Қытай Халық Республикасында шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін коррозияға төзімді болаттан жасалған асүйлік және асханалық аспаптарға қатысты демпингке қарсы шаралардың қолданысын ұзарту және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 12 мамырдағы № 65 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 1 желтоқсандағы № 159 шешімі

      Үшінші елдерге қатысты арнаулы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 8 қосымша) 109-тармағына сәйкес сәйкес және Еуразиялық экономикалық комиссияның Ішкі нарықты қорғау департаментінің Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 19 мамырдағы № 56 шешімімен белгіленген демпингке қарсы шараларды қолдану мерзімінің өтуіне байланысты жүргізілген қайталап тергеп-тексеру нәтижелері бойынша дайындаған баяндамасының негізінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 19 мамырдағы № 56 шешімімен белгіленген Қытай Халық Республикасында шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін коррозияға төзімді болаттан жасалған асүйлік және асханалық аспаптарға қатысты демпингке қарсы шаралардың қолданысы 2025 жылғы 30 қарашаға дейін ұзартылсын.

      2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден ісі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдары:

      демпингке қарсы баждарды Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 19 мамырдағы № 56 шешімінде көзделген мөлшерде өндіріп алуды қамтамасыз етсін;

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 12 мамырдағы № 65 шешіміне сәйкес төленген (өндіріп алынған) демпингке қарсы баж сомасын демпингке қарсы баждарды алдын ала өндіріп алу үшін белгіленген тәртіпте демпингке қарсы баждың есебіне кіргізсін және сол баж төленген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің уәкілетті органының есебіне жатқызсын.

      3. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Қытай Халық Республикасында шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін коррозияға төзімді болаттан жасалған асүйлік және асханалық аспаптарға қатысты демпингке қарсы шаралардың қолданысын ұзарту туралы" 2020 жылғы 12 мамырдағы № 65 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады