2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 83 және 104-баптарына сәйкес және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2018 жылғы 6 желтоқсандағы №18 шешімін іске асыру мақсатында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:
1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер (бұдан әрі тиісінше - мүше мемлекеттер, Одақ) Еуразиялық экономикалық комиссиямен бірлесіп:
а) күші жойылды - Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 25.05.2023 № 3 (ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді) шешімімен.б) Одақтың ортақ газ нарығын қалыптастырудың екінші кезеңіне көшсін, мұның шеңберінде:
газ жеткізілімі бағыттары бойынша мүше мемлекеттер бәсекелесетін немесе өзара бәсекелесуі мүмкін үшінші мемлекеттерге газ тасымалдау мен жеткізілімі мәселелері бойынша мүше мемлекеттердің консультациялар жүргізуіне ықпал ету;
мүше мемлекеттердің аумағына газ жеткізілімі мақсатында Одақтың ортақ газ нарығында сатып алынған газдың үшінші елдерге қайта сатылуын болдырмайтын механизмдерді әзірлеу;
үшінші мемлекеттердің аумағынан шығатын газға қатысты Одақтың ортақ газ нарығын реттейтін актілердің қолданылуын болдырмайтын механизмдерді әзірлеу;
Одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыру туралы халықаралық шарт жобасын дайындау қажет;
в) күші жойылды - Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 25.05.2023 № 3 (ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді) шешімімен.Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 25.05.2023 № 3 (ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді) шешімімен.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:
Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан Федерациясынан