Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2016 жылғы 13 сәуірдегі "Еуразиялық технологиялық платформаларды қалыптастыру мен олардың жұмыс істеуі туралы ережені бекіту туралы" № 2 шешімінің 3-тармағын іске асыру мақсатында:
1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2016 жылғы 18 қазандағы № 32 өкіміне өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Республикасынан |
Беларусь Республикасынан |
Қазақстан Республикасынан |
Қырғыз Республикасынан |
Ресей Федерациясынан |
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 17 мамырдағы № 12 өкіміне ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2016 жылғы 18 қазандағы № 32 өкіміне енгізілетін өзгерістер
1. 2-тармақтағы "12" деген цифр "13" деген цифрмен ауыстырылсын.
2. Көрсетілген өкімге № 1 қосымшада:
а) бірінші баған мынадай мазмұндағы 9-позициямен толықтырылсын:
"9. Металлургия технологиялары және жаңа материалдар";
б) екінші баған мынадай мазмұндағы 12-позициямен толықтырылсын:
"12. Металлургия технологиялары және жаңа материалдар".
3. Мынадай мазмұндағы № 13 қосымшамен толықтырылсын:
"Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2016 жылғы 18 қазандағы № 13 өкіміне ҚОСЫМША |
"Металлургия технологиялары және жаңа материалдар" еуразиялық технологиялық платформасының ПАСПОРТЫ
1. Құрылтайшылар:
"Минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталық" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы);
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Ашық типтегі Ұлттық нанотехнологиялық зертхана" шаруашылық жүргізу құқығындағы еншілес мемлекеттік кәсіпорны (Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы);
Армения Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Физика зерттеулері институты (Аштарак қаласы, Армения Республикасы);
"Беларуссия Ұлттық ғылым академиясының материалтану жөніндегі ғылыми-практикалық орталығы" мемлекеттік ғылыми-өндірістік бірлестігі (Минск қаласы, Беларусь Республикасы);
"Беларуссия Ұлттық ғылым академиясының Физика-техникалық институты" мемлекеттік ғылыми мекемесі (Минск қаласы, Беларусь Республикасы);
"Беларуссия Ұлттық ғылым академиясының Біріккен машина жасау институты" мемлекеттік ғылыми мекемесі (Минск қаласы, Беларусь Республикасы);
Ұнтақ металлургия мемлекеттік ғылыми-өндірістік бірлестігі (Минск қаласы, Беларусь Республикасы);
Ресей ғылым академиясының Жер қойнауын кешенді игеру проблемалары институты (Мәскеу қаласы, Ресей Федерациясы).
2. Мақсаттары:
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) металлургиялық технологиялар және жаңа материалдар алу саласындағы өнеркәсіптік және ғылыми-техникалық әлеуетін пайдаланудағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру;
инновациялық технологиялар мен бәсекеге қабілетті өнім жасау және оны мүше мемлекеттердің нарықтарында және әлемдік нарықта ілгерілету;
металлургия технологияларын және жаңа материалдарды тиімді пайдалану негізінде өнеркәсіптік және ғылыми-техникалық әлеуетті арттыру, мүше мемлекеттердің инновациялық дамуын жеделдету;
мемлекеттің, бизнестің, ғылымның, қоғамдық ұйымдардың күш-жігері мен ресурстарын металлургияның перспективалық технологиялары мен жаңа материалдар, солардың негізінде жоғары технологиялы және бәсекеге қабілетті өнімдер жасап, қызметтер көрсетуге және енгізуге шоғырландыру және үйлестіру;
жоғары технологиялы өнімнің әлемдік нарыққа шығуына жәрдемдесу мақсатында мүше мемлекеттердің технологиялық, ұйымдастыру және басқару ресурстарын біріктіру, мүше мемлекеттердің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
тұтыну нарығын қалыптастыру, мүше мемлекеттердің перспективалық металлургиялық технологиялар жасау мен енгізу және жаңа материалдар алу саласындағы халықаралық және салааралық кооперациясы мен коммерциялық байланыстарын дамыту.
3. Міндеттері:
бәсекеге қабілетті өнім жасау;
мүше мемлекеттер экономикаларының нақты секторының жаңа технологияларға деген қажеттілігін анықтау;
стандарттарды, техникалық шарттарды және жаңа материалдарға қойылатын техникалық талаптарды қалыптастыру негізінде стандарттардың бірыңғай саясатын әзірлеу;
инновациялық әзірленімдерді қолдау үшін мүше мемлекеттер компанияларының қатысуымен бірлескен кәсіпорындар құру;
мүше мемлекеттердің ғылыми-техникалық және инновациялық ынтымақтастығы нәтижелеріне мониторинг жүргізу.
4. Қызметінің негізгі бағыттары:
минералдық шикізатты қайта өңдеудің жиынтықтылығын арттыру;
рудалы және (немесе) техногендік кен орындарының баланстан тыс, қиын байытылатын минералдық шикізаты мен металлургия өндірістерінің қалдықтарын қайта өңдеу технологиялары;
ферроқорытпалар алу технологиялары;
жаңа материалдар алу технологиялары.".