Жүк тасымалдауға арналған моторлы көлік құралдары кабиналарының жекелеген түрлеріне қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 36 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 117 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 19-бабына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1.  Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасында (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) ЕАЭО СЭҚ ТН 8707 90 900 1 кіші қосалқы позициясының атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "– – – толық массасы 20 т артық жүктерді тасымалдауға арналған моторлы көлік құралдарын жинауға арналған кабиналар".

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 36 шешімімен бекітілген 2015 жылғы 29 мамырдағы Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімге сәйкес кедендік әкелу баждарының ставкалары қолданылатын жекелеген тауарлардың және осындай ставкалар мөлшерінің тізбесінде ЕАЭО СЭҚ ТН 8707 90 900 1 кодты позицияның атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "– – – толық массасы 20 т артық жүктерді тасымалдауға арналған моторлы көлік құралдарын жинауға арналған кабиналар".

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ ерте дегенде Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу шарты ретінде қабылданған міндеттемелерге сәйкес Қазақстан Республикасы Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифі баждарының ставкаларымен салыстырғанда неғұрлым төмен кедендік әкелу баждарының ставкаларын қолданатын тауарлардың және осындай баждар ставкалары мөлшерінің тізбесіне жүктерді тасымалдауға арналған моторлы көлік құралдары кабиналарының жекелеген түрлеріне қатысты өзгерістер енгізу туралы шешімі күшіне енгеннен кейін күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады