Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 22 қыркүйектегі № 122 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 13 қазандағы № 124 шешімі

      2014 жылғы 15 тамыздағы Көлік құралы паспортының (көлік құралының шассиі паспортының) және өздігінен жүретін машина мен техниканың басқа да түрлері паспортының бірыңғай нысандарын енгізу және электрондық паспорттар жүйелерін ұйымдастыру туралы келісімнің 3-бабының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Көлік құралдарының электрондық паспорттары (көлік құралдары шассиінің электрондық паспорттары) және өздігінен жүретін машиналардың және техниканың басқа да түрлерінің электрондық паспорттары жүйелерінің жұмыс істеу тәртібі туралы" 2015 жылғы 22 қыркүйектегі № 122 шешіміне өзгерістер енгізілсін.

      2. Көлік құралдарының электрондық паспорттары (көлік құралдары шассиінің электрондық паспорттары) және өздігінен жүретін машиналардың және техниканың басқа да түрлерінің электрондық паспорттары (бұдан әрі – электрондық паспорттар) жүйелерінің әкімшісі Армения Республикасының көлік құралдарын тіркеуді жүзеге асыратын уәкілетті органдары және Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Қырғыз Республикасының ұлттық операторлары үшін еркін (кедергісіз) айналым үшін электрондық паспорттардың үзінді көшірмелерін және тек электрондық паспорттар ресімделген көлік құралдарының тіркелгенін растауға арналған сервисті қолдану мүмкіндігін 2021 жылғы 31 наурызға дейін қамтамасыз етсін.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді және 2020 жылғы 1 қарашадан бастап туындайтын құқықтық қатынастарда қолданылады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2020 жылғы 13 қазандағы
№ 124 шешіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 22 қыркүйектегі № 122 шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. 1-тармақ "(бұдан әрі – Тәртіп)" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. 2-тармақта:

      а) "а" тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "а) 2021 жылғы 31 наурызға дейін көлік құралдарының паспорттарын (көлік құралдарының шассиі паспорттарын) Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Қырғыз Республикасының заңнамасында белгіленген нысан бойынша және қағидаларға сәйкес ресімдеуге рұқсат етіледі;";

      б) "б" тармақшасында "мүше мемлекеттің" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің (бұдан әрі – мүше мемлекет)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      в) "г" тармақшада:

      "тармақтың" деген сөз "тармақтың," деген сөздермен ауыстырылсын;

      "техниканың басқа да түрлерінің электрондық паспорттарына" деген сөздер "техниканың басқа да түрлерінің электрондық паспорттарына (бұдан әрі – электрондық паспорттар)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      г) мынадай мазмұндағы "е" тармақшасымен толықтырылсын:

      "е) 2020 жылғы 2 қарашадан бастап мүше мемлекеттерде жасап шығарылған көлік құралдары Ресей Федерациясында Тәртіпке сәйкес ресімделген электрондық паспорттары болған жағдайда ғана тіркеледі.

      Мүше мемлекеттерде айналымға шығарылған көлік құралдарына қатысты оларды Ресей Федерациясында тіркеу Тәртіптік 22-тармағына сәйкес ресімделген электрондық паспорттары болған жағдайда ғана мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген құжаттар негізінде жүзеге асырылады.

      Ресей Федерациясының уәкілетті органдары (ұйымдары) басқа мүше мемлекеттің көлік құралдарына (көлік құралдарының шассиіне) электрондық паспорттар ресімдеуді (мүше мемлекеттің көлік құралдарының (көлік құралдары шассиінің) электрондық паспорттарын ресімдеуді қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаған жағдайда) қамтамасыз етсін.".

      3. Мынадай мазмұндағы 31 – 33 тармақтармен толықтырылсын:

      "31. Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Қырғы Республикасының уәкілетті органдары ұлттық операторлар арқылы 2021 жылғы 31 наурызға дейін:

      а) электрондық паспорттар жүйелерінің әкімшісіне (бұдан әрі – әкімші) оның сұратуы бойынша кедендік құжаттар мен айналымға шығарылған көлік құралдарына (көлік құралдары шассиіне) қатысты Ресей Федерациясында көлік құралдарына (көлік құралдары шассиіне) электрондық паспорттар ресімдеу кезіндегі кеден органдарының кедендік шектеулері туралы мәліметтерді ұсынуды;

      б) әкімшіге электрондық паспорттар ресімделген көлік құралдарына қатысты жасалған Тәртіпке № 3 қосымшаның 12-тармағында көрсетілген тіркеу іс-қимылдары туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      32. Армения Республикасының уәкілетті органдары әкімшіге оның сұратуы бойынша:

      а) кедендік құжаттар мен айналымға шығарылған көлік құралдарына (көлік құралдары шассиіне) қатысты Ресей Федерациясында көлік құралдарына (көлік құралдары шассиіне) электрондық паспорттар ресімдеу кезіндегі кеден органдарының кедендік шектеулері;

      б) электрондық паспорттар ресімделген көлік құралдарына қатысты жасалған Тәртіпке № 3 қосымшаның 12-тармағында көрсетілген тіркеу іс-қимылдары туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      33. Армения Республикасының, Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Қырғыз Республикасының уәкілетті органдары 2021 жылғы 31 наурызға дейін көлік құралдарының еркін (кедергісіз) айналымы мақсатында электрондық паспорттар және (немесе) электрондық паспорттардың әзірлеуші ұйымның, әкімшінің немесе ұлттық оператордың мөрімен куәландырылған үзінді көшірмелері негізінде тіркеу іс-қимылдарын жасау мүмкіндігін қамтамасыз етсін.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады