Кедендік заңнаманы жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының құрамына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 17 қарашадағы № 130 өкімі.


      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 12 қарашадағы № 256 шешімімен бекітілген кедендік заңнаманы жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының құрамына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) жұмыс тобының құрамына мына адамдар енгізілсін:


      Қазақстан Республикасынан


Бейсенов
Марат Жұмажанұлы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Кедендік әдіснама департаментінің директоры
 

      Қырғыз Республикасынан


Сулайманов
Азамат Талапбекович

Қырғыз Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік кеден қызметі төрағасының бірінші орынбасары (Қырғыз Республикасынан үйлестіруші, кедендік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша шешімдер қабылдауға жауапты)
 

Кулмамбетов
Самат Дилдемуратович

Қырғыз Республикасы Экономика министрлігінің Фискалдық саясат басқармасы кедендік саясат бөлімінің меңгерушісі
 

      б) "Еуразиялық экономикалық комиссияның және Беларусь-Қазақстан-Ресей бизнес-қоғамдастықтарының өзара іс-қимылы жөніндегі консультативтік кеңестен" деген бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бизнес-қоғамдастықтарынан";

      в) Мамашева Д.Т. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары өкілдері құрамынан шығарылып, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бизнес-қоғамдастықтары өкілдерінің құрамына (жаңа лауазымын көрсете отырып) енгізілсін:


      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің
бизнес-қоғамдастықтарынан



Мамашева
Дина Талғатқызы

Қазақстан Республикасының "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Кедендік әкімшілік жүргізу департаментінің директоры
 

      г) Беларусь Республикасынан жұмыс тобы мүшесінің жаңа лауазымы көрсетілсін:

 
Соболев
Роман Валерьевич

 

 
Беларусь Республикасы Сыртқы істер министрлігі Сыртқы экономикалық қызмет департаментінің директоры;
 

      д) Ошақбаев Р.С. жұмыс тобы құрамынан шығарылсын.

      2. Осы Өкім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы В. Христенко
     


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады