Сербия Республикасымен Еуразиялық экономикалық одақтың және оған мүше мемлекеттердің Сербия Республикасымен сауда режимін біріздендіру туралы келіссөздерді бастау туралы

Жаңа

Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 6 шешімі.

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 7 және 102-тармақтарының негізінде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер Еуразиялық экономикалық комиссиямен бірлесіп бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Сербия Республикасы арасында еркін сауда аймағы туралы келісім жасасу арқылы Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттердің Сербия Республикасымен сауда режимін біріздендіру туралы келіссөздерді бастасын.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі осы Шешімнің 1-тармағында көрсетілген келіссөздерге арналған директиваларды бекітсін.

      3. Осы Шешім қабылдаған күнінен бастап күшіне енеді.

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады