Кедендік операцияларды электрондық түрде жасау кезінде көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттарда кеден органдарының белгілерін қоймау туралы

Жаңа

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2020 жылғы 17 шілдедегі № 5 шешімі.

      Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі – Одақ) мүше мемлекеттерде кедендік операцияларды электрондық түрде жасаудың талап етілуі туралы ақпаратты назарға ала отырып және оны кеңінен және тиімді қолдану мақсатында Еуразиялық үкіметаралық кеңес шешті:

      1. 2021 жылғы 1 наурыздан бастап кедендік операцияларды электрондық түрде жасаған кезде, көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де қағаз жеткізгіштегі құжаттарында, кеден органдарының белгілері қосымша түрде, мынадай жағдайларды қоспағанда, қойылмайды деп белгіленсін:

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 92-бабының 9-тармағына сәйкес тауарлардың Одақтың кедендік аумағынан кетуіне кеден органының рұқсатын ресімдеуі;

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 341-бабы 5-тармағының екінші абзацына сәйкес кеден органының сәйкестендіру құралдарын өзгертуді, құртуды, жоюды немесе ауыстыруды ресімдеуі;

      кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты белгіленген тауарларды тасымалдау маршрутын сақтауға байланысты кедендік операцияларды жасау;

      кеден органында техникалық іркілістерден, байланыс құралдарының (телекоммуникациялық желілердің және "Интернет" ақпараттық-телекоммуникациялық желісінің) жұмысындағы бұзушылықтардан, электр энергиясының ажыратылуынан туындаған кеден органдары пайдаланатын ақпараттық жүйелердің ақаулығына байланысты, сондай-ақ Одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген өзге де жағдайларда, тұлғаның кедендік операцияларды электрондық түрде жасауын қамтамасыз ету мүмкіндігінің болмауы;

      кеден органына тұлғаның көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттарға қағаз жеткізгіште, оның ішінде осы Шешімнің 2-тармағын ескере отырып, кедендік реттеу саласындағы заңнамадан басқа, Одаққа мүше мемлекеттер заңнамасының өзге де салаларының ережелерін сақтау қажеттілігіне байланысты кеден органдарының белгілерін қою туралы уәжді өтінішінің түсуі.

      2. Одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтері 2020 жылғы 1 желтоқсанға дейін көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттарды кедендік операциялар электрондық түрде жасалған жағдайда, кеден органдарының белгілері бар қағаз жеткізгіште ұсыну қажеттілігін болдырмау үшін кедендік реттеу саласындағы заңнамадан бөлек, Одаққа мүше мемлекеттер заңнамасының өзге салаларының ережелерін сақтау мақсатында, Одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасына өзгерістер енгізуді қамтамасыз етсін, және жұмыс нәтижелері туралы Еуразиялық экономикалық Комиссияны хабардар етсін.

      3. Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық үкіметаралық кеңеске осы Шешімнің 2-тармағын орындау бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижелері туралы 2021 жылғы 1 ақпанға дейін баяндасын.

      4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.


Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:

Армения
Республикасынан
 
 

Беларусь
Республикасынан
 
 

Қазақстан
Республикасынан
 
 

Қырғыз
Республикасынан
 
 

Ресей
Федерациясынан
 
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады