Экспресс-жүктерге арналған кедендік жолаушылар декларациясын толтыру тәртібіне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 14 қаңтардағы № 4 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі 105-бабының 5-тармағына және 260-бабының 3-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссияның Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 16 қазандағы № 158 Шешімімен бекітілген Экспресс-жүктерге арналған кедендік жолаушылар декларациясын толтыру тәртібіне өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешімге қосымшада көзделген өзгерістердің 2020 жылғы 1 қазаннан бастап күшіне енетін 2-тармағының екінші және үшінші абзацтарын, 3-тармағының екінші және үшінші абзацтарын қоспағанда, осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2020 жылғы 14 қаңтардағы
№ 4 шешіміне
ҚОСЫМША

Экспресс-жүктерге арналған кедендік жолаушылар декларациясын толтыру тәртібіне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. 15-тармақтың бірінші абзацындағы ", алушы (жалпы жүкқұжат бойынша) және кеден өкілі" деген сөздер "және алушы (жалпы жүкқұжат бойынша)" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. 23-тармақта:

      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Графада құжаттар мен мәліметтер түрлерінің сыныптауышына сәйкес құжаттың коды және егер тауарлар ЭЖКЖД берілгенге дейін уақытша сақтауға орналастырылған жағдайда, тауарлардың уақытша сақтауға орналастырылғанын растайтын құжаттың нөмірі көрсетіледі (Беларусь Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы үшін).";

      мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

      "Графа мынадай:

      егер тауарларды Одақтың кедендік аумағына әкелгенге дейін ЭЖКЖД берілетін болса, алдын ала кедендік декларациялау;

      тауарларды Одақтың кедендік аумағынан әкету жағдайында толтырылмайды.".

      3. 26-тармақта:

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-колонкада (ЭЖКЖД құрылымының тиісті деректемесінде) тауардың ЭЖКЖД бойынша реттік нөмірі және бөлу "/" белгісі арқылы тауардың жеке жүкқұжат бойынша реттік нөмірі көрсетіледі.";

      алтыншы абзац мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:

      "Көрсетілген мән үтірден кейін 2 таңбаға дейінгі дәлдікпен математикалық қағидалар бойынша дөңгелектенеді.".

      4. 29-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Жеке жүкқұжат бойынша өткізілетін тауарлардың мүше мемлекет валютасындағы жалпы құны және жалпы брутто салмағы туралы мәліметтер электрондық құжат түріндегі ЭЖКЖД-да – ЭЖКЖД құрылымының тиісті деректемелерінде, ал қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі ЭЖКЖД-да – ЭЖКЖД-ның тиісті графасының жеке жолдарында көрсетіледі.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады