Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабы 1-тармағының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Тазартылған және жылытылған ауаны беруге арналған, қара металдардан, "сэндвич" типтегі панельдерден жасалған және болат жақтауында желдеткіш, сүзгі және су арқылы жұмыс істейтін жылу алмастырғыш орналастырылған корпустан тұратын сумен электрсіз жылытылатын желдетуші ауа ағыны құрылғысы Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1-негізгі қағидасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 7322 тауар позициясында сыныпталады.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |