Дірілтақтаны Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес сыныптау туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 28 ақпандағы № 31 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабы 1-тармағының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Негізгі компоненттерден (мотор рамасы, жұмыс тақтасы, дірілдеткіш, қозғалтқыш (электрлік немесе іштен жанатын), басқару тұтқасы) және қосалқы (опционалдық) компоненттерден (орталықтан тепкішті муфта, су багы, көлік доңғалағы, басқару тұтқасындағы басқару панелі, амортизациялайтын резеңке кілемше) тұратын, топырақты, асфальт жабындысын тығыздауға және нығыздауға, көшеге төсем салуға арналған, жанында жүретін оператормен басқарылатын өздігінен жүретін машинаны білдіретін дірілтақта сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1 және 6-негізгі қағидаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 8430 61 000 0 қосалқы позициясында сыныпталады.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады