Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес омыртқаны фиксациялаудың транспедикулярлық жүйесі мен оның жиынтықтауыштарын сыныптау туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 3 қарашадағы № 139 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабы 1-тармағының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Полиаксальді және моноаксиальді бұрамалардан, коннекторлардан, ілмектерден, біліктерден тұратын, жоғары биоүйлесімділіктегі титан құймасынан дайындалған, омыртқаның деформациясын түзету бойынша хирургиялық операциялар өткізуге, оның зақымданған бөліктерінің сынықтарын тұрақтандыруға арналған омыртқаны фиксациялаудың транспедикулярлық жүйесі сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің негізгі 1, 3(в) және 6-қағидаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 9021 10 900 0 кіші қосалқы позициясында сыныпталады.

      2. Жоғары биоүйлесімділіктегі титан құймасынан дайындалған, омыртқаның деформациясын түзету бойынша хирургиялық операциялар өткізуге, оның зақымданған бөліктерінің сынықтарын тұрақтандыруға арналған омыртқаны фиксациялаудың транспедикулярлық жүйесіне арналған:

      ұзына бойы бұрандалы және U тәрізді бұрылатын бастиегі бар (бойлық бұраманы орнатуға арналған ойығы және блоктайтын бұраманы орнатуға арналған ішкі бұрандасы бар) білік түріндегі полиаксиальді бұрамалардан;

      ұзына бойы бұрандалы және U тәрізді бастиегі бар (бойлық бұраманы орнатуға арналған ойығы және блоктайтын бұраманы орнатуға арналған ішкі бұрандасы бар) білік түріндегі моноаксиальді бұрамалардан;

      коннекторлардан және біліктерді орнатуға және фиксациялауға арналған тесіктері бар біріктіруші торап түріндегі әртүрлі пішіндегі ілмектерден;

      әртүрлі ұзындықтағы біліктерден тұратын жинақтауыштар сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің негізгі 1 және 6-қағидаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 9021 10 900 0 кіші қосалқы позициясында сыныпталады.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасы Төрағасының
міндетін уақытша атқарушы
В. Назаренко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады