Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес шағын сыра қайнату орнын сыныптау туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 25 маусымдағы № 105 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабы 1-тармағының екінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Жартылай автоматты технологиялық желіні құрайтын, сыра дайындау бойынша жүйелі операцияларды орындайтын жабдықпен жабдықталған, жарманы үгітуге арналған диірменнен, жарма қоспасын сумен ысытуға және шырынды құлмақпен қайнатуға арналған сүзінді-қайнату қазандығынан, шырынды сүзуге арналған резервуардан, шырын мен суды суытуға арналған салқындатқыштардан, суды ысытуға арналған резервуардан, салқындату қабығы бар ферментациялауға арналған резервуардан, сыраның жетілуіне арналған жоғары қысымды резервуардан, сұйықтықты қайта айдауға арналған сорғылардан, шағын сыра қайнату орнының жабдығын басқару жүйесінен, желіні монтаждау үшін қажетті санда құбырлар, фитингтер, клапандар жиынтығынан тұратын шағын сыра қайнату орны сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1 және 6-негізгі қағидаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 8438 40 000 0 қосалқы позициясында сыныпталады.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады