Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 63-тармағына сәйкес және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің 2020 – 2021 жылдарға арналған макроэкономикалық саясатының негізгі бағыттары туралы" 2020 жылғы 19 мамырдағы № 6 шешімін орындау мақсатында:
1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің 2020 – 2021 жылдарға арналған макроэкономикалық саясатының негізгі бағыттарын іске асыру бойынша іс-шаралардың тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден макроэкономикалық саясатты жүргізген кезде тізбеде көзделген, мүше мемлекеттердің құзыретіне жататын бөлігіндегі іс-шараларды ескеру және оларды іске асырудың барысы туралы Еуразиялық экономикалық комиссияны хабардар ету сұралсын.
3. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің макроэкономикалық саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруға арналған іс-қимылдарына талдау жүргізсін және тізбеде көзделген, Еуразиялық экономикалық комиссияның құзыретіне жататын іс-шаралардың орындалуын үйлестірсін.
4. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан Федерациясынан
М.Григорян И.Петришенко А.Смаилов Э.Асрандиев А.Оверчук
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің | |
2020 жылғы 1 қазандағы № 21 өкімімен | |
БЕКІТІЛГЕН |
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің 2020 – 2021 жылдарға арналған макроэкономикалық саясатының негізгі бағыттарын іске асыру бойынша іс-шаралардың ТІЗБЕСІ
Негізгі бағыттарды іске асыруға арналған іс-қимылдар | Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің іске асыруына ұсынылатын іс-шаралар |
Еуразиялық экономикалық комиссия жүзеге асыратын іс-шаралар |
Күтілетін экономикалық нәтиже |
---|---|---|---|
1-бағыт. Макроэкономикалық тұрақтылықты ұстап тұру | |||
1. Баға және қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету |
баға мен қаржылық тұрақтылықты, сондай-ақ мемлекеттік қаржының тұрақтылығын сақтауға бағытталған ұлттық деңгейде шаралар қабылдау |
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде (бұдан әрі – тиісінше Одақ, мүше мемлекеттер) экономикалық дамудың тұрақтылығын анықтайтын макроэкономикалық көрсеткіштердің сандық мәндеріне Шарттың 63-бабында белгіленген мониторинг жүргізу | мүше мемлекеттердегі макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету |
2. Қаржы секторының үздіксіздігін қамтамасыз ету, операциялық тәуекелдерді азайту және кейбір қызметкерлердің қашықтықтан жұмыс |
мүше мемлекеттердегі қаржы секторының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қаржылық реттеушілердің шаралар қабылдауы | мүше мемлекеттер іске асырып жатқан шараларды талдау |
мүше мемлекеттердің экономикасын қаржы ресурстарымен үздіксіз қамтамасыз ету |
3. Қаржы секторының экономикаға ресурстар беру бойынша әлеуетін қолдау, |
қажет болған жағдайда қаржылық реттеушілердің шаралар қабылдау, соның ішінде нақты сектордағы кәсіпорындарға несие беруді қолдау үшін қосымша капиталды босатуға бағытталған пруденциалдық талаптарды жеңілдету түрінде шаралар қабылдауы | мүше мемлекеттер іске асырып жатқан шараларды талдау |
экономиканың нақты секторын қаржылық қолдауды қамтамасыз ету |
4. Төлем жүйелерінің үздіксіз қызметі кезінде оларға түсетін әкімшілік жүктемені жеңілдету | қажет болған жағдайда ұлттық деңгейде төлем жүйесінің операторларына, ақша аударымдарының операторларына және төлем инфрақұрылымы операторларына, ұлттық төлем жүйесінің субъектілеріне реттеуші және қадағалау жүктемесін оңтайландыру бойынша шаралар қабылдау | мүше мемлекеттер іске асырып жатқан шараларды талдау |
төлем жүйелерінің үздіксіз және тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету |
5. Тез төлемдер жүйесін пайдалануды қоса алғанда, тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) ақы төлеудің қолма қолсыз тәсілдерін көбірек пайдалануды, сондай-ақ банк көрсететін қызметтерді қашықтан алуды, соның ішінде қашықтан сәйкестендіру мүмкіндіктерін пайдалана отырып алуды ынталандыру |
қажет болған жағдайда ұлттық (орталық) банктер банктік операцияларда қашықтықтан қызмет көрсету арналары мен цифрлық қызметтердің қол жетімділігін арттыру және көтеру жөніндегі шараларды қабылдау | мүше мемлекеттер іске асырып жатқан шараларды талдау | қолма-қол ақшасыз төлемдер мен төлемдер үлесін көбейту |
6. Ұлттық валюталардың үшінші елдердің валюталарына қатысты бағамдарының құбылмалылығына байланысты бағаның негізсіз өсуіне жол бермейтін шаралар мониторингі және жедел қабылдау |
үшінші елдерден әкелінетін әлеуметтік маңызы бар тауарлардың резервтерін қалыптастыру үшін жағдайлар жасау, | мүше мемлекеттер іске асырып жатқан шараларды талдау | мүше мемлекеттерде баға тұрақтылығын ұстап тұру |
7. Экономика мен халықты қолдауға бағытталған кірістердің жетіспеушілігін жабу мақсатында бюджет кірістерінің қосымша көздерін қалыптастыру |
білім беру мүмкіндіктерін қарастыру және ұлттық экономиканың ерекшеліктері мен құрылымын ескере отырып, ұзақ мерзімді перспективада мүше мемлекеттердің бюджеттік жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған қосымша бюджеттік түсімдерді әзірлеу |
мүше мемлекеттер іске асырып жатқан шараларды талдау |
мемлекеттік басқару секторының шоғырландырылған бюджеті қаражаттарының жұмсалуын оңтайландыру |
8. Одақтың келісілген индикативті (болжамды) баланстары шегінде мүше мемлекеттер экономикасын энергия ресурстарымен сенімді қамтамасыз ету |
мүше мемлекеттің газ, мұнай және мұнай өнімдерінің индикативті (болжамды) баланстарын әзірлеу және оларды 2016 жылғы 22 сәуірдегі газдың, мұнайдың және мұнай өнімдерінің индикативті (болжамды) теңгерімдерін қалыптастыру әдістемесі туралы келісімде белгіленген мерзімде Комиссияға ұсыну |
Одақтың газ, мұнай және мұнай өнімдерінің индикативті (болжамды) баланстарын қалыптастыру және оларды мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары мүше мемлекеттердің экономикаларының қажеттіліктерін қанағаттандыру жөніндегі жұмыста пайдалану үшін Одақтың ресми сайтында жариялау |
мүше мемлекеттердің қажеттіліктерін қанағаттандыруға сенімділікті арттыру |
9. 7. Мүше мемлекеттердің ұлттық валюталарының өзара саудада пайдаланылуын кеңейтуді ынталандыру |
Одақ шеңберінде өзара сауданы жүзеге асыру кезінде есеп айырысуларды долларсыздандыру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу бойынша жоғары деңгейдегі жұмыс тобының қызметі шеңберінде ұлттық валютада есеп айырысуға көшу және есеп айырысуды долларсыздандыру жөнінде ұсыныстар дайындау |
Одақ шеңберінде өзара сауданы жүзеге асыру кезінде есеп айырысуларды доллырсыздандыру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін жоғары деңгейдегі жұмыс тобын құру және оның жұмысын ұйымдастыру |
мүше мемлекеттердің есептеулерінде ұлттық валюталардың үлесін арттыру үшін |
10. Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорының мүше мемлекеттерге макроэкономикалық тұрақтандыру мақсатында белгіленген тәртіпте несиелік көмек беруі, |
мүше мемлекеттердегі экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған шараларды жүзеге асыру бойынша Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорына ұсыныстар енгізу (бар болса) |
Еуразиялық тұрақтандыру және даму қоры мен Еуразиялық даму банкі шеңберінде жүзеге асырылатын шараларды талдау |
макроэкономикалық тұрақтандыру мақсатында қабылданған шаралардың тиімділігін арттыру, соның ішінде Еуразиялық тұрақтандыру және даму қоры мен Еуразиялық даму банкінің қаржылық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуының салдарын азайтуға бағытталған жобаларды іске асыру |
2-бағыт. Инвестицияларды қолдау және өсіру, Одақтың ғылыми-технологиялық және өндірістік әлеуетін дамыту үшін шаралар қабылдау | |||
1. Мүше мемлекеттерде жұмыс орындарын сақтап қалу және жұмыспен қамту деңгейін арттыру |
ұлттық экономикаларда жаңа тұрақты және уақытша жұмыс орындарын құру, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған жұмыс орындарының сақталуын қамтамасыз ететін мүше мемлекеттердің экономикалық субъектілерін қолдау бойынша шаралар қабылдау |
мүше мемлекеттер іске асырып жатқан шараларды талдау |
жұмыс орындарын сақтау, мүше мемлекеттерде жұмыспен қамтуды арттыру |
2. Табыстың төмендеуі жағдайында экономика салаларын қолдауға мұқтаж шағын және орта бизнес пен кәсіпорындарды салықтық және бюджеттік қолдау шараларын қабылдау |
экономика салаларын қолдауға аса мұқтаж шағын және орта бизнес пен кәсiпорындарға түсетін бюджеттiк ауыртпалықты азайту жөнiнде, оның iшiнде салық берешегi мен әлеуметтiк аударымдарды төлеу мерзiмдерiн (бөлiп-бөлiп) кейінге қалдыру, салық санкцияларын уақытша қолданбау, салық міндеттемелерін уақытылы орындамағаны үшін өсімпұлдарды есептемеу сияқты шараларды қолдану | мүше мемлекеттер іске асырып жатқан шараларды талдау |
экономика секторларын қолдауға мұқтаж шағын және орта бизнестің және экономика секторының аса кәсіпорындардың қаржылық тұрақтылығын қолдау |
3. Инвестициялық ахуалды жақсарту және мемлекеттік-жекеменшік әріптестік механизмін жандандыру үшін мүше мемлекеттердің бюджеттік қаражатын пайдалану тиімділігін арттыру |
мүше мемлекеттер бюджеттерінің инвестициялық шығыстарының айқындылығы мен тиімділігін арттыру бойынша шаралар қабылдау |
мүше мемлекеттер іске асырып жатқан шараларды талдау |
мүше мемлекеттерде инвестициялық процестерді жандандыру |
4. Мүше мемлекеттердің озық халықаралық практикасы мен тәжірибесін ескере отырып, инвестициялық саладағы әкімшілік және өзге де реттеуші рәсімдерді жеңілдету және (немесе) жою |
инвестициялық саладағы әкімшілік және басқа да реттеуші рәсімдерді талдау |
мүше мемлекеттердің инвестициялық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерін талдау |
мүше мемлекеттердегі инвестициялық процестерді қарқындату |
5. Инвесторларды қорғауға бағытталған мүше мемлекеттердің заңнамалық-құқықтық базасын жетілдіру |
инвесторлардың, соның ішінде басқа мүше мемлекеттер инвесторларының құқықтарын қорғауға бағытталған нормативтік құқықтық актілерді талдау |
мүше мемлекеттердің инвесторларды қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерін талдау |
мүше мемлекеттердегі инвестициялық процестерді қарқындату |
6. Денсаулық сақтау саласын ғылыми-зерттеуге және дамытуға мемлекеттік және жеке кәсіпорындардың инвестицияларын ынталандыру бойынша шаралар қабылдау |
орта мерзімді перспективада ғылыми зерттеулер мен денсаулық сақтау салаларына мемлекеттік бюджет шығыстарының үлесін біртіндеп ұлғайту мүмкіндігін қарастыру |
мүше мемлекеттер іске асырып жатқан шараларды талдау |
Одақтың ғылыми әлеуетін, соның ішінде денсаулық сақтау саласындағы әлеуетін дамыту |
7. Қосымша құнға, соның ішінде экономиканың жоғары технологиялық секторларында өндірістік -технологиялық тізбегін құрайтын кооперациялық жобалардың дамуына ықпал ету |
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2019 жылғы 28 мамырдағы № 21 өкімімен бекітілген жоғары деңгейлі жоспарға сәйкес "Еуразиялық өнеркәсіптік кооперация, қосалқы мердігерлік және технологиялар трансфері желісі" жобасын іске асыруды жалғастыру |
мүше мемлекеттер іске асырып жатқан шараларды талдау |
Одақта өндірістік кооперацияны дамыту |
8. Сандық қаржылық технологияларды дамыту және осы салаға инвестицияларды тарту | қаржы нарығына қатысушылардың сандық технологияларды қолдану аясын кеңейтуге ықпал ету | мүше мемлекеттер іске асырып жатқан шараларды талдау | қаржылық қызметтердің қол жетімділігін, сапасын және түрлерін арттыру |
3-бағыт. Тұрақты сұранысты сақтау, экспорттық мүмкіндіктерді кеңейту және өзара сауданы күшейту үшін жағдайлар жасау | |||
1. Кедергілерді жою, алып қоюлар мен шектеулерді азайту, сондай-ақ Одақтың ішкі нарығында жаңа кедергілердің пайда болуына жол бермеу | Одақтың ішкі нарығының ұлттық сегменттеріне өзара қол жеткізу үшін кедергілердің, алып қоюлардың және шектеулердің болуы туралы, сондай-ақ Одақтың ішкі нарығының жұмыс істеуіне кедергі келтіретін анықталған кедергілерді, алып қоюлар мен шектеулерді жою мүмкіндігі туралы ақпаратты Комиссияға жіберу |
Одақтың ішкі нарығының ұлттық сегменттеріне өзара қол жеткізу үшін кедергілерді, алып қоюларды және шектеулерді анықтау, сондай-ақ Одақтың ішкі нарығының жұмыс істеуіне кедергі келтіретін анықталған кедергілерді, алып қоюлар мен шектеулерді жою мүмкіндігін анықтау |
мүше мемлекеттердің өзара саудасының өсуі |
2. Мүше мемлекеттердің трансшекаралық нарықтарында әділ бәсекелестікті қамтамасыз ету және оны қорғау |
Одақтың құқығына кіретін актілерге бәсекелестіктің жалпы ережелерінің сақталуын бақылау бөлігінде өзгерістер енгізу туралы ұсыныстарды әзірлеу және Комиссияға енгізу |
Шартқа, Комиссияның бәсекелестіктің жалпы ережелерінің сақталуын бақылау мәселелерін реттейтін актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы, сондай-ақ 2019 жылғы 1 қазанда қол қойылған, 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттамада көзделген Комиссия актілерінің жобаларын әзірлеу арқылы Одақтың құқығын жетілдіру |
құқық қолдану практикасы мен монополияға қарсы реттеуді дамыту үрдістерін ескере отырып, бәсекелестіктің жалпы ережелерінің сақталуын бақылау механизмдері мен құралдарын жетілдіру |
3. Үшінші елдермен сауда-экономикалық қатынастарды дамыту, сондай-ақ өзара тиімді ынтымақтастық орнату және Одақтың экспорттық мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында негізгі аймақтық экономикалық қауымдастықтармен, халықаралық және аймақтық ұйымдармен жүйелі диалог құру |
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес тиісті шешімдер қабылдаған кезде Одақтың және оған мүше мемлекеттердің Мысыр Араб Республикасымен, Израиль мемлекетімен, Үндістан Республикасымен және Одақтың басқа да сауда әріптестерімен сауда келісімдерін жасасу жөніндегі келіссөздерге қатысуы |
Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңес тиісті шешімдер қабылдаған кезде Одақтың және оған мүше мемлекеттердің Мысыр Араб Республикасымен, Израиль мемлекетімен, Үндістан Республикасымен және Одақтың басқа да сауда әріптестерімен сауда келісімдерін жасасу бойынша келіссөздерді ұйымдастыру және жүргізу |
Одақтың және оған мүше мемлекеттердің Одақтың сауда әріптестері мемлекеттерімен сауда және инвестициялық ынтымақтастығын жандандыру |
4. Сыртқы нарыққа жоғары технологиялық өнімді экспорттау үшін басымдықты жағдайларды қамтамасыз ету |
мүше мемлекеттердің экспортты қолдау институттары арасындағы өзара іс-қимылдың тиімді форматтар туралы ұсыныстар дайындау |
мүше мемлекеттердің экспортты қолдау институттарының ақпараттық ресурстарын бірлесіп пайдалану форматтарын әзірлеу |
мүше мемлекеттердің өнімдерін үшінші елдердің нарықтарына экспорттау көлемін ұлғайту |
5. Өзара және сыртқы сауданы цифрландыру үшін қажетті жағдайлар жасау | мүше мемлекеттер мен үшінші елдер арасында электрондық сауданы дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау бойынша ұсыныстар дайындау |
мүше мемлекеттер мен үшінші елдер арасындағы электрондық сауданы дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу |
мүше мемлекеттердің өзара және сыртқы сауда көлемін ұлғайту |
6. Мүше мемлекеттердің көлік инфрақұрылымын үйлестіре отырып дамыту | Шығыс-Батыс және Солтүстік-Оңтүстік бағыттары бойынша мүше-мемлекеттердің аумағында көлік инфрақұрылымын үйлестірілген дамыту, соның ішінде Одақтың және Қытайдың "Бір белдеу - бір жол" бастамасымен қабыстыра дамыту | Шығыс-Батыс және Солтүстік-Оңтүстік бағыттары бойынша мүше мемлекеттердің аумақтарындағы көлік инфрақұрылымының дамуын үйлестіру және бақылау, соның ішінде Одақта тауарлардың жылжу ағымдарын қамтамасыз ету және мүше мемлекеттердің аумағы транзиті арқылы қамтамасыз ету мақсатында Одақ пен Қытайдың "Бір белдеу - бір жол" бастамасы аясында үйлестіру | жүк айналымының, жолаушылар айналымының, тауарлар мен жолаушыларды тасымалдау көлемінің өсуі |
7. Халықтың табысын ұстап тұруға және арттыруға, сондай-ақ экономикалық даму деңгейі мен халықтың табысы тұрғысынан мүше мемлекеттердің жақындасуының алғышарттарын жасауға бағытталған шараларды қабылдау |
халықтың табысын сақтауға, сондай-ақ күрделі эпидемиялық жағдайдағы жұмысы үшін қызметкерлерді ынталандыруға бағытталған шараларды қабылдау |
мүше мемлекеттердегі макроэкономикалық жағдай туралы және тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз ету жөнінде мүше мемлекеттердің экономикалық дамуы және халқының табыстары деңгейін бір-біріне жақындастыру туралы ұсыныстарды қамтитын баяндама әзірлеу |
мүше мемлекеттер халқының табыстарын арттыру |