"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-тармағының 12-7) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 бұйрығымен бекітілген Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларының 11-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10087 болып тіркелген) сәйкес, Абай облысы ның әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2025 жылға ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім өндіру үшін оны сатып алуға арналған субсидиялар нормативі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Абай облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесінің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялау үшін "Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Абай облысының әкімі | Б. Уәли |
Абай облысы әкімдігінің 2025 жылғы "16" сәуірдегі № 57 қаулысына қосымша |
2025 жылға ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіру үшін оны сатып алуға арналған субсидиялар нормативі
№ р/с | Ауыл шаруашылығы өнімінің атауы | Тереңдете өңделетін өнімдердің атауы | Сатып алынатын ауыл шаруашылығы өнімінің бірлігіне субсидиялар нормативі, теңге/л және теңге/кг |
1. | Сүт | Сары май | 91,0 |
2. | Сүт | Қатты ірімшік | 12,0 |