Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы қыркүйектегі № 122 шешімінің 2-тармағына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 26 қазандағы № 141 шешімі

      2014 жылғы 15 тамыздағы Көлік құралы паспортының (көлік құралы шассиі паспортының) және өздігінен жүретін машина мен басқа да техника түрлері паспортының бірыңғай нысанын енгізу және электрондық паспорттар жүйесін ұйымдастыру туралы келісімнің 3-бабының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 22 қыркүйектегі "Көлік құралдары электрондық паспорттары (көлік құралдары шассиі электрондық паспорттары) және өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспорттары жүйесінің жұмыс істеу тәртібін бекіту туралы" № 122 шешімінің 2-тармағының "в" тармақшасында "2021 жылғы 1 қарашаға дейін" деген сөздер "қоса алғанда 2022 жылғы 1 қарашаға дейін" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Беларусь Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинетінен және Ресей Федерациясының Үкіметінен 2022 жылғы 2 қарашадан бастап өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің тек электрондық паспорттарын ресімдеуге көшу жөнінде тәмамды шаралар қабылдауды қамтамасыз ету сұралсын.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді және 2021 жылғы 1 қарашадан бастап туындайтын құқықтық қатынастарда қолданылады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М.Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады