Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2023 жылғы 21 ақпандағы № 32 "Түркістан облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2024 жылғы 3 маусымдағы № 94 қаулысы

      Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2023 жылғы 21 ақпандағы № 32 "Түркістан облысының ветеринария басқармасы мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Түркістан облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ережесінде:

      16-тармақ келесі мазмұндағы 31-1), 31-2), 31-3) тармақшаларымен толықтырылсын:

      "31-1) мемлекеттік сатып алу, оның нәтижелері бойынша өнім берушілермен өнім беру шарттарын жасасу, сондай-ақ тапсырыс берушілерге ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды сақтау және тасымалдау (жеткізу) бойынша көрсетілетін қызметтерді қамтамасыз ету, ұсыну;

      31-2) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін анықтау үшін ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды оларды беру процесінде ішінара іріктеу;

      31-3) ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттар қорын қалыптастыру;".

      2. "Түркістан облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1)осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның орыс және қазақ тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасынының Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2)осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін облыс әкiмiнiң орынбасарына жүктелсiн.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Д. Сатыбалды

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады