1. Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер әзірлеген және келіскен 2020-2021 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың бірлескен болжамдарын, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ауыл шаруашылығы өнімі, азық-түлік, зығыр талшығы, былғары шикізаты, мақта талшығы және
жүн бойынша сұранысы мен ұсынысының теңгерімдерін мүше мемлекеттер өзара сауда көлемін ұлғайту мақсатында пайдалануы үшін Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияласын.
2. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан |
Қазақстан Республикасынан |
Қырғыз Республикасынан |
Ресей Федерациясынан |