Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы № 30 шешімі

      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:

      1.Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымша мынадай мазмұндағы 137 - 139-тармақтармен толықтырылсын:

      "137. Алдын ала сақтандыру шығару тәртібін бекіту.

      138. Трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жай-күйі және олардағы бәсекелестіктің жалпы қағидалары бұзылуының жолын кесу жөнінде қабылданатын шаралар туралы есепті дайындау тәртібін бекіту.

      139. Одақ туралы шарттың 76-бабының 3 – 5-тармақтарына сәйкес жол берілмейтін шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектісінің) келісімдер жасасу туралы, сондай-ақ оған қатысу туралы ерікті өтініші кезіндегі жауапкершіліктен босату тәртібін бекіту.".

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап, бірақ ерте дегенде 2019 жылғы 1 қазанда қол қойылған 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттама күшіне енген күннен кейін күшіне енеді.

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады