдалану ТҚҚ шығару бойынша қызметтерге ақы төлеу және жинау көлемін арттырады және тұрғындар үшін қолайлы болып табылады.
3.2. Қалдықтарды бөлек жинауды ендіру және контейнерлік алаңдарды санитарлық нормаларға келтіру
Осы бағыттарды жүзеге асыру үшін қажет:
- контейнерлік алаңдарды санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестендіру;
- ТҚҚ бөлек жинау үшін контейнерлерді сатып алу (құрғақ және ылғалды фракциялар);
- құрамында қауіпті заттары бар қалдықтарды бөлек жинау (ҚСБҚ; ЭЭЖҚ, медициналық қалдықтар);
- ІКҚ мен құрылыс қалдықтарына арналған орындарды дайындау.
Контейнерлік алаңдарды санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестендіру
Мақат ауданында ТҚҚ жинауға арналған 71 контейнерлік алаңдар бар. Дегенмен, бірқатар контейнерлік алаңдардің қатты жабындысы, қоршауы жоқ, бұл заңнама талаптарының сақталмағандығын көрсетеді.
"Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" санитарлық ержесіне сәйкес контейнерлік алаңдарды заңнама талаптарына сәйкестендіру керек.
Барлық контейнерлік алаңдарды қатты жабындымен қамтамасыз етіп, желдің әсерінен қалдықтардың таралуының алдын-алу үшін 1,5 м кем емес биіктікте үш жағынан қоршау керек. Контейнерлік алаңдар тұрғын және қоғамдық ғимараттардан 25 м қашықтықта орналасуы керек және көлік кіретін негізгі жолы болуы керек.
Қазіргі уақытта Мақат ауданында заңнама талаптарына контейнерлік алаңдарды сәйкестендіру бойынша жобалар әзірленуде. Осы жоба шеңберінде қажетті қаржылық құралдарды есептеу жүргізіледі және заңнама талаптарына сәйкестендіру үшін контейнерлік алаңдар саны анықталады. Қажетті есептеулер аяқталғаннан кейін санитарлық нормаларға контейнерлік алаңдарды келтіру бойынша шаралар қабылданатын болады. Жоба бойынша контейнерлік алаңдар санын 71 ден 115 ке көбейту жоспарланып отыр
ТҚҚ (құрғақ және ылғалды фракция) бөлек жинау үшін контейнерлерді сатып алу
Түзілу көздерінен қалдықтарды бөлек жинау экологиялық заңнаманың міндетті талабы болып табылады. Экологиялық заңдылыққа сәйкес (ҚР ЭК 321 б) қалдықтарды бөлек жинау келесі фракциялар бойынша жүзеге асырылады:
1) "құрғақ" фракция (қағаз, картон, металл, пластика және шыны);
2) "ылғалды" (немесе дымқыл) фракция (тамақ қалдықтары, органикалық және басқалар):
ҚР ЭГТРМ м.а. 2021 жылғы 2 желтоқсандағы №482 бұйрығына сәйкес жергілікті атқарушы органдар контейнерлік алаңдарда бөлек жинау үшін контейнерлердің (кем дегенде 2) қажетті санын орнатуды қамтамасыз ету керек және контейнерлер саны тұрғындар санымен, қалдықтардың жиналу санымен, оларды сақтау мерзімдері мен басқа да қажетті факторлармен анықталады.
Коммуналдық қалдықтарды басқару ережелеріне сәйкес, егер коммуналдық қалдықтар әр категория (фракциялар, түрлер) бойынша бөлек жиналатын болса, онда олардың өздерінің шығару кезеңділігі анықталады.
Бүгінде Мақат ауданында 70 контейнерлік алаң, 1066 қалдықтарды аралас жинауға арналған контейнерлер бар. Қалдықтарды бөлек жинауды ендіру үшін, барлық контейнерлік алаңдарға ТҚҚ бөлек жинауға арналған контейнерді сатып алу керек.
Қауіпті құрамдас коммуналдық қалдықтарды бөлек жинау және қалпына келтіруді ұйымдастыру.
Қауіпті құрамдас коммуналдық қалдықтар (электрондық және электрлік жабдықтар, құрамында сынабы бар қалдықтар, батарейкалар, аккумляторлар және басқа да қауіпті компоненттер) бөлек жинақталып, қайта қалпына келтірілуі үшін мамандандырылған кәсіпорындарға берілуі керек (ҚР ЭК 365 б).
Құрамында сынабы бар қалдықтар (ҚСБҚ)
ЖАО тұрғындардан ҚСБҚ жинау жүйесін ұйымдастыруы және мыналарды қамтамасыз етуі қажет:
– тұрғындарда пайда болатын құрамында сынабы бар қалдықтарды жинау үшін орнатылатын арнайы әмбебап контейнерлерді орнатуды және оларға қызмет көрсетуді бақылау;
– кондоминиум нысандарын басқару органдарының қызметін бақылау және ұйымдастыру, олар арнайы әмбебап контейнерлерді сақтау жөніндегі шараларды қамтамасыз етуге, контейнерге қызмет көрсететін мамандандырылған кәсіпорынмен өзара іс-қимылды жүзеге асыруға, оларға еркін қол жеткізуді қамтамасыз етуге, тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуге, контейнерге бөгде заттарды сақтауға, контейнерге бөгде жарнамаларды, хабарландыруларды және т. б. жапсыруға жол бермеуге міндетті;
- тұрғындар үшін үшін демеркуризациялау жөніндегі шаралар кешенін іске асыруға және құрамында сынабы бар қалдықтарға арналған контейнерлерді жөндеуге (ауыстыруға) мамандандырылған кәсіпорындардың жұмыстарын сатып алу үшін қаражат бөлу жолымен халық арасында пайдалануда болған құрамында сынабы бар энергия үнемдейтін шамдарды қайта өңдеуді ұйымдастыру.
ҚР ЭК, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алулар туралы Заңына (4-тарау) және коммуналдық қалдықтарды басқару ережелеріне (ҚР ЭГТРМ м.а. 2021 жылғы 28 желтоқсандағы №508 Бұйрығы) сәйкес тұрғындарға арналған демеркуризация және ҚСБҚ арналған контейнерлерді жөндеу (алмастыру) туралы кешенді шараларды жүзеге асыруға мамандандырылған кәсіпорындардың қызметтерін (жұмыстарын) алу үшін жергілікті атқарушы билік органдары конкурс (тендер) жүргізуі тиіс. ҚСБҚ жинау үшін арнайы әмбебап контейнерлер болмайды.
Электрондық және электрлік жабдықтар
ЖАО ақпараттық кампаниялармен, конкурстар және дәрістермен шектелмей, тұрғындарда түзілетін ЭЭЖҚ бөлек жинау үлесін арттыруға бағытталған шараларды қабылдау қажет.
Тұрғындардан қауіпті құрамдас коммуналдық қалдықтарды жинау жүйесін ұйымдастыру келесідей шараларды қамтиды:
Батареялар, электронды және электр жабдықтары сияқты қауіпті тұрмыстық қалдықтарды жинайтын стационарлық немесе жылжымалы пункттер/пункттер құру.
Қалдықтарды қабылдаудың ұйымдастырылған пункттері туралы халықты хабардар етуді және олармен қауіпсіз жұмыс істеуді насихаттауды қамтамасыз ету
Қалдықтарды жинауға және кәдеге жаратуға арналған шығыстардың бір бөлігін жабу мақсатында, өндірушінің кеңейтілген жауапкершілік операторының функцияларын жүзеге асыратын "Жасыл Даму" АҚ-мен ынтымақтастықты нығайту
ЭЭЖҚ жинау үшін қабылдаудың стационарлық пункттерін алдын-ала қарастыру қажет. Қабылдау пункті көрсетілген тауарларды таратуды жүзеге асыратын сауда нүктелерінде құрылуы мүмкін.
Қауіпті құрамдас коммуналдық қалдықтарды бөлек жинау және қайталама шикізат пункттерін құру бөлек жинау бойынша мақсаттық көрсеткіштерге жетуге мүмкіндік береді.
Заңды тұлғалардан қауіпті құрамдас коммуналдық қалдықтарды бөлек жинау және қайта қалпына келтіру
Қызметтің түріне қарамастан, заңды тұлғаларда пайда болатын қауіпті коммуналдық қалдықтарды бөлек жинап, мамандандырылған ұйымдарға (кәсіпорындар) қалпына келтіруге беруі тиіс (ҚР ЭК 365б).
Мақат ауданының барлық мемлекеттік мекемелері мен бюджеттік ұйымдары қауіпті қалдықтарды басқару жөніндегі қызметтерге келісім-шартқа отырады. Мақат және Доссор кентінің әкімдіктері, Бәйгетөбе ауыдық округінің әкімдіктері қауіпті қалдықтарды басқару жөніндегі қызметтерді көрсететін мамандандырылған кәсіпорындармен келісім-шартқа отыру қажеттілігі туралы аудандық заңды тұлғалармен және мемлекеттік мекеме, бюджеттік ұйымдармен профилактикалық жұмыс жүргізуі керек.
Тұрғындарда түзілетін ІКҚ мен құрылыс қалдықтарына арналған арнайы орындарды ұйымдастыру.
ЭТРМ м.а. 2021 жылғы 2 желтоқсандағы № 480 Бұйрығындағы қалдықтарды бөлек жинау талаптарының 19-тармағына сәйкес, ЖАО жеке тұлғалардан (тұрғындардан) түзілетін құрылыс және ірі көлемді қалдықтар үшін 12м2 кем емес аумақта арнайы жабындысымен қоршауы бар орынды ұйымдастыруы керек.
Жылжымайтын нысандардың құрылысын немесе жөндеу жұмыстарын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар ЭТРМ м.а., 2021 жылғы 2 желтоқсандағы № 482 Бұйрығының қалдықтарды бөлек жинау талаптарының 17 тармағына сәйкес, жергілікті атқарушы органдармен ұйымдастырылған арнайы орындарға құрылыс және ірікөлемді қалдықтарды өз бетінше шығаруды жүзеге асырады.
Мақат және Доссор кенттері, Бәйгетөбе ауылдық округінің әкімдігі тұрғындардан ІКҚ мен құрылыс қалдықтарын жинауға арналған арнайы ұйымдастырылған орынды анықтау керек.
Құрылыс қалдықтарын жинауда келесі тәсілдердің бірін қолдану керек: қапқа жинап, бортты немесе самосвал көлікке оларды тиеу; қалдықтарды бірінің үстіне бірін жинау арқылы бортты немесе самосвал машинасына тиеу.
3.3 Коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату жүйесін дамыту
Мақат ауданында ТҚҚ кәдеге жарату және қайта өңдеу жүйесін дамытуды мыналар арқылы жүзеге асыру керек:
- қоқыс сұрыптайтын желінің құрылысы және іске қосу;
- Атырау қаласының бизнес қауымдастығымен өзара байланысты күшейту; Атырауға қайталама шикізатты өңдеуге жіберу және престеу;
- қордаландыру әдісін қоса алғанда биоыдырайтын (органикалық, тамақ қалдықтары) коммуналдық қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу;
- құрылыс қалдықтарын пайдалануды және қайта өңдеуді дамыту.
Мақат ауданындағы қоқыс сұрыптайтын желінің құрылысы және оны іске қосу
Атырау облысының 2021-2025 жылға арналған даму жоспарына сәйкес сұрыптау желісі бар ТҚҚ полигон құрылысы бойынша іс-шаралар жоспарланған.
Бүгінде Мақат ауданындағы ТҚҚ полигон аумағында ангар салынған. Сұрыптау желісінің құрылысы бойынша жұмыстарды және оның іске қосылуын жеделдету керек.
Сұрыптау желісінде қайта өңдеуге жатқызылатын материалдар бөліп алынып, ал қалғанын көмуге жібереді.
Қоқыс сұрыптайтын желілерде заңнама талаптарына сәйкес қағаз және картон, полиэтилен, тетрапак қалдықтары үшін гидравликалық пресс болуы керек. Ары қарай сұрыпталған қайталама шикізат мүдделі мамандандырылған ұйымдарға беріледі немесе технологиясы бар болса оператор өз өндірісінде пайдалануына болады.
Сұрыпталған шикізатты алты айға дейінгі мерзім ішінде уақытша сақтауға болады.
2021 жылдың 28 желтоқсанындағы ҚР ЭТРМ м.а. коммуналдық қалдықтарды басқару ережелерін бекіту туралы №508 Бұйрығына сәйкес, келесілерді сақтау қажет:
- қағаз және картон қалдықтарын жинау барысында оларға майлардың, органикалық ерітінділердің, бояулардың, эмульсияның, химиялық заттармен ластанулардың түсуінің алдын-алу;
Қағаз және картон жинақтауға арналған ғимаратты ылғал өткізбейтіндей және атмосфералық теріс әсерді болдырмайтындай етіп қамтамасыз ету керек;
- пластик қалдықтары оқшауланған еденде ашық ауада немесе жабық бөлмеде сақтау керек. Ашық аспан астында пластик қалдықтарын жинау барысында оқшаулағыш пленка көмегімен ластанулардың және басқа да ауа-райының қолайсыздығынан, рұсқатсыз кіруден сақтауды қамтамасыз етеді;
- жинақтауға арналған алаңда шыны ыдыстарының қалдықтарын (қышқылдар, сілтілер, тұздар, органикалық ерітінділер, боялулар, сырлар, құрылыс ертіінділері жне басқалары) ластайтын материалдар мен заттар болмауы керек.
Қағаз және картон, пластик пен шыны қалдықтары көліктің барлық түрімен тасымалдана береді. Шыны ыдыстарын тиеу, түсіру, тасымалдау барысында олардың сақталуын, механикалық әсерден қорғалуын қамтамасыз ету керек.
Атырау қаласының бизнес қауымдастығымен өзараб айланысты күшейту және қайталама шикізатты қайта өңдеуге беру
Мақат ауданында коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату жүйесін дамыту үшін Атырау қаласында және аудан аумағында іс- әрекетін жүзеге асыратын барлық кәсіпорындармен өзара байланысу қажет.
Жергілікті бизнес қауымдастық өкілдерінің қызығушылықтары мен мүдделерін анықтау қажет. Өңірдегі қалдықтарды дамыту және талқылау туралы ЖАО мен бизнес және басқа да мүдделі тараптармен өзара бірлесе жұмыс жасауы үшін әртүрлі кездесулер, дөңгелек үстелдер өткізу керек. ТҚҚ бөлек жинау және қайта өңдеуді дамытудағы әріптестік мәселелерін де қарастыру керек. ЖАО бизнестің бастамашылдығына қолдау көрсету қажет. Мысалы, контейнер қоюға, екінші шикізатты қабылдау пункттерін, бөлек жиналған ІКҚ және құрылыс қалдықтарын, биоыдырайтын қалдықтарды және басқаларын қайта өңдеу және кәдеге жарату бойынша қуаттылықты құруға жер учаскелерін ұсыну. Бұл өз кезегінде өңірдегі қалдықтарды бөлек жинаудың және қайта өңдеудің дамуына мүмкіндік береді.
Биоыдырайтын (органикалық, тамақ қалдықтары) коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату
Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексіне (365 бап) сәйкес ЖАО органикалық қалдықтарды бөлек жинау және оларды пайдалану арқылы экологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.
Коммуналдық қалдықтарды басқару ережелерінде (19т) аудандық, ауылдық, ауылдық округтің жергілікті атқарушы органдары тұрғындарға жеке тұрғын құрылысында (жеке сектор) органикалық қалдықтарды қордаландыру жөніндегі ақпараттық кампанияларды (хабарламаларды) жүргізуі қажет.
Қордаландыру бұл қалдықтарды қайта өңдеу технологиясы, яғни табиғи жолмен биоыдырауға негізделген. Осыған байланысты, қордаландыру органикалық тұрғыдан пайда болған қалдықтарды қайта өңдеуде кеңінен қолданылады. Бүгінде тағамдық қалдықтармен қатар, бөлінбеген қалдықтарды да қордаландыру технологиясы бар.
Органикалық қалдықтарды қордаландыру үй жағдайында да, орталықтандырылған жүйеде де жүзеге асады. Үй шаруашылығында қордаландыруда қарапайым қордалау шұңқырын немесе арнайы қордаландырғыш аппараттарды пайдалануға болады.
Қордаландыру: мал шаруашылығы қалдықтарын кәдеге жаратудың ең кең таралған әдісінің бірі қордаландыру. Малдың көңі және басқа органикалық қалдықтар қордаландырылып, сосын қайтадан ауыл шаруашылығы мен бау-бақша үшін тыңайтқыш ретінде пайдаланылады.
Биогаз: көң және жемқор қалдықтары секілді мал шаруашылығы қалдықтарынан биогаз өндіру. Биогазды жылыту, электрэнергиясын алу немесе тікелей асүйдегі газ пештеріне қосу арқылы энергия көзі ретінде пайдалануға болады.
Тыңайтқыш: малдардың көңі ауылшаруашылығы үшін табиғи тыңайтқыш. Ол топырақты қажетті тағамдық заттармен байытады.
Биогумус өндіру: Биогумус қордаландыруға қарағанда органикалық тыңайтқыштың тұрақты формасы. Ол топырақтың құрылымын жақсартып, ылғалды ұстайды.
Айта кету керек, мал шаруашылығындағы қалдықтарды тиімді басқару малдардың түрлеріне, ферманың аумағына, кәсіпкерлік субеъектісін дамытуды қолдау шараларына да байланысты. Ал қандай тәсілді қолдану керек, ол нақты жағдайлар мен қажеттіліктерді ескере отырып қабылдануы керек. Тұрғындарда түзілетін мал шаруашылығы қалдықтарының көлемі бойынша зерттеулерді жүргізу керек, мал шаруашылығы қалдықтарын қайта өңдеу және дамытуға қызығушылығын анықтау және мал шаруашылығы қалдықтарынан алынатын өнімге болжамдық сұранысты бағалау керек.
Мақат ауданындағы ТҚҚ полигонын жаңғырту үшін полигон модернизациясы барысында қордаландыру учаскесін алдын-ала қарастыру керек. Бөлек жиналған органикалық қалдықтар (органикалық, тамақ қалдықтары) арнайы жабдықталған алаңдарға шығарылады, мұнда қордаландыру үдерісі жүргізіледі. Осындай қордаландырудан кейін қалдықтарды ауыл шаруашылығы қажеттіліктерінде және\немесе қалдықтарды (үйінділер) уақытша сақтау орындарын рекультивациялауда пайдалануға болады.
Биоыдырайтын қалдықтардың үлкен бөлігі түзілетін мекемелер мен ұйымдарда (мысалы, мектептерде) қосалқы шаруашылықтар бар, сол жерде қордаландыруды жеке тәртіпте немесе Мақат ауданындағы ТҚҚ полигонының қордаландыру алаңына шығаруға болады.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс пен ЖАО іс- әрекеті шеңберінде қордаландыруды пайдалану туралы заңды тұлғалар мен тұрғындарға кеңінен мәлімдемелік жұмыстарды жүргізу қажет.
Құрылыс қалдықтарын пайдалану және қайта өңдеуді дамыту
ҚР ЭК сәйкес құрылыс қалдықтарын көмуге тиым салынған. Дегенмен, құрылыс қалдықтарын көмуге тиым салу, оларды жинау және қайта өңдеу жүйесінің дамуына оң ықпал етпеді, керісінше рұқсаттсыз үйінділердің пайда болуына әкеліп соқтырды.
ЖАО заңнама талаптарына сәйкес тұрғындарда түзілетін ІКҚ мен құрылыс қалдықтарын жинауға арналған арнайы орындарды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Бірақ, бүгіндегі басты мәселе қалдықтардың осы түрлерімен одан ары қарай қалай жұмыс жасау туралы шешімдердің болмауы.
Мақат ауданында құрылыс қалдықтарын қайта өңдеуді дамыту мақсатында оларды қайт өңдеу технологиясын ендіру ұсынылады. ЖАО ІКҚ мен құрылыс қалдықтарына арналған кенттер пен ауылдық округтерде арнайы орындарды құратын болады. Осы алаңдардағы бұл қалдықтар Мақат ауданындағы ТҚҚ полигон аумағына шығарылады. Полигонда арнайы ұсақтау қондырығысы бар ІКҚ мен құрылыс қалдықтарына арналған жер телімі қарастырылған. Ұсақталғаннан кейінгі алынған өнімді полигонның оқшаулағыш қабаты ретінде пайдалануға болады.
ІКҚ мен құрылыс қалдықтарын қайта өңдеудің негізгі әдісі механикалық қайта өңдеу, мұнда материалдарды ұсақтау жүргізіледі және оларды көлемі, типі және сапасы бойынша сұрыптау қарастырылады. Ұсақтау технологиясы материалдың гранулометрикалық құрамын өзгертуге мүмкіндік береді және топырақ үйінділерді салуға, бос орындарды толтыруға және пайдалануға арналған өнімдерді алуға мүмкіндік береді.
Мобилді ұсақтау қондырғылары құрылыс қалдықтарының соның ішінде құрылыс немесе жөндеу нысандарында тікелей пайдаланылатын көпкомпонентті әртүрлі түрлерін қайта өңдеуге мүмкіндік береді. Құрылыс қалдықтарын қайта өңдеу және қайталама пайдалану алғашқы ресурсты алмастыратын қайталама шикізат материалы ретінде пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл жаңа материал өндіру үшін және өңдеу қажеттілігін азайта отырып, табиғи ресурстарды сақтауға мүмкіндік береді және қалдықтардың түзілу көлемін қысқартады.
Құрылыс қалдықтарын фракцияларға бөлу және ұсақтау өзінің функционалдық құрылымы жағынан әәлемдік тәжірибеде жиі пайдаланылады.
3.4 Мақат ауданындағы ТҚҚ полигонды жаңғырту
Полигон санын қысқарту және оларды экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкестендіру мемлекеттің және соның ішінде Атырау облысының маңызды стратегиялық міндеттерінің бірі болып саналады.
Атырау облысында полигон санын едәуір қысқарту жұмыстары жоспарлануда. Облыста осы үдерісті оңтайландыру мақсатында ТҚҚ полигондарын 55-тен 17-ге азайту және қалған полигондарды заңнама талаптарына сәйкестендіру жоспарлануда.
Қазіргі уақытта Мақат ауданында коммуналдық қалдықтар аудандағы ТҚҚ полигонында көміледі. Доссор кенті мен Бәйгетөбе ауылдық округіндегі полигондар қысқарту мақсатында жабылған.
Атырау облысы және Мақат ауданының даму жоспарына сәйкес Мақат ауданындағы ТҚҚ полигонын жаңғырту бойынша жұмыстар жоспарлануда.
3- сурет Мақат ауданындағы ТҚҚ полигоны.
Тұрмыстық қатты қалдықтарды жаңғырту барысында барлық экологиялық және санитарлық нормаларды, сонымен қатар, ұлттық стандарттарды қатаң сақтау қажет (ҚР ЭК 350 б): Сұрыптау желісінің құрылысын жеделдетіп, ТҚҚ көму бойынша заңнамалық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету керек.
ТҚҚ полигондарына талаптар бекітілген негізгі құжаттар:
ҚР ЭК – 25 тарау;
"Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" санитарлық ережесін бекіту туралы ҚР ДСМ 2020 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің м.а. № -331/2020 Бұйрығы.
ҚР СТ 3696-2020. Аз қуатты тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған полигон. Талаптар.
ҚР СН. 1.04-15-2013 Тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған полигон.
Қолданыстағы 3696-2020 СТ сәйкес, аз қуатты тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған полигон – бұл қайта өңдеу (сұрыптау), қордаландыру және алу ниетінсіз қалдықтарды орналастыратын арнайы алаңдары бар, көмуге арналған шектеулі аумақ, бұған тәулігіне 50 тн-дан аз қалдық түседі. 3696-2020 СТ стандартына сәйкес көмілетін қалдық санын қысқарту мақсатында полигон операторы қалдықтардың фракцияларын қайта өңдеу үшін пайдалы элементтерін бөліп алу мақсатында АҚП аумағына келіп түскен қалдықтардың барлығына 100 % сұрыптауды ұйымдастыру керек.
Аз қуатты ТҚҚ полигон операторы биоыдырайтын қалдықтарды көму көлемін қысқарту жолымен полигондағы метанның түзілуін төмендету шараларын қабылдау қажет. Биоыдырайтын қалдықтар қордаландыру учаскелеріне жіберілуі керек.
ҚР ЭК (350 б) сәйкес полигон операторы олардың жіктелуі негізінде қалдықтарды қабылдаудың бірыңғай тәртібін әзірлеу керек.
Полигонда жұмыстарды ұйымдастыру полигон құрылысының жобасының құрамындағы әзірленетен полигонды пайдаланудың технологиялық сызбасымен анықталады және қауіпсіздік техникасы мен механикаландыру құралдарының жоғары өнімділігін, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етеді.
Қалдық полигонының жобасы полигонды жапқаннан кейінгі ластануды бақылау және қоршаған ортаға әсер ету мониторингін жүргізу, жерді рекультивациялау, оны жабу үшін тарату қорын құру алдын-ала қарастырылуы керек.
3.5. Тұрғындардың, мемлекеттік мекемелердің және басқа да заңды тұлғалардың хабардарлығын жоғарылату
ҚР ЭК сәйкес, аудан, кент, ауылдық округтерінің ЖАО коммуналдық қалдықтарды жинаудың, кәдеге жаратудың және қайта өңдеудің тиімді жүйесі туралы тұрғындардың хабардар ету бойынша ақпараттық кампанияларды жүргізеді .Ақпараттық кампаниялар мыналарды қамтиды:
-Қайталама ресурстарды (шикізатты) бөлек жинау;
-Коммуналдық қалдықтардың компоненттерін рұқсатсыз жағудың алдын-алу (қағаз, пластик, органикалық қалдықтар және басқалары);
-Жеке тұрғын құрылыс (жеке сектор) секторына органикалық қалдықтарды қордаландыруды ендіру.
Мақат ауданының әкімдігі, кенттер және ауылдық округ әкімдіктері коммерциялық емес ұйымдармен (КЕҰ) бірлесе отырып, коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі ақпараттық жұмыс жоспарын әзірлейді. Осы жоспар шеңберінде ақпараттандыру келесі аспектілерді қамтуы керек:
Қалдықтарды бөлек жинау: Қалдықтардың әртүрлі түрлерін қайта өңдеуді жеңілдету үшін және қоршаған ортаға теріс әсерлерін азайту үшін бөлек жинау қажеттілігі туралы тұрғындарға түсіндіру және оқыту.
Қалдықтарды рұқсатсыз жағуға тиым салу. Коммуналдық қалдықтарды рұсқатсыз жағуға тиым салатын заң мен нормативтердің сақталу маңыздылығын ескерту, себебі бұл ауаның ластануына және адамдардың денсаулығына кері әсер етеді.
Органикалық қалдықтарды қордаландыруды ендіру: Органикалық қалдықтарды қордаландыру тәжірибесін танымал ету қоқыс көлемін азайтып, ауыл шаруашылығы мен бау-бақшаға тыңайқтқыш ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.
Ақпараттық жұмыс жоспары коммуналдық қалдықтарды басқарумен байланысты басқа да маңызды мәселелерді қамтиды ол жергілікті қажеттілік мен басымдықтарға тікелей байланысты.
Бұл жоспардың мақсаты – барлық адамдардың таза және салауатты ортасын қалыптастыру үшін, қалдықтармен жұмыс жасаудың экологиялық тұрақты әдістері туралы тұрғындарды оқыту және ақпараттануын қамтамасыз ету. Әкімдік тұрғындардың хабардарлығын арттыруда, ақпараттарды таратуда және қалдықтардың алдын-алу туралы бастамашылдарды қолдауға, сонымен қатар, сәйкес шараларды құруда маңызды рөл атқарады.
Ең алғашқы назар мүдделі тараптардың негізгі топтарына аударылатын болады:
• тұрғындар (жұмыс істейтін және жұмыс істемейтіндер (үй шаруасындағы әйелдер, зейнеткерлер, балалар);
• ұстаздар, еріктілер, белсенділер тобы және мемлекеттік емес ұйымдар.
• меммекемелер, ауруханалар, дүкендер және басқалар.
4. ҚАЖЕТТІ РЕСУРСТАР
Бағдарлама мен іс-шараны қаржыландыру мыналардың есебінен жүреді:
Республикалық және жергілікті бюджет
Жеке инвестициялар
ӨКМ қаржыларынан
халықаралық қаржылық экономикалық ұйымдар мен донор мемлекеттердің гранттары
екінші деңгейлі банк несиелері және Қазақстан Республикасының заңдылығында тиым салынбаған басқа да көздер.
ҚР ЭК 29 бабына сәйкес ұсынылған бағдарламаны жүзеге асыруға және болжамды табиғатты қорғау шараларын орындауға кеткен қаржылық шығындар бюджеттік құрал есебінен жүзеге асырылады деп жоспарлануда. Мұндай механизм бағдарламаны әзірлеу және бекіту жылдарында үш жыл ішінде жергілікті бюджетке түскен қоршаған ортаға теріс әсер ету төлемдерінен пайдалануға мүмкіндік береді.
Бағдарламаны жүзеге асыру бойынша ұсынылған шараларды Атырау облысының қоршаған ортаны қорғау іс-шаралар жоспарына ендіру жоспарлануда. Бұл жоспар әкімшілікпен 3 жылдық жобада әзірленеді, яғни ҚР ЭК 4 қосымшасында алдын-ала қарастырылған 2025-2027 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралардың үлгілік тізбегі негізге алынады.
Қалдықтармен жұмыс істеу бойынша шараларға жатады:
- кез-келген қалдықтардың, соның ішінде иесіз қалдықтарды жинау, тасымалдау, зарарсыздандыру және қайта өңдеу бойынша технологияларды ендіру;
- зауыттар, цехтар, өндірістердің құрылысы, қайта жөндеу, қондырғыларды алу және пайдалану;
- қалдықтардың кез-келген түрлерін жинауға арналған полигондар;
- қалдықтарды жинау, тасымалдау, қайта өңдеу, сұрыптау, кәдеге жарату және көму;
- екінші материалдық ресурстарын жинау және қайта өңдеу;
- қалдықтардан пайдалы компоненттерді алумен байланысты шикізатты немесе дайын өнімді алу;
- қалдықтарды орналастыру және түзілу көлемін төмендетуге бағытталған технологиялық үдерістерді және жабдықтарды қайта жөндеу, жаңғырту.
5. БАҒДАРЛАМАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МОНИТОРИНГІ
Коммуналдық қалдықтарды басқару бойынша бағдарламаның жүзеге асуын бақылау іс-шаралар жоспарының орындалу мониторингі негізінде коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға жауапты ЖАО басшының бірінші орынбасары тұрақты түрде жүзеге асырылады.
Бағдарлама мониторингі бағдарламаны жүзеге асыру туралы есепті қалыптастыру жолымен жүзеге асырылады. Есепте жүзеге асырылған шаралардың сипаттамасы, қол жеткізілген нәтижелер, оларды жүзеге асыруға бағытталған қаржы құралдарының нақты көлемі, сонымен қатар, есепті жылда жоспарланған іс-шаралардың орындалмау себептері, нтижелердің болмауы жазылады.
Мақат ауданының әкімдігі тұрғындар мен жұртшылықты ақпараттандыру мақсатында интернет ресурстарына бағдарламаны жүзеге асырудың есебін тіркейтін болады: ағымдық есепті жылдың 15 шілдесіне дейін, жарты жылда бір рет, аралық; және келесі жылдың 30 қаңтарына дейін.
Жылдық есеп алдыңғы жылдағы қорытындылар бойынша толтырылады.
6. БАҒДАРЛАМАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БОЙЫНША ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
Мақсатқа қол жеткізу және міндеттердің орындалуы үшін бағдарламаны жүзеге асыру бойынша іс-шаралар ЖОСПАРЫ әзірленді, төменде келтірілген.
Іс-шаралар жоспары міндеттер мен көрсеткіштер бойынша топтастырылған, мерзімі мен жауапты тұлғалар көрсетілген. Іс-шаралар жоспары күтілетін нәтижелерге қол жеткізу мақсатымен бағдарламаға жауапты барлық орындаушылардың жұмыстарын үйлестіруді қамтамасыз етеді.
Бағдарламаға қосылған типтік техникалық және жобалық құжаттамаларды қоса алғанда, құрылысы бойынша іс-шараларда коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы іс-әрекеттердің экономикалық тиімділігін жоғарылату және энергияны үнемдеуді қамтамасыз ететін ең жақсы қол жетімді техникаларды пайдалануды қарастырады.
Іс-шаралар жоспарына түзетулер қажет жағдайда, яғни мониторинг нәтижелері бойынша негізделген ұсыныстар бар болған жағдайда енгізіледі. Мониторинг нәтижелері бойынша, қойылған мақсат, міндеттерге және мақсаттық көрсеткіштерге қол жеткізу мүмкін болмаған жағдайда басқа іс-шаралар анықталып, айқындалған мәселелік сұрақтар бойынша шешімдер қабылданады.
Іс-шаралар жоспарына түзетулер қажет жағдайда, яғни мониторинг нәтижелері бойынша негізделген ұсыныстар бар болған жағдайда енгізіледі. Мониторинг нәтижелері бойынша, қойылған мақсат, міндеттерге және мақсаттық көрсеткіштерге қол жеткізу мүмкін болмаған жағдайда басқа іс-шаралар анықталып, айқындалған мәселелік сұрақтар бойынша шешімдер қабылданады.
Мониторинг нәтижелері бойынша экономиканың нақты секторы бөлімі мынадай шешімдер шығарады:
1) бағдарламаның қойылған мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу мақсатында жоспарланған іс-шараларды (басқа шаралар анықтамасы) жүзеге асыру тиімділігін жоғарылату;
2) айқындалған мәселелік сұрақтар бойынша іс-шаралар қабылдау.
Бағдарламаға тапсырыс беруші ретінде "Мақат ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі", мына қызметтерді жүзеге асырады:
1) Бағдарламаның барлық орындаушыларын үйлестіре отырып, Мақат ауданы аумағындағы коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы міндеттерді шешуге бірыңғай орталықтандырылған кешенді әдісті қалыптастырып, қамтамасыз етеді;
2) Атырау облысы әкімдігімен бюджеттік құрал есебінен бағдарламаны жүзеге асыруға қаржылық шығындар бойынша бірлесе жұмыс жасайды;
3) Бағдарламаның іс-шараларын жүзеге асыру мәселелері бойынша Мақат және Доссор кенттері мен Бәйгетөбе ауылдық округінің әкімдіктері өзара бірлесе жұмыс жасайды;
Бағдарламаның іс-шараларын жүзеге асыруға мониторинг жүргізеді, коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы мемлекеттік саясаты жүзеге асыруға жауапты ЖАО бірінші басшысының орынбасарына талқылау үшін нәтижелерді береді;
4) бағдарламаның шараларын жүзеге асыру шығындарына, мақсаттық көрсеткіштеріне, іс-шараларға түзетулерді жүзеге асырады, соның ішінде бағдарламаға сәйкес өзгерістер енгізу қажеттілігінің негіздемесімен келіп түскен ұсыныстар негізінде;
6) Бағдарламаны жүзеге асыру шараларын тексеру барысына қатысады;
7) Мақат ауданы әкімдігінің ресми сайтына бағдарламаны, бағдарламаның іс-шараларын жүзеге асыру туралы ақпараттарды тіркейді.
МАҚАТ АУДАНЫНЫҢ 2024-2028 ЖЖ АРНАЛҒАН КОММУНАЛДЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДЫ БАСҚАРУ ЖӨНІНДЕГІ БАҒДАРЛАМАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БОЙЫНША ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
№ р\н | Іс-шаралар атауы | Аяқталу нысаны | Орындалу мерзімі | Орындалуына жауаптылар | Қажетті шығындар, теңге * | Қаржыландыру көздері |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1-міндет. Мақат ауданындағы коммуналдық қалдықтарды басқару жүйесін экологиялық заңнама талаптарына сәйкестендіру | ||||||
1.1 | Қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын әзірлеу және бекіту | Мәслихат шешімі | 2024 | Мақат ауданының әкімдігі, Мәслихат | 1 500 000 | Жергілікті бюджет |
1.2 | ТҚҚ жинау, тасымалдау, қайта өңдеу және көму тарифтерін әзірлеу және бекіту | Мәслихат шешімі | 2024 | Мақат ауданының әкімдігі, Мәслихат | 1 500 000 | Жергілікті бюджет |
1.3 | ТҚҚ жинауға, тасымалдауға, көмуге тендер жүргізу | Мақат ауданы әкімдігінің шешімі | 2025 | Мақат ауданының әкімдігі | - | Талап етілмейді |
1.4 | Тендерді ұтып алушылармен ЖАО ұзақ мерзімдік келісім-шартқа отыру (кемі 10 жыл) | Қол қойылған келісім шарт | 2025 | Мақат ауданының әкімдігі, кент және а\о әкімдіктері | - | Талап етілмейді |
1.5 | Аудан әкімдігінің сайтында және мамандандырылған ұйым сайтында жариялық ұсыныс келісімін тіркеу | Сайтта тіркелген келісім шарт | 2025 | Мақат ауданының әкімдігі, мамандандырылған компания | - | Талап етілмейді |
1.6 | Тұрғындардың көзқарасын ескере отырып, ТҚҚ шығару кестесін әзірлеу және бекіту | Бекітілген кесте | 2025 | Кент және а\о әкімдіктері, мамандандырылған компания | - | Талап етілмейді |
1.7 | ТҚҚ жинау және шығарудың орталықтандырылған жүйесін пайдалану барысында конкурс (тендер) нәтижелері бойынша ЖАО анықталған мамандандырылған ұйымдармен ТҚҚ тасымалдаудың міндетті келісім қорытындысы бойынша тұрғын үйлер немесе жеке тұрған ғимараттарда іс әрекетін жүзеге асыратын ЗТ және ЖТ профилактикалық жұмыс | Аудан әкімдігіне ақпарат | 2024-2025 |
Кент және а\о әкімдіктері | - | Талап етілмейді |
1.8 | Аудан әкімдігінің сайтында бекітілген бағдарламаны енгізу | Бағдарлама сайтқа енгізілді | 2024 | Мақат ауданының әкімдігі | - | Талап етілмейді |
1.9 | Бағдарламаны жүзеге асыру мониторингі | Мониторинг нәтижелері бойынша есептілік | Жылына 2 рет | Мақат ауданының әкімдігі | - | Талап етілмейді |
2-міндет. Бөлек жинауды ендіру | ||||||
2.1 |
Барлық контейнерлік алаңдарды заңнама талаптарына сәйкестендіру (115) | Қабылдау-өткізу актісі | 2024 | Мақат ауданының әкімдігі | - | Жергілікті бюджет |
2.2 | ТҚҚ жинап алуға арналған контейнерлерді орналастыру (құрғақ және ылғалды фракциялар үшін) | Қабылдау-өткізу актісі | 2026 | Мақат ауданының әкімдігі | - | Жергілікті бюджет |
2.3 | Мақат ауданында ҚСБҚ арналған контейнерлерді орнату және қызмет көрсетуіне конкурстар жүргізу | Конкурс нәтижелері | 2025 | Мақат ауданының әкімдігі, кенттер және а\о әкімдіктері | 2 000 000 | Жергілікті бюджет |
2.4 | ІКҚ мен құрылыс қалдықтарына арналған кенттер мен ауылдық округтерде арнайы орындарды ұйымдастыру, 3 дн | Қабылдау-өткізу актісі | 2026 | Кенттер және а\о әкімдіктері | 3 000 000 | Жергілікті бюджет |
2.5 | Мамандандырылған ұйымдармен қауіпті құрамдас коммуналдық қалдықтарды бөлек жинау және беру бойынша меммекемелермен және заңды тұлғалармен профилактикалық жұмыс | есептілік | тұрақты | Мақат ауданының әкімдігі, кенттер және а\о әкімдіктері | - | Талап етілмейді |
3-міндет. Коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату жүйесін дамыту | ||||||
3.1 | Мақат ауданындағы ТҚҚ полигондарының аумағында ТҚҚ сұрыптау желісінің құрылысы және іске қосылуы | Қабылдау-өткізу актісі | 2025 | Мақат ауданының әкімдігі | 24 808 000 (бюджет ауданға 2023 жылы бөлінген) | Жергілікті бюджет |
3.2 | Пресс, 1 – бірл | Қабылдау-өткізу актісі | 2026 | Мақат ауданының әкімдігі, Сұрыптау желісін басқаратын компания | 500 000 | Республикалық бюджет, жергілікті бюджет |
3.3 | Қайта өңдеуге қайталама шикізатты жіберу үшін Атырау қ.,бизнес қауымдастығы өкілдерімен тығыз байланыс орнату | Ақпарат | тұрақты | Сұрыптау желісін басқаратын компания | - | Талап етілмейді |
3.4 | Қордаландырғыш қондырғыны сатып алу, полигонда қордаландыру жер телімін ұйымдастыру | Қабылдау-өткізу актісі | 2024-2028 | Аудан әкімдігі, полигонды пайдаланушы компания | 7 500 000 | Жергілікті бюджет |
3.5 | ІКҚ мен құрылыс қалдықтарын үшін ұсақтағыштарды сатып алу | Қабылдау-өткізу актісі | 2028 | Аудан әкімдігі, полигонды пайдаланушы компания | 5 000 000 | Жергілікті бюджет |
4-міндет. Мақат ауданындағы ТҚҚ полигонын жаңғырту | ||||||
4.1 | Экологиялық шешім алу (қалдықтарды көму лимиттері) | Әсер етуге экологиялық рұқсат | 2025 | Аудан әкімдігі, Полигон операторы | - | Талап етілмейді |
4.2 | Қалдықтар жіктеуіші бойынша қабылдаудың бірыңғай процедурасын әзірлеу | Қалдықтарды қабылдау процедурасы | 2024-2025 | Полигон операторы | - | Талап етілмейді |
4.3 | Жабу үшін және жерді рекультивациялау үшін тарату қорын құру | Тарату қорының бар болуы | 2024-2025 | Полигон операторы | - | Талап етілмейді |
5-міндет. Бөлек жинауды қоса алғанда, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинаудың, кәдеге жаратудың жне қайта өңдеудің дұрыс жүйесі туралы тұрғындардың хабардарлығын жоғарылату | ||||||
5.1 | Коммуналдық қалдықтармен экологиялық қауіпсіз жұмыс істеуде тұрғындардың хабардарлығын жоғарылату мақсатында КЕҰ арасынан мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты алуға конкурс жүргізу | КЕҰ-мен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы келісім-шарт | 2024 | Мақат ауданының әкімдігі, ішкі саясат бөлімі | 1 500 000 | Жергілікті бюджет |
2026 | 1 500 000 | |||||
5.2 | Коммуналдық қалдықтармен экологиялық қауіпсіз жұмыс істеуде тұрғындардың хабардарлығын жоғарылату бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру (ақпараттық материалдарды әзірлеу, атап айтқанда: тұрғындармен кездесу жүргізу, акциялар, сенбіліктер, дөңгелек үстелдер, мектеп оқушылары арасында еріктілер клубын құру, жергілікті БАҚ, әлеуметтік желілерде, жариялау, таныстыру визиттері және т.б. ) қосылған ақпараттық кампанияларды әзірлеу | Орындалған жұмыс актісі | 2024 -2025 | Мақат ауданының әкімдігі, ішкі саясат бөлімі | - | КЕҰ бөлінген жергілікті бюджет шеңберінде |
Орындалған жұмыс актісі | 2026-2028 | Мақат ауданының әкімдігі, ішкі саясат бөлімі | - | КЕҰ бөлінген жергілікті бюджет шеңберінде |
*Қажетті шығындар мен қаржыландыру көздері бойынша шығыстардың мөлшерлемелері тиісті қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді бекіту мен нақтылауды ескере отырып түзетілетін болады.
Коммуналдық қалдықтарды басқару бойынша бағдарламаның көрсеткіштерін анықтау әдістемесі