Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 105-бабының 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 28 тамыздағы "Тасымалдаушының тауар декларациясын пайдалана отырып, жедеғабыл жүк ретінде жеткізетін тауарларын кедендік декларациялау туралы" № 142 шешіміне өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Өзгерістердің (осы Шешімге қосымша) 1-тармағының "в" тармақшасында көзделген ережелер 2020 жылғы 1 ақпаннан бастап туындайтын құқықтық қатынастарда қолданылады.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 7 желтоқсандағы № 171 шешіміне ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 28 тамыздағы № 142 шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. 2-тармақта:
а) "а" тармақшасының үшінші абзацында:
"200" деген цифрлар "1000" деген цифрлармен ауыстырылсын;
"(ішкі тұтыну үшін шығарылатын кедендік рәсімге жатқызылған тауарларға қатысты, жалпы кедендік құн Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 136-бабының 2-тармағын ескере отырып айқындалады) не егер бұл Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделсе,- 1000 евро" деген сөздер алып тасталсын;
б) "б" тармақшасындағы оныншы абзацта "(Беларусь Республикасы үшін)" деген сөздер "немесе оларды төлеудің мерзімін ұзарту" деген сөздермен ауыстырылсын;
в) "г" тармақшасында:
бірінші абзацтағы "2020 жылғы 1 ақпан" деген сөздер "2022 жылғы 1 мамыр" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші және үшінші абзацтар "(Армения Республикасы, Қазақстан Республикасы және Қырғыз Республикасы үшін)" деген сөздермен толықтырылсын;
г) мынадай мазмұндағы "д" тармақшасымен толықтырылсын:
"д) егер бір жеке жүкқұжат бойынша орналасатын тауарлардың жалпы кедендік құны 200 евроға баламалы сомадан асып түссе, бұл жағдайда ішкі тұтыну үшін шығарылған кедендік рәсімге жатқызылған тауарларды орналастыру кезінде ЖЖТД 2023 жылғы 1 сәуірге дейін пайдаланылмайды (кедендік құн Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 136-бабының 2-тармағының ережелерін ескере отырып айқындалады).".
2. Көрсетілген Шешіммен бекітілген жедеғабыл жүктер үшін тауар декларациясын толтыру тәртібінде:
а) 30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"30. Жеке жүкқұжат бойынша барлығы (бруттоның жалпы салмағы, кедендік құны)" деген жолда (ЖЖТД құрылымының тиісті деректемелерінде) жеке жүкқұжат бойынша өткізілетін тауарлардың кеден органына ЖЖТД берілетін мүше мемлекеттің валютасындағы жалпы брутто салмағы және жалпы кедендік құны туралы мәліметтер көрсетіледі.
"Жедеғабыл-жүктерге арналған тауарлар декларациясы бойынша барлығы (бруттоның жалпы салмағы, кедендік құны)" деген жолда (ЖЖТД құрылымының тиісті деректемелерінде) кеден органына ЖЖТД берілетін мүше мемлекеттің валютасындағы, ЖЖТД-да мәлімделген барлық тауарлардың жалпы салмағы және кедендік құны туралы мәліметтер көрсетіледі.";
б) 31-тармақтың жетінші абзацында "/" белгісі "-" белгісімен, "және көрсетілген тауардың реттік нөмірі" сөздері "көрсетілген ЖЖТД бойынша тауардың реттік нөмірі және жеке жүкқұжат бойынша тауардың реттік нөмірі" сөздерімен ауыстырылсын.