Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 24 қарашадағы № 154 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 8-бабы 2-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі "Кедендік құжаттарды толтыру үшін пайдаланылатын сыныптауыштар туралы" № 378 шешіміне өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2020 жылғы 24 қарашадағы
№ 154 шешіміне
ҚОСЫМША

Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. Тауарларды кедендік декларациялау ерекшеліктерінің сыныптауышы (6-қосымша) ЗПЗ кодты позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:

"ПДЗ

Уақытша мерзімдік кедендік декларациялау (тауарларға арналған бір уақытша декларация бойынша жеткізулер аяқталған кезде тапсырылған және осындай тауарларға арналған уақытша декларация шеңберінде жеткізулердің аяқталғанын білдіретін тауарларға арналған толық декларация) (Ресей Федерациясы үшін)".

      2. Кедендік төлемдерді төлеу жөніндегі жеңілдіктер сыныптауышының (7-қосымша) 1.1-кіші бөлімінде:

      СБ кодты позиция "(СВ кодымен белгіленген тарифтік преференцияны қоспағанда)" деген сөздермен толықтырылсын;

      СБ кодты позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:

"2019 жылғы 25 қазандағы Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Сербия Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімге № 2 қосымшада белгіленген тарифтік квоталар көлемінде Сербия Республикасынан шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын төлеуден босату түріндегі тарифтік преференция

СВ";

      ГЯ кодты позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:

"Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің 2019-nCoV коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алуға және болдырмауға бағытталған шараларды іске асыруы мақсатында Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларға қатысты кедендік әкелу бажын төлеуден босату

КИ".

      3. Құжаттар мен мәліметтер түрлерінің сыныптауышы (8-қосымша):

      а) 1-бөлім 01341 кодты позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:

"01351

Жеке қорғану құралдарын, қорғану және дезинфекциялау құралдарын, медициналық мақсаттағы өнімдерді әкелу кезінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің уәкілетті органының (ұйымының) растауы (шешімі)";

      б) 10-бөлім 10060 кодты позициядан кейн мынадай мазмұндағы позициялармен толықтырылсын:

"10061

Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 205-бабының 5-тармағына сәйкес кеден органы белгілеген мерзімнің аяқталу күні (Беларусь Республикасы үшін)

10062

Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 213-бабының 6-тармағына сәйкес кеден органы белгілеген мерзімнің аяқталу күні (Беларусь Республикасы үшін)".

      4. Өндіріп алу кеден органдарына жүктелген салықтар, алымдар мен өзге де төлемдер түрлері сыныптауышының (9-қосымша) 4.3-кіші бөлімі 4490 кодты позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:

"Картридждердегі, резервуарлардағы және электрондық сигареттерде пайдалануға арналған басқа да контейнерлердегі құрамында никотин бар сұйықтық акцизі

4500".

      5. Жеткізу шарттарының сыныптауышы (13-қосымша) мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:

"DPU

ЖҮКТІ ТҮСІРУ ОРНЫНА ДЕЙІН ЖЕТКІЗУ

Көрсетілген жүкті түсіру орны".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады