Сәндік косметикаға арналған құндақты Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес сыныптау туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 18 маусымдағы № 99 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабының 1-тармағының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қысым астында құю әдісімен пластмассадан әзірленген контейнерді білдіретін, бос жеткізілетін, кіріктірілген айнасы бар қақпақтан және негізден тұратын, ішкі жағы сәндік косметикалық өнімді орналастыру үшін әртүрлі бөлікшелерді қамтитын сәндік косметикаға арналған құндақ сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің негізгі 1-қағидасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 3923 тауар позициясында сыныпталады.

      2. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады