Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің "Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының мүшесі өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы" 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 105 шешімі, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің "Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының мүшесін тағайындау туралы" 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 106 шешімі және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің атқарушы билік органдарының ұсыныстары негізінде:
1. Электр энергетикасы жөніндегі консультативтік комитеттің қоса беріліп отырған құрамы бекітілсін.
2. Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) Т.А. Мансұров Электр энергетикасы жөніндегі консультативтік комитет отырыстарында төрағалық етеді (Консультативтік комитет төрағасы) деп айқындалсын.
3. Мыналардың:
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Электр энергетикасы жөніндегі консультативтік комитет туралы" 2012 жылғы 28 маусымдағы № 194 шешімінің 2-тармағы үшінші абзацының және 3-тармағының;
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 28 маусымдағы № 194 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2013 жылғы 25 маусымдағы № 146 шешімінің 1-тармағының "б" тармақшасының;
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Электр энергетикасы жөніндегі консультативтік комитет құрамына өзгерістер енгізу туралы" 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 287 шешімінің;
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Электр энергетикасы жөніндегі консультативтік комитет құрамына өзгерістер енгізу туралы" 2014 жылғы 26 мамырдағы № 75 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы Өкім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы В. Христенко |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 9 өкімімен БЕКІТІЛГЕН |
Электр энергетикасы жөніндегі консультативтік комитет
Қ Ұ Р А М Ы
Армения Республикасынан | ||
Исаян | - | Армения Республикасының Энергетика және табиғи ресурстар министрінің орынбасары |
Беларусь Республикасынан | ||
Воронов | - | "Белэнерго" мемлекеттік өндірістік бірлестігінің бас директоры |
Горовиков | - | Республикалық біртұтас "ОДУ" электр энергетика кәсіпорнының бас директоры |
Закревский | - | Беларусь Республикасы Энергетика министрінің орынбасары |
Зорич | - | Беларусь Республикасы Энергетика министрлігінің Стратегиялық даму және сыртқы инвестициялық ынтымақтастық басқармасының бастығы |
Крутой | - | Беларусь Республикасы Экономика министрінің орынбасары |
Федоров | - | Беларусь Республикасы Экономика министрлігінің Энергетикалық саясат басқармасының бастығы |
Шатерник | - | Республикалық біртұтас "Гродэнерго" электр энергетика кәсіпорнының бас директоры |
Қазақстан Республикасынан | ||
Әбілғазы | - | Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті директорының орынбасары |
Боранғали | - | "KAZENERGY" мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдары Қазақстандық қауымдастығы бас директорының кеңесшісі |
Жақсалиев | - |
Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі |
Жантасов | - | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Халықаралық экономикалық интеграция департаменті Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру мәселелері жөніндегі басқарма басшысы |
Қажиев | - | "Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстандық компания" ("KEGOC") акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы |
Мырзағалиева | - | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Экономика салаларын дамыту департаменті директорының орынбасары |
Ошақбаев | - | Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасы төрағасының орынбасары |
Рабай | - | "KAZENERGY" мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдары Қазақстандық қауымдастығының мұнай-газ және энергетика салаларын дамыту жөніндегі департамент директоры |
Сәтқалиев | - | "Самұрық-Энерго" акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы |
Сукуров | - | Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Мәскеу қаласындағы Еуразиялық экономикалық комиссиядағы Өкілдігінің директоры |
Сұлтанов | - | "Сауда саясатын дамыту орталығы" акционерлік қоғамының бас директоры |
Шығамбаев | - | "Сауда саясатын дамыту орталығы" акционерлік қоғамы сауда-экономикалық ынтымақтастық департаментінің жобалау менеджері |
Ресей Федерациясынан | ||
Афанасьев | - | "Бірыңғай энергетика жүйесінің жүйелік операторы" ашық акционерлік қоғамы қатарлас жұмыстар технологиясы департаментінің бастығы |
Бердников | - | "Россети" ашық акционерлік қоғамы бас директорының техникалық саясат жөніндегі бірінші орынбасары |
Борисов | - | "Россети" ашық акционерлік қоғамының ақпараттық талдау басқармасының бастығы |
Воронова | - | "Интер РАО" ашық акционерлік қоғамы сауда қызметі және трейдинг блогының билік органдарымен өзара іс-қимылы әдіснамасы департаментінің басшысы |
Голомолзин | - | Монополияға қарсы федералдық қызмет басшысының орынбасары |
Гринкевич | - | Ресей Федерациясы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті директорының орынбасары |
Заикина | - | "Совет рынка" коммерциялық емес әріптестік басқармасы төрағасының орынбасары, мониториг және бақылау басқармасының бастығы |
Кондаков | - | Тарифтер жөніндегі федералдық қызметтің Электр энергетикасы саласын реттеу басқармасы бастығының орынбасары |
Королев | - | Монополияға қарсы федералдық қызметтің Электр энергетикасын бақылау басқармасының бастығы |
Кравченко | - | Ресей Федерациясы Энергетика министрінің орынбасары |
Лифшиц | - | "Ротек" жабық акционерлік қоғамының бас директоры |
Лихачев | - | Ресей Федерациясы Экономикалық даму министрінің бірінші орынбасары |
Мольский | - | "ФСК ЕЭС" ашық акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары |
Ольхович | - | Ресей Федерациясы Экономикалық даму министрлігінің Тарифтерді, инфрақұрылымдық реформаларды және энергия тиімділігін мемлекеттік реттеу департаменті директорының орынбасары |
Полоус | - | "Бірыңғай энергетика жүйесінің жүйелік операторы" ашық акционерлік қоғамының ("СО ЕЭС" ААҚ) басқарма төрағасының орынбасары |
Сипливец | - | Ресей Федерациясы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаментінің жетекші кеңесшісі |
Цуркан | - | "Интер РАО" ашық акционерлік қоғамы трейдинг блогының басшысы, басқарма мүшесі |