Көліктік (тасымалдық), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттарды тауар декларациясы ретінде пайдалану тәртібі туралы нұсқаулықтың 32-тармағына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 187 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 105-бабының 6-тармағына, 109-бабының 5-тармағына және 112-бабының 1-4 тармақтарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 263 шешімімен бекітілген Көліктік (тасымалдық), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттарды тауар декларациясы ретінде пайдалану тәртібі туралы нұсқаулықтың 32-тармағына өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді және 2021 жылғы 1 қазаннан бастап туындайтын құқықтық қатныастарда қолданылады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2021 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 187 шешіміне
ҚОСЫМША

Көліктік (тасымалдық), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттарды тауар декларациясы ретінде пайдалану тәртібі туралы нұсқаулықтың 32-тармағына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. Төртінші абзац "егер осы тармақтың бесінші абзацында өзгеше көзделмесе" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Егер көліктік (тасымалдық), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттар тауар декларациясы ретінде пайдаланылған және кеден органы 2021 жылғы 1 қазанға дейін тіркеген ТД өзгерістер енгізілген жағдайда және кедендік баждың, салықтардың, арнаулы, демпингке қарсы, өтемақылық баждың төленгені туралы мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізілетін тауарларға қатысты "Алдыңғы сома" бағанында осындай тауарларға қатысты осындай сомаларды есептеп шығару жүргізілген кеден құжатында көрсетілген кедендік баждың, салықтардың, арнаулы, демпингке қарсы, өтемақылық баждың іс жүзінде төленгені көрсетіледі.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады