Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 28 мамырдағы № 299 шешімінің 2-1 тармағына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 25 қазандағы № 118 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 57-бабының 2-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 20-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. "Еуразиялық экономикалық одақта санитариялық шараларды қолдану туралы" Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 28 мамырдағы № 299 шешімінің 2-1 тармағы он үшінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "- 2017 жылғы 15 қарашаға дейін – 13-бөлім бойынша. "Сигареттерге және темекі шикізатына қойылатын талаптар" бөлімі бойынша көрсетілген техникалық регламенттің күшіне енуіне байланысты, Кеден одағының "Темекі өніміне арналған техникалық регламент" (КО ТР 035/2014) техникалық регламентінің техникалық реттеу объектісі болып табылатын өнімге қойылатын талаптар бөлігінде.".

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады