Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2019 жылғы 30 сәуірдегі № 4 шешіміне сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 29 мамырдағы "Еуропалық одақта (Еуропалық одақ елдерінде) шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін гербицидтерге қатысты демпингке қарсы баж енгізу арқылы демпингке қарсы шаралар қолдану туралы" № 90 шешіміне өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 18 маусымдағы № 104 шешіміне ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 29 мамырдағы № 90 шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. 4-тармақтың төртінші абзацы мынадай мазмұндағы абзацтармен ауыстырылсын:
"осы Шешімге № 3 қосымшада көзделген тізбеде көрсетілген өндірушілер өздері қабылдаған баға міндеттемелері шеңберінде, оның ішінде бағалық және сандық параметрлерді сақтай отырып, тұтынушылармен келісілген коммерциялық негізделген шарттарды және коммерциялық емес сипаттағы себептер бойынша гербицидтерді беруден бас тартуды болдырмауды ескере отырып, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің гербицидтерді тұтынушыларының мекенжайына гербицидтерді беруді жүзеге асыру қажеттігі туралы хабардар етілсін;
№ 5 қосымшаға сәйкес тәсілдерді басшылыққа ала отырып, осы Шешіммен бекітілген демпингке қарсы шараны қолдану шартымен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің гербицидтерді өндірушілерінің бағаларды негізсіз көтеруін болдырмау мақсатында Еуразиялық экономикалық одақтың нарығында гербицидтерге бағаларға мониторингті жүзеге асырсын;
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің гербицидтерді тұтынушылары мүдделерінің бұзылуы туралы мәселені қарау мақсатында, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің гербицидтерді өндірушілерінің бағаларды негізсіз көтеру фактілері анықталған жағдайда осындай фактілер анықталған күннен бастап 1 ай ішінде осы Шешіммен бекітілген демпингке қарсы шараны қайта қарауға бастамашылық жасасын.".
2. Осы Шешімге № 1 қосымшада:
а) кестенің екінші бағанындағы "Өзге де тауар белгілері бар гербицидтерді өндірушілер" деген сөздерден кейін "*" деген сілтеме белгісімен толықтырылсын;
б) "*" белгісі бар мынадай мазмұндағы сілтемемен толықтырылсын:
"*Гербицидтерді Армения Республикасының, Қазақстан Республикасының және Қырғыз Республикасының аумақтарына әкелу кезінде демпинге қарсы баж алынбайды.".
3. Осы Шешімге № 2 қосымша мынадай редакцияда жазылсын:
"Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 29 мамырдағы № 90 шешіміне № 2 ҚОСЫМША (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 18 маусымдағы № 104 шешімінің редакциясында) |
Демпинге қарсы шара қолданылмайтын гербицидтер түрлерінің ТІЗБЕСІ
1. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелген кезде:
молекулалық концентрациясы 25 г/л болатын пеноксулам бір әсер етуші заты бар гербицидтер;
молекулалық концентрациясы 500 г/кг болатын азимсульфурон бір әсер етуші заты бар гербицидтер;
молекулалық концентрациясы 100 г/л болатын цигалофоп-бутил әсер етуші заты және молекулалық концентрациясы 13,33 г/л болатын пеноксулам әсер етуші заты бар гербицидтер.
2. Беларусь Республикасының аумағына әкелген кезде:
"Атрибут" коммерциялық атауы бар гербицидтер;
"Конвизо 1" коммерциялық атауы бар гербицидтер;
"Алион" коммерциялық атауы бар гербицидтер;
"Гусар Турбо" коммерциялық атауы бар гербицидтер;
"Гусар Актив Плюс" коммерциялық атауы бар гербицидтер;
"Алистер Гранд" коммерциялық атауы бар гербицидтер;
"Комплит Форте" коммерциялық атауы бар гербицидтер;
"Аденго" коммерциялық атауы бар гербицидтер;
"МайсТер Пауэр" коммерциялық атауы бар гербицидтер;
"Секатор Турбо" коммерциялық атауы бар гербицидтер;
"Бетанал Эксперт ОФ" коммерциялық атауы бар гербицидтер;
"Бетанал МаксПро" коммерциялық атауы бар гербицидтер;
"Бандур Форте" коммерциялық атауы бар гербицидтер;
"Баста" коммерциялық атауы бар гербицидтер;
"Нопасаран" коммерциялық атауы бар гербицидтер;
"Нопасаран Ультра" коммерциялық атауы бар гербицидтер.
3. Қазақстан Республикасының аумағына әкелген кезде:
молекулалық концентрациясы 280 г/л болатын бромоксинил әсер етуші заты және молекулалық концентрациясы 280 г/л болатын 2,4-Д әсер етуші заты бар гербицидтер;
молекулалық концентрациясы 800 г/кг болатын ленацил бір әсер етуші заты бар гербицидтер;
су концентратында концентрациясы 72 % болатын 2,4-Д диметиламин тұзы бір әсер етуші заты бар гербицидтер;
молекулалық концентрациясы 40 г/л болатын хизалофоп-п-тефурил бір әсер етуші заты бар гербицидтер;
молекулалық концентрациясы 750 г/кг болатын этаметсульфурон-метил бір әсер етуші заты бар гербицидтер;
молекулалық концентрациясы 700 г/кг болатын пропоксикарбазон бір әсер етуші заты бар гербицидтер;
молекулалық концентрациясы 120 г/кг болатын феноксапроп-п-этил бір әсер етуші заты бар гербицидтер;
молекулалық концентрациясы 11,3 г/кг болатын йодосульфурон-метил-натрий әсер етуші заты, молекулалық концентрациясы 22,5 г/кг болатын тиенкарбазон-метил әсер етуші заты және молекулалық концентрациясы 135 г/кг болатын мефенпир-диэтил (антидот) әсер етуші заты бар гербицидтер;
молекулалық концентрациясы 80 г/л болатын феноксапроп-п-этил әсер етуші заты, молекулалық концентрациясы 7,5 г/л болатын тиенкарбазон-метил әсер етуші заты және молекулалық концентрациясы 30 г/л болатын мефенпир-диэтил (антидот) әсер етуші заты бар гербицидтер;
молекулалық концентрациясы 100 г/л болатын феноксапроп-п-этил әсер етуші заты және молекулалық концентрациясы 27 г/л болатын мефенпир-диэтил (антидот) әсер етуші заты бар гербицидтер;
молекулалық концентрациясы 750 г/кг болатын хлорсульфурон бір әсер етуші заты бар гербицидтер.
4. Қырғыз Республикасының аумағына әкелген кезде:
молекулалық концентрациясы 31,5 г/л болатын форамсульфурон әсер етуші заты, молекулалық концентрациясы 1 г/л болатын йодосульфурон-метил-натрий әсер етуші заты, молекулалық концентрациясы 10 г/л болатын тиенкарбазон-метил әсер етуші заты және молекулалық концентрациясы 15 г/л болатын ципросульфамид (антидот) әсер етуші заты бар гербицидтер;
молекулалық концентрациясы 23 г/кг болатын римсульфурон әсер етуші заты, молекулалық концентрациясы 92 г/кг болатын никосульфурон әсер етуші заты және молекулалық концентрациясы 550 г/кг болатын дикамба (диметиламин тұзы) әсер етуші заты бар гербицидтер;
молекулалық концентрациясы 240 г/л болатын оксифлуорфен әсер етуші заты бар гербицидтер;
молекулалық концентрациясы 104 г/л болатын галоксифоп-Р-метил әсер етуші заты бар гербицидтер;
молекулалық концентрациясы 330 г/л болатын флуроксипир әсер етуші заты бар гербицидтер;
молекулалық концентрациясы 500 г/кг болатын пропизамид әсер етуші заты бар гербицидтер;
молекулалық концентрациясы 600 г/л болатын метрибузин әсер етуші заты бар гербицидтер.
5. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 29 мамырдағы № 90 шешімі күшіне енгеннен кейін тіркелген (оның ішінде мүше мемлекеттің аумағында уақытша тіркеуге алынған) және қолдану объектісі мен әсер етуші заттары бойынша аналогы жоқ гербицидтер (препараттар), оны мүше мемлекеттің пестицидтерді мемлекеттік тіркеу саласындағы уәкілетті органы растайды.".
4. Осы Шешімге № 3 қосымшада:
а) екінші бағандағы 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2019 жылғы 23 мамырдағы № ДЗВР-130конф/AD-23";
б) екінші бағандағы 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2019 жылғы 17 мамырдағы № ДЗВР-125конф/AD-23".
5. Мынадай мазмұндағы № 5 қосымшамен толықтырылсын:
"Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 29 мамырдағы № 90 шешіміне № 5 ҚОСЫМША |
Гербицидтерге бағаны ықтимал негізсіз көтеру индикаторын айқындау ТӘСІЛДЕМЕЛЕРІ
1. Гербицидтерге бағаны ықтимал негізсіз көтеру индикаторы (бұдан әрі – баға индикаторы) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) гербицидтерді тұтынушылары мүдделерінің бұзылуы туралы мәселені зерттеудің орындылығын айқындау мақсатында есептеуге жатады.
2. Баға индикаторы сипаттамалары Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 29 мамырдағы № 90 шешімінде көзделген демпингке қарсы шаралар қолданылатын гербицидтердің сипаттамаларына ұқсас мүше мемлекеттер өндірушілерінің гербицидтеріне қатысты айқындалады.
3. Баға индикаторы:
а) өткен жылғы маусымға қатысты түпкі тұтынушы үшін мүше мемлекет өндірушісінің прайс-парақшасында көрсетілген, мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банкі белгілеген және прайс-парақ жарияланған күнге дейін 6 ай кезең үшін айқындалған орташа өлшемді бағам бойынша АҚШ долларындағы, ҚҚС-ны есепке алмағанда гербицидке баға;
б) ағымдағы жылғы маусымға қатысты түпкі тұтынушы үшін мүше мемлекет өндірушісінің прайс-парақшасында көрсетілген, мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банкі белгілеген және прайс-парақ жарияланған күнге дейін 6 ай кезең үшін айқындалған орташа өлшемді бағам бойынша АҚШ долларындағы, ҚҚС-ны есепке алмағанда гербицидке баға;
в) өткен жылғы маусымға қатысты түпкі тұтынушы үшін мүше мемлекет өндірушісінің прайс-парақшасы жарияланған күнге дейін 6 ай кезең үшін FOB (Шанхай) базасы негізінде China Price Monitoring Monthly Report деректері бойынша гербицидтерде бар әсер етуші заттарға АҚШ долларындағы орташа баға;
г) ағымдағы жылғы маусымға қатысты түпкі тұтынушы үшін мүше мемлекет өндірушісінің прайс-парақшасы жарияланған күнге дейін 6 ай кезең үшін FOB (Шанхай) базасы негізінде China Price Monitoring Monthly Report деректері бойынша гербицидтерде бар әсер етуші заттарға АҚШ долларындағы орташа баға;
д) гербицидтің шикізат түріндегі өзіндік құнында әсер етуші заттардың үлесін анықтайтын коэффициент;
е) өткен жыл үшін мүше мемлекетте пайызға шаққандағы инфляцианың деңгейі негізінде айқындалады.
4. Баға индикаторы (IND) мына формула бойынша есептеледі:
IND = (PriсeH1/PriceH0)/(1+KAI*(PriceAI1/PriceAI0–1))/(1+Infl),
мұнда:
PriceH1 – осы құжаттың 3-тармағының "б" тармақшасында көрсетілген көрсеткіш;
PriceH0 – осы құжаттың 3-тармағының "а" тармақшасында көрсетілген көрсеткіш;
KAI – осы құжаттың 3-тармағының "д" тармақшасында көрсетілген көрсеткіш;
PriceAI1 – осы құжаттың 3-тармағының "г" тармақшасында көрсетілген көрсеткіш;
PriceAI0 – осы құжаттың 3-тармағының "в" тармақшасында көрсетілген көрсеткіш;
Infl – осы құжаттың 3-тармағының "е" тармақшасында көрсетілген көрсеткіш.
5. Егер баға индикаторының мәні 1-ден көп болса, онда ол мүше мемлекет өндірушісінің гербицидтеріне ағымдағы баға белгілеуге талдау жүргізу үшін алғышарт болады.".