Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 30 қазандағы № 176 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 8-бабының 2-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі "Кедендік құжаттарды толтыру үшін пайдаланылатын сыныптауыштар туралы" № 378 шешіміне өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Өзгерістердің 1-тармағының "б" тармақшасында көзделген ережелер (осы Шешімге қосымша) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарда қолданылады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2018 жылғы 30 қазандағы
№ 176 шешіміне
ҚОСЫМША

Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. Кедендік төлемдер төлеу жөніндегі жеңілдіктер сыныптауышының 1.1-кіші бөлімінде (7-қосымша):

      а) ВС коды бар позиция "азаматтық жолаушылар самолеттеріне (ЕАЭО СЭҚ ТН 8802 40 002 2 коды)" деген сөздерден кейін ", және 2024 жылғы қаңтардан бастап 2025 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы аралықтағы кезеңде аталған мақсаттарда Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағына әкелінетін ЕАЭО СЭҚ ТН-нің 8802 40 003 5 қосымша позициясындағы азаматтық жолаушылар самолеттеріне қатысты" деген сөздермен толықтырылсын;

      б) АС коды бар позицицядан кейін мынадай мазмұндағы позицицямен толықтырылсын:

      "2019 жылы Беларусь Республикасында ІІ Еуропа ойындарына ЕИ"

      дайындық пен оны өткізу мақсатында 2018 жылғы 1 қаңтардан

      бастап 2019 жылғы 30 маусымды қоса алғандағы аралықтағы кезеңде

      әкелінетін акцизделетін тауарларды қоспағанда, тауарларға қатысты

      кедендік әкелу бажын төлеуден босату"

      в) НП коды бар позициядағы "2017" деген цифрлар "2018" деген цифрлармен ауыстырылсын.

      2. Құжаттар мен мәліметтер түрлерінің сыныптауышында (8-қосымша):

      а) 1-бөлім 01061 коды бар позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:

      "01065 Өсімдіктерді қорғау құралдарын және лабораториялық ауқымда

      зерттеулерге, сондай-ақ эталонды стандарт ретінде

      пайдаланылуға жататын қатты органикалық

      ластаушыларды әкелуге арналған қорытынды (рұқсат ету

      құжаты);

      б) 7-бөлім мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:

      "07040 Кеден баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндеттердің

      орындалуын қамтамасыз ету сертификаты";

      в) 8-бөлім 08036 коды бар позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:

      "08037 Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы

      7 қарашадағы № 139 шешімінде көзделген, еркін аймақ аумағынан

      Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының қалған

      бөлігіне Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып

      табылмайтын мемлекеттердің аумағы арқылы

      және (немесе) теңіз арқылы тасымалданатын Еуразиялық

      экономикалық одақ тауарларының мәртебесін растайтын

      құжаттар";

      г) 11002 коды бар позицияның 11-бөліміндегі "декларанттың" деген сөз алып тасталсын.

      3. Алынуы кеден органдарына жүктелген кедендік және өзге де төлемдерді төлеу ерекшеліктерінің сыныптауышында (10-қосымша) ВВ коды бар позициядағы "төлеуден ішінара шартты түрде босату" деген сөздер "ішінара төлеу" деген сөздермен ауыстырылсын.

      4. Әлем елдерінің сыныптауышында (22-қосымша):

      а) ВО коды бар позиция мынадай редакцияда жазылсын:

      "ВО БОЛИВИЯ (КӨПҰЛТТЫ МЕМЛЕКЕТ)";

      б) FM коды бар позиция мынадай редакцияда жазылсын:

      "FM МИКРОНЕЗИЯ (ФЕДЕРАТВТІ ШТАТТАР);

      в) IR коды бар позиция мынадай редакцияда жазылсын:

      "IR ИРАН (ИСЛАМ РЕСПУБЛИКАСЫ);

      г) KG коды бар позиция мынадай редакцияда жазылсын:

      "KG ҚЫРҒЫЗСТАН";

      д) КР коды бар позиция мынадай редакцияда жазылсын:

      "КР КОРЕЯ (ХАЛЫҚТЫҚ-ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ РЕСПУБЛИКА";

      е) MF коды бар позициця мынадай редакцияда жазылсын:

      "MF СЕН-МАРТЕН (ФРАНЦИЯЛЫҚ БӨЛІГІ)";

      ж) ТМ коды бар позициця мынадай редакцияда жазылсын:

      "ТМ ТҮРІКМЕНСТАН";

      з) VE, VG және VI кодтары бар позициця мынадай редакцияда жазылсын:

      "VE ВЕНЕСУЭЛА (БОЛИВАРИЯЛЫҚ РЕСПУБЛИКА)

      VG ВИРГИН АРАЛЫ (БРИТАНДЫҚ)

      VI ВИРГИН АРАЛЫ (АҚШ)".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады