Көлік құралдарының электрондық паспорттары (көлік құралдары шассилерінің электрондық паспорттары) және өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа да түрлерінің электрондық паспорттары жүйесінің жұмыс істеу тәртібіне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 14 маусымдағы № 71 шешімі

      2014 жылғы 15 тамыздағы Көлік құралдары паспортының (көлік құралының шассиі паспортының) және өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа да түрлері паспортының бірыңғай үлгісін енгізу және электрондық паспорттар жүйесін ұйымдастыру туралы келісімнің 3-бабының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 22 қыркүйектегі № 122 шешімімен бекітілген Көлік құралдарының электрондық паспорттары (көлік құралдары шассилерінің электрондық паспорттары) және өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа да түрлерінің электрондық паспорттық жүйесінің жұмыс істеу тәртібіне өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2016 жылғы 14 маусымдағы
№ 71 шешіміне
ҚОСЫМША

Көлік құралдарының электрондық паспорттары (көлік құралдары шассилерінің электрондық паспорттары) және өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа да түрлерінің электрондық паспорттары жүйесінің жұмыс істеу тәртібіне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. Көрсетілген Тәртіптің № 1 қосымшасы мынадай мазмұндағы 15-тармақпен толықтырылсын:

      "15. Көлік құралын тіркеуге рұқсат етілетін аумақ.".

      2. Көрсетілген Тәртіптің № 3 қосымшасының 10-тармағы мынадай мазмұндағы 12-тармақшамен толықтырылсын:

      "12) көлік құралын тіркеуге рұқсат етілген аумақ.".

      3. Көрестілген Тәртіптің № 7 қосымшасының 11-тармағы мынадай мазмұндағы 12-тармақшамен толықтырылсын:

      "12) "көлік құралын тіркеуге рұқсат етілген аумақ" өрісінде – "Еуразиялық экономикалық одақ" (егер өндірілген көлік құралы Одақ органдарының белгіленген шешімдерінің және осындай көлік құралдарының олардың еркін айналым үшін өндірісі кезінде қойылатын талаптарға сәйкес келсе) немесе "шектелген аумақ" (егер өндірілген көлік құралы Одақ органдарының белгіленген шешімдерінің және осындай көлік құралдарының олардың еркін айналым үшін өндірісі кезінде қойылатын талаптарға сәйкес келмесе) жазбасы.

      Осы өріс, егер "көлік құралын жеңілдік режимін қолдана отырып өндіру туралы мәліметтер" өрісінде "көлік құралының моделі жеңілдік режимінде өндірілген" жазбасы жүргізілген жағдайда толтырылады.

      Осы өріс, егер "шектелген аумақ" жазбасы жүргізілген болса және көлік құралын тіркеу көзделетін мүше мемлекеттің заңнамасында Одақ органдарының шешімдерін іске асыру мақсатында көлік құралдарын тіркеуге қатысты қолданылатын шектеулер белгіленген жағдайда мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес пайдаланылады.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады