Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібі туралы нұсқаулыққа өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 204 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 105-бабының 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 257 шешімімен бекітілген Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібі туралы нұсқаулықтың 15-тармағының 34) тармақшасы бесінші абзацтан (кестеден кейін) кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Егер декларант тауарларды шығарғаннан кейін тарифтік преференцияны қалпына келтіруді жоспарласа, 2-элементте кодтың орнына кеден баждарын төлеу бойынша жеңілдіктердің сыныптауышына сәйкес екі әріпті "ПВ" коды көрсетіледі.

      2. Осы Шешім Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің "Тарифтік преференцияларды қалпына келтіру жағдайлары мен шарттарын белгілеу туралы" шешімі күшіне енген күннен бастап, бірақ ерте дегенде осы Шешім ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады