Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 19-бабына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына ескертулерге (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің көлік саласындағы атқарушы биліктің уәкілетті органы" деген кестеде "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;
б) "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің өнеркәсіп саласында мемлекеттік саясатты әзірлеу және нормативтік-құқықтық реттеу жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын атқарушы биліктің уәкілетті органы" деген кестеде "Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;
в) "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің отын-энергетика кешені саласында мемлекеттік саясатты әзірлеу және нормативтік-құқықтық реттеу жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын атқарушы биліктің уәкілетті органы" және "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің жер қойнауын пайдалану саласында мемлекеттік қызметтер көрсету және мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын атқарушы биліктің уәкілетті органы" деген кестелерде "Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;
г) "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің ғарыш қызметі саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету және нормативтік-құқықтық реттеу жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын атқарушы биліктің уәкілетті органы" деген кестеде "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |