Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 22 қыркүйектегі № 122 шешімінің 2-тармағына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 14 маусымдағы № 72 шешімі

      2014 жылғы 15 тамыздағы Көлік құралының паспорты (көлік құралы шассиінің паспорты) және өздігімен жүретін машина мен өзге техника түрлері паспортының бірыңғай үлгілерін енгізу және электронды паспорт жүйелерін ұйымдастыру туралы келісімнің 3-бабының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Көлік құралдарының электронды паспорттары (көлік құралдары шассиінің электронды паспорттары) мен өздігімен жүретін машиналар мен басқа да техникалардың электронды паспорттары жүйесінің әрекет ету тәртібін бекіту туралы" 2015 жылғы 22 қыркүйектегі № 122 шешімінің 2-тармағына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) "а" тармақшасында "2016 жылғы 1 шілдеге дейін" деген сөздер "2017 жылғы 1 шілдеге дейін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      б) "в" тармақшасында "2017 жылғы 15 наурызға дейін" деген сөздер "2018 жылғы 1 шілдеге дейін" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді және 2016 жылғы 1 шілдеден бастап туындайтын құқықтық қатынастарда қолданылады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады