Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 21 қыркүйектегі № 129 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 7 желтоқсандағы № 173 шешімі

      Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2021 жылғы 19 қарашадағы "Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 21 қыркүйектегі № 129 шешімін өзгерту туралы" № 11 шешіміне сәйкес және 214 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 16-бабы 3-тармағының негізінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 21 қыркүйектегі "Қытай Халық Республикасында шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін графиттелген электродтарға қатысты демпингке қарсы баж енгізу арқылы демпингке қарсы шара қолдану туралы" № 129 шешіміне өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2021 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 173 шешіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 21 қыркүйектегі № 129 шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. Кіріспе "2014 жылғы" деген сөздерден кейін "(бұдан әрі – Хаттама)" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. 3-тармақта:

      а) екінші абзацта:

      "Қазақстан Республикасы" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "(бұдан әрі - ұсынылатын тәсілдемелер)" деген сөздерден кейін "және оның нәтижелері туралы әрбір жарты жылдың қорытындысы бойынша Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасын хабардар етсін" деген сөздермен толықтырылсын.

      б) үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "ЭПМ – Новосибирск электрод зауыты" акционерлік қоғамы, "ЭПМ – Новочеркасск электрод зауыты" акционерлік қоғамы, "Донкарб Графит" жауапкершілігі шектеулі қоғамы ұсынылған тәсілдемелерді сақтамаған жағдайда, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің тұтынушысынан түскен ақпаратты ескере отырып, сондай-ақ осы Шешімнің 4-тармағында көзделген мониторингті ескере келіп, Хаттаманың 272-тармағына сәйкес қайталап тергеп-тексеру (қайта қарау) аяқталғанға дейін көрсетілген демпингке қарсы шараны қолданбауды көздей отырып, Хаттаманың 110-тармағына сәйкес осы Шешіммен белгіленген демпингке қарсы қайталап тергеп-тексеру (қайта қарау) жүргізу.".

      3. 5-тармақта "1 қаңтар" деген сөздер "1 сәуір" деген сөздермен ауыстырылсын.

      4. Аталған Шешімге № 2 қосымшада:

      а) атауындағы "Қазақстан Республикасы" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер" деген сөздермен ауыстырылсын;

      б) 1-тармақтағы "2021-2025 жылдар ішінде қолданылу кезеңімен" деген сөздер алып тасталсын;

      в) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстандық тұтынушыларға тікелей жеткізуді жүзеге асыру кезінде, соның ішінде графиттелген электродтарға бағаның негізгі шикізатқа (мұнай коксына) және (немесе) графиттелген электродтарға баға белгіленімдерінің өзгеру динамикасына тәуелділігін көздейтін формулалық баға белгілеу механизмдерін қолдану арқылы диаметрі 520 мм аспайтын графиттелген электродтарға қатысты ашық, бәсекелі және негізделген баға белгілеу қағидаттарын сақтау.";

      г) 3-тармақтағы "Қазақстан Республикасына" және "қазақстандық" деген сөздер алып тасталсын.

      д) 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Кез келген басқа жеткізілімдер алдында ұзақ мерзімдік шарттар бойынша диаметрі 520 мм аспайтын графиттелген электродтардың жеткізілімін басымдықты ету.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады