2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 45-бабына, Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 19-бабына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі №54 шешіміне қосымша) 8-ескертпенің екінші абзацы ", Оңтүстік Ляминск мұнай кенорны" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |