Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабы 1-тармағының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Белсенді ашытқылардан және өсімдіктен алынған шикізаттың (мысалы, жүгері глютені) қайта өңделген өнімінен тұратын, жануарлар жемшөбіне қосуға арналған жемшөп қоспасы сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1-негізгі қағидасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 2309 тауар позициясында сыныпталады.
2. Кейін центрифугалап және кептіріп, ашытқы жасушаларын жоятын ферментативтік гидролиз арқылы алынған ашытқы сығындысынан тұратын, жануарлар жемшөбіне қосуға арналған жемшөп қоспасы сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1-негізгі қағидасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 2309 тауар позициясында сыныпталады.
3. Құрамында ашытқылардың негізгі қасиеттерін өзгертпейтін минералды заттары (мысалы, селен) бар белсенді емес ашытқылардан тұратын, жануарлар жемшөбіне қосуға арналған жемшөп қоспасы тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1-негізгі қағидасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 2102 тауар позициясында сыныпталады.
4. Белсенді емес ашытқылардан тұратын, жануарлар жемшөбіне қосуға арналған жемшөп қоспасы тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1-негізгі қағидасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 2102 тауар позициясында сыныпталады.
5. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |