Республикалық мемлекеттік мекемелер – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің обаға қарсы күрес станцияларына қызмет көрсетуге арналған көлік құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2025 жылғы 14 мамырдағы № 322 бұйрығы

      Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 70-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Республикалық мемлекеттік мекемелер – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің обаға қарсы күрес станцияларына қызмет көрсетуге арналған көлік құралдарының заттай нормалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің міндетін атқарушы Т. Сұлтанғазиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2025 жылғы _____________
№ ______ бұйрығымен
бекітілген

Республикалық мемлекеттік мекемелер – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің обаға қарсы күрес станцияларына қызмет көрсетуге арналған көлік құралдарының заттай нормалары

Көлік құралының типі

Функционалдық мақсаты

Жұмыс істеп жатқан бір құрылымға көлік құралының шекті саны

Станцияның/ бөлімшенің стационарлық зертханасы

Эпидемияға қарсы жасақ

Бір станцияға

1

2

3

4

5

1. Санитариялық жеңіл көлік (оның ішінде жоғары өтімді)

Обаға, тырысқаққа және басқа да аса қауіпті инфекцияларға күдіктену кезіндегі шұғыл сапарлар және жұқпалы материалды жеткізу үшін

2

1

X

2. Жүк көлігі (оның ішінде жоғары өтімді)

Обаға, тырысқаққа және басқа да аса қауіпті инфекцияларға қарсы тексеру және шұғыл профилактикалық іс-шаралар жүргізу үшін

2

1

X

3. Жолсыз жермен жүретін көлік базасындағы автобакзертхана

Шалғай және жету қиын аудандарды тексеру үшін

2-5 жылжымалы құрылымға бір бірлік

2-ден артық емес

4. Су тасығыш

Далалық жұмыстар кезінде жылжымалы құрылымдарға су жеткізу үшін

2-5 жылжымалы құрылымға бір бірлік

2-ден артық емес

5. Өзі аударғыш

Қатты жанар майды, қатты тұрмыстық қалдықтарды тасымалдау үшін

2-5 жылжымалы құрылымға бір бірлік

2-ден артық емес

6. Жанар-жағар май тасығыш, оның ішінде жолсыз жермен жүретін көлік базасында

Далалық жұмыстар кезінде жанар-жағар материалдарын жылжымалы құрылымдарға жеткізу үшін

2-5 жылжымалы құрылымға бір бірлік

2-ден артық емес

7. Шағын автобус

Дала жұмыстарына топтарды тасымалдау үшін

2-5 жылжымалы құрылымға бір бірлік

2-ден артық емес

8. Аспалы құралдары бар дөңгелекті трактор

Тиеу-түсіру жұмыстары үшін


1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады