Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының жергілікті бюджеттінен қаржыландырылатын, ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2025 жылғы 30 қаңтардағы № 38/3 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5-тармағы 3) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының жергілікті атқарушы органымен айқындалған тәртіпте және шарттарда, жұмысшыларға (біліктілік санаты) жататын жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақылары осы шешімнің қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының төрағасы Ж. Кәрімова

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Мамлют ауданы мәслихатының
  2025 жылғы 30 қаңтардағы
  № 38/3 шешіміне
  қосымша

      Келесі ұйымдарда жұмысшыларға (біліктілік санаты) жататын жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақылары:

      1) "Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесi;

      2) "Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

      3) "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

      4) "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      5) "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      6) "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      7) "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      8) "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      9) "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      10) "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      11) "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлютка қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      12) "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Андреев ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;

      13) "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Белое ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      14) "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Воскресенов ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      15) "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Дубровное ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      16) "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Қызыләскер ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      17) "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Краснознамен ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;

      18) "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Леденев ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      19) "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Бике ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      20) "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Пригород ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      21) "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Становое ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      22) "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Новомихайлов ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

№ р/с

Лауазымдардың толық жазылуы (атауы)

Лауазымдық жалақыға үстемеақы

1

2

3

1

жүргізуші

50%

2

күзетші

30%

3

от жағушы

30%

4

қызметтік үй-жайларды тазалаушы

30%

5

аула тазалаушы

30%


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады