Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес трансформаторларға арналған кірмелерді сыныптау туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 24 қарашадағы № 152 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабы 1-тармағының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Май трансформаторының қақпағында немесе бүйірлік қабырғасында оларды электр желісіне қосу кезінде орамның ұшын енгізуге немесе шығаруға арналған арнайы тесікке орнатылатын, ішінде тоқ өткізетін металл өзегі бар өткізгіш фарфор изолятордан тұратын, 1000 В артық кернеуге есептелген трансформаторға арналған кірме сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1 және 6-негізгі қағидаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 8535 90 000 қосалқы позициясында сыныпталады.

      2. Май трансформаторының қақпағында немесе бүйірлік қабырғасында оларды электр желісіне қосу кезінде орамның ұшын енгізуге немесе шығаруға арналған арнайы тесікке орнатылатын, ішінде тоқ өткізетін металл өзегі бар өткізгіш фарфор изолятордан тұратын, 1000 В артық емес кернеуге есептелген трансформаторға арналған кірме сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасының 1 және 6 Негізгі түсіндіру қағидаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 8536 90 қосалқы позициясында сыныпталады.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады