2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 52-бабына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы №98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне №2 қосымшаның 11-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1.Былай деп белгіленсін:
парфюмерлік-косметикалық өнімнің Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2015 жылғы 2 желтоқсандағы "Кеден одағының "Парфюмерлік-косметикалық өнімнің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіне (КО ТР 009/2011) өзгерістер енгізу туралы" № 91 шешімі күшіне енген күнге дейін қабылданған, Кеден одағының "Парфюмерлік-косметикалық өнімнің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентімен (КО ТР 009/2011) белгіленген міндетті талаптарға сәйкестігін растау туралы құжаттары олардың қолданылу мерзімі аяталғанға дейін жарамды;
парфюмерлік-косметикалық өнімнің Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2015 жылғы 2 желтоқсандағы "Кеден одағының "Парфюмерлік-косметикалық өнімнің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіне (КО ТР 009/2011) өзгерістер енгізу туралы" № 91 шешімі күшіне енген күнге дейін қабылданған, Кеден одағының "Парфюмерлік-косметикалық өнімнің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентімен (КО ТР 009/2011) белгіленген міндетті талаптарға сәйкестігін растау туралы және олардың қолданылу мерзімінің аяқталу күнін көрсетуді қамтымайтын құжаттары 2018 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болады.
2.Осы Шешімнің 1-тармағында көрсетілген сәйкестігін растау туралы құжаттардың қолданылу кезеңінде әзірленген және (немесе) айналысқа шығарылған өнімнің айналысына оның жарамдылығы мерзімі ішінде жол беріледі.
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т.Саркисян |