Еуразиялық экономикалық одақтың цифрлық күн тәртібін іске асыру шеңберінде жобаға бастама жасау үшін құжаттар пакетіне қойылатын талаптар және осындай жоба паспортының нысаны туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 16 сәуірдегі № 58 шешімі

      Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2019 жылғы 1 ақпандағы "Еуразиялық экономикалық одақтың цифлық күн тәртібі шеңберінде жобаларды іске асыру механизмдері туралы" № 1 шешімінің 2-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қоса беріліп отырған:

      Еуразиялық экономикалық одақтың цифрлық күн тәртібін іске асыру шеңберінде жобаға бастама жасау үшін құжаттар пакетіне қойылатын талаптар;

      Еуразиялық экономикалық одақтың цифрлық күн тәртібі шеңберінде іске асырылатын жоба паспортының нысаны бекітілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2019 жылғы 16 сәуірдегі
№ 58 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Еуразиялық экономикалық одақтың цифрлық күн тәртібін іске асыру шеңберінде жобаға бастама жасау үшін құжаттар пакетіне қойылатын ТАЛАПТАР

      1. Осы құжат Еуразиялық үкіметаралық кеңестің "Еуразиялық экономикалық одақтың цифрлық күн тәртібі шеңберінде жобаларды іске асыру мезанизмдері туралы" 2019 жылғы 1 ақпандағы № 1 шешімінің 2-тармағына сәйкес әзірленді және Еуразиялық экономикалық одақтың цифрлық күн тәртібін іске асыру шеңберінде жобаға (бұдан әрі – жоба) бастама жасау үшін құжаттар пакетіне қойылатын талаптарды белгілейді.

      2. Жобаға бастама жасау үшін құжаттар пакетінің құрамына мынадай құжаттар кіреді:

      бизнес-кейс – Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2017 жылғы 11 қазандағы № 12 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың 2025 жылға дейінгі цифрлық күн тәртібін іске асырудың негізгі бағыттарын іске асыруға бағытталған міндеттерді жобаның қалай шешуге мүмкіндік беретінін сипаттайтын құжат, ол мынадай бөлімдерді қамтиды:

      жобаның қысқаша сипаттамасы;

      жобаның мақсаты;

      стратегиялық сәйкестік (басқа жобалар мен іс-шараларға тәуелділік, стратегиялық пайда);

      жоба нәтижелерін тұтынушылар;

      проблемалар мен күтілетін нәтижелер;

      бизнес-модель;

      б) жоғарғы деңгейлі іс-шаралар жоспары ("жол картасы") – іске асыру мерзімдері, күтілетін нәтижелері және жауапты орындаушылары көрсетіле отырып, жобаны іске асырудың негізгі кезеңдері сипатталатын құжат;

      в) тұжырымдамалық жоба – белгіленген талаптар мен шектеулер шеңберінде жобаның мақсаттарына, пайдалары мен тиімділіктеріне қол жеткізу үшін ұсынылатын шешім сипатталатын құжат, ол мынадай бөлімдерді қамтиды:

      жобаның қысқаша сипаттамасы;

      жобаның мақсаты;

      жоба шеңбері;

      негізгі нәтижелер;

      құрылымның сипаттамасы (құрылымдық қағидаттар, бизнес-құрылым, ақпараттық құрылым, қосымшалар құрылымы, технологиялық құрылым);

      қауіпсіздік аспектілері;

      г) техникалық-экономикалық негіздеме - жобаны іске асырудың экономикалық орындылығы есептеуді және ұсынылып отырған жобаның техникалық бағасын (қаржыландыру көздерін (бюджет және бюджеттен тыс қаражат) және қаражатты жұмсау бағыттарын көрсете отырып) қамтитын құжат, ол мынадай бөлімдерді қамтиды:

      жобаның қысқаша сипаттамасы;

      жобаның мақсаты;

      нарықты талдау;

      жобаның негізгі артықшылықтары;

      жобаны техникалық бағалау;

      жобаның шығындарын, ресурстарын, оның ішінде қаржылық, тиімділігі мен пайдасын есептеу және бағалау;

      жобалық қаржыландыру бойынша ұсынымдар;

      д) жоба өнімінің сипаттамасы – іске асырылу мерзімдері көрсетіле отырып, жобаның түпкі нәтижелері сипатталған құжат;

      е) жобаны іске асыру шеңберінде тараптардың өзара іс-қимыл нысанының сипаттамасы - жобаның негізгі қатысушылары мен мүдделі тараптарының өзара іс-қимылының нысандары мен рәсімдері сипатталған құжат.

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2019 жылғы 16 сәуірдегі
№ 58 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Еуразиялық экономикалық одақтың цифрлық күн тәртібі шеңберінде іске асырылатын жоба паспортының НЫСАНЫ

      ____________________________________ жобасының

      (жобаның атауы)

ПАСПОРТЫ

Бөлім

Мазмұны

1. Жобаның атауы
2. Жобаның мақсаттары мен негізгі нәтижелері
3. Жобаның нысаналы индикаторлары және нәтижелілік көрсеткіштері
4. Жоба шеңбері
5. Кемшіліктер, шектеулер, тәуекелдер
6. Жобаны іске асыру мерзімі
7. Жобаға қатысушылардың (соның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік органдарының) рөлдері мен жауапкершілігін бөлу
8. Жоба бойынша есептер (ұсыну кезеңділігі мен мерзімдері көрсетілген)
9. Меншік құқығы
10. Қаржыландыру көздері (бюджет, бюджеттен тыс) және көлемі



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады