Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 18, 69 баптарына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына сәйкес Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Jusan Mobile" акционерлік қоғамына осы қаулының қосымшасына сәйкес, Ақтөбе қаласының аумағында орналасқан жалпы көлемі 4051 шаршы метр жер учаскелеріне, жер пайдаланушылардан алып қоймай, 5 (бес) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Ақтөбе қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Ж. Кабылов) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | А. Бекет |
Қала әкімдігінің № 2 "10" қаңтар 2025 ж. қаулысына қосымша |
Сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі
№ | Атауы | Жер учасесінің мекенжайы | Көлемі га | Нысаналы мақсаты |
11 | "Jusan Mobile" АҚ | Актобе қаласы, Астана ауданы, Ә. Молдағұлова даңғылы, № 38 | 0,0243 | талшықты-оптикалық байланыс желісінің (ТОБЖ) құрылысын салу және пайдалану үшін |
22 | "Jusan Mobile" АҚ | г. Актобе, Алматы ауданы, К. Нокин даңғылы, № 51 | 0,0589 | талшықты-оптикалық байланыс желісінің (ТОБЖ) құрылысын салу және пайдалану үшін |
3 | "Jusan Mobile" АҚ | Актобе қаласы, Астана ауданы, Маресьев көшесі, № 99 | 0,0079 | жер асты талшықты-оптикалық байланыс желісінің (ТОБЖ) құрылысын салу және пайдалану үшін |
4 | "Jusan Mobile" АҚ | Актобе қаласы, Индустриалдық аймақ | 0,3121 | жер асты талшықты-оптикалық байланыс желісінің (ТОБЖ) құрылысын салу және пайдалану үшін |
5 | "Jusan Mobile" АҚ | Актобе қаласы, Астана ауданы, Өтеген Сеитов көшесі, № 5 | 0,019 | жер арсты талшықты-оптикалық байланыс желісінің (ТОБЖ) құрылысын салу және пайдалану үшін |