Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес "сиыр етінен жасалған котлет" ет жартылай фабрикатын сыныптау туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 16 сәуірдегі № 57 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабы 1-тармағының екінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Үйдегі ірі қара малдың сүйектен ажыратылған етін ұсақтау, қалыптау және мұздату жолымен алынған, тұз қосылмаған немесе тұз қосылған (өнімдегі тұздың жалпы құрамы 1,2 мас. % аз болған кезде), термиялық өңделмеген "сиыр етінен жасалған котлет" ет жартылай фабрикаты Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1 және 6- негізгі қағидаларына сәйкес Бірыңғай тауар номенклатурасының 0202 30 қосалқы позициясында сыныпталады.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады