Үшінші тараптардың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге және Еуразиялық экономикалық одаққа қатысты шектеу шараларының тізілімінің нысанын бекіту туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 15 ақпандағы № 26 шешімі

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2018 жылғы 14 қыркүйектегі № 76 шешімімен бекітілген Үшінші елдермен саудада шектеу шараларын жою мақсатында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер мен Еуразиялық экономикалық комиссия арасындағы өзара іс-қимыл тәртібінің 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қоса беріліп отырған Үшінші тараптардың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге және Еуразиялық экономикалық одаққа қатысты шектеу шараларының тізілімінің нысаны бекітілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2022 жылғы 15 ақпандағы
№ 26 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Үшінші тараптардың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге және Еуразиялық экономикалық одаққа қатысты шектеу шараларының тізілімінің НЫСАНЫ

      Үшінші тараптардың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге және Еуразиялық экономикалық одаққа қатысты шектеу шараларының тізілімі

Шараның Кодтық
белгіленімі

Үшінші тарап

Шараның сипаттамасы

Тауардың түрі

СЭҚ ТН коды

Шараның түрі

Шараның нысаны,
ақпарат көзі

Шараның қолданылу
мәртебесі

Шараның шектеу әсерін бағалау/ халықаралық міндеттемелерді бұзу белгілері

Бизнестің/ мүше мемлекеттің уәкілетті органының алаңдаушылығы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10











      Ескертпелер:

      1. 1-графада әріптік-цифрлық белгіленімнен тұратын шараның коды көрсетіледі.

      2. 2-графада Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекет, халықаралық ұйымдар немесе халықаралық интеграциялық бірлестіктер көрсетіледі.

      3. 3-графада үшінші тараптардың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге және Еуразиялық экономикалық одаққа қатысты шектеу шараларының сипаттамасы көрсетіледі.

      4. 4-графада өзіне қатысты шара қолданылатын тауар түрі көрсетіледі.

      5. 5-графада ЕАЭО СЭҚ ТН кодына толық сәйкес келетін кодты көрсету мүмкін болмаған кезде шектеу шарасын енгізген үшінші тараптың СЭҚ ТН коды көрсетіледі.

      6. 6-графада тарифтік емес шараларды халықаралық сыныптау негізінде айқындалатын шараның түрі көрсетіледі.

      7. 7-графада шара нысаны (нормативтік құқықтық акт (акт жобасы), қағида, рәсім, лауазымды тұлғалардың әрекеті (әрекетсіздігі) не өзге нысан)ғ сондай-ақ ақпарат көзіне сілтеме көрсетіледі.

      8. 8-графада мерзімін көрсете отырып (ақпарат бар болған кезде) үшінші тараптың шарасының қолданылу (қолданыстағы/қабылдау жоспарланған) мәртебесі көрсетіледі.

      9. 9-графа Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер өздеріне қатысты шара қолданылатын тауарлардың сыртқы сауда статистикасы бойынша деректер бөлігінде - Еуразиялық экономикалық комиссияның иелігіндегі мәліметтердің негізінде, өзге ақпарат бөлігінде - Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер беретін мәліметтер негізінде толтырылады.

      10. 10-графа Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер беретін мәліметтер негізінде толтырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады