Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің 365 бабының 3 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес Мақат аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мақат ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы | А. Шанғалаев |
Мақат аудандық мәслихатының 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 109-VIII шешіміне қосымша |
Мақат ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтарды жинақтау объектісі | Есептік бірлік | Жылдық норма, м3 |
1 | Жайлы және жайлы емес үй иелері | 1 тұрғын | 2,44 |
2 | Жатақханалар, интернаттар, балалар демалыс үйлері | 1 орын | 2,43 |
3 | Қонақүйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 2 орын | 1,48 |
4 | Балабақшалар, питомниктер | 3 орын | 0,57 |
5 | Мекемелер, ұйымдар, кеңселер, кеңселер, сбербанктер, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 3,06 |
6 | Емханалар, медициналық орталықтар | 1 бару | 0,03 |
7 | Ауруханалар, санаторийлер, өзге де емдеу-алдыналу мекемелері | 1 төсек-орын | 1,25 |
8 | Мектептер және басқа оқу орындары | 1 оқушы | 0,55 |
9 | Мейрамханалар, кафелер, тамақтану мекемелері | 1 орын | 1,48 |
10 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар | 1 орын | 0,18 |
11 | Мұражайлар, көрмелер | жалпы ауданы 1 м2 | 0,18 |
12 | Стадиондар, спорт алаңдары | жоба бойынша 1 орын | 0,76 |
13 | Спорт, би және ойын залдары | жалпы ауданы 1 м2 | 0,97 |
14 | Азық-түлік және өнеркәсіптік дүкендер, аралас дүкендер | 1 м сауда алаңы | 1,92 |
15 | Машиналардан сауда жасау | 1 м2 сауда орны | 5,48 |
16 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, науалар | 1 м сауда алаңы | 0,77 |
17 | Көтерме базалар, азық-түлік тауарларының қоймалары | жалпы ауданы 1 м2 | 2,77 |
18 | Тұрмыстық үй: халыққа қызмет көрсету | 1 м сауда алаңы | 1,14 |
19 | Станса, вокзалдар, автовокзалдар | жалпы ауданы 1 м2 | 0,81 |
20 | Жағажайлар, жолдардын сметалары | жалпы ауданы 1 м2 | 6,64 |
21 | Дәріхана | 1 м сауда алаңы | 0,97 |
22 | Автотұрақтар, автокөлік жуу орындары, жанар май құю бекеттері, гараждар | 1 машина-орын | 18,69 |
23 | Автокөлік шеберханалары | 1 қызметкер | 16,9 |
24 | Гараж кооперативтері | 1 гараж үшін | 0,95 |
25 | Шаштараздар, сұлулық салондары | 1 жұмысорны | 4,22 |
26 | Кір жуу, құрғақ тазалау, тұрмыстық техниканы жөндеу, тігін ательесі | жалпы ауданы 1 м2 | 1,09 |
27 | Зергерлік шеберханалар, аяқ киім жөндеу, сағат | 1 қызметкер | 0,97 |
28 | Шағын жөндеу және қызметтер (кілттер жасау және т. б.) | 1 қызметкер | 2,16 |
29 | Моншалар, сауналар | жалпы ауданы 1 м2 | 0,7 |
30 | Аудан аумағында бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыратын заңды тұлғалар | 1000 қатысушылар | 3,48 |
31 | Бау-бақша кооперативтері | 1 учаске | 2,53 |