Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес дивин (Divin) спирттік сусынын сыныптау туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 3 қарашадағы № 140 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабы 1-тармағының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Молдова Республикасында өндірілген этил спиртінің көлемдік үлесі 40 пайыздан төмен емес, емен бөшкелерде ұсталған дистилляттарға (жүзім шикізатынан өндірілген шарап материалын екі қайтара дистилляциялап алынған) қант шәрбатын, жұмсартылған суды және қант колерін қосып сыйымдылығы 2 л немесе одан төмен түтікшелерде купаждап дайындалған дивин (Divin) спиртті сусыны сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің негізгі 1 және 6-қағидаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 2208 20 290 0 кіші қосалқы позициясында сыныпталады.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасы Төрағасының
міндетін уақытша атқарушы
В. Назаренко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады